Қазақстан тарихы пәнінен оқулық бойынша тест тапсырмалары

  • Жүктеулер: 27
  • Көрсетілім: 1414
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22491


8-сынып.Қазақстан тарихы.

1.XIXғ бірінші жартысында қазақтар тұрған елді мекендер қалай аталды?
А)болыс
Б)ауыл
В)уезд
2.Қазақтардың төбесі шошақ келген үйлерін қалай атады?
А)қалмақы
Б)қазақы
В)қырғыз үй
3.Қазақтардың қыста тұратын баспанасын қалай атаймыз?
А)киіз үй
Б)қыстау
В)қалың үй
4. «Нар» дегеніміз не?
А)киіз үй жабдығы
Б)Түйе
В)ағаштан салынған аласы орын
5.Аулада шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәріздес орын қалай аталды?
А)қора
Б)нар
В)шошала
6.Қазақтар үшін ең қасіретті кез қалай аталады?
А)қыс
Б)жұт
В)күзеу
7.Ең сұрапыл апатты жұт қай жылы болды?
А)1790
Б)1980
В)1880
8.Қазақтар шөпті немен шапты?
А)ағаш шалғымен
Б)темір шалғымен
В)соқамен
9.Балық аулау және оны теміржолмен жөнелту үшін Арал поселкесі қай жылы салына басталды?
А)1907
Б)1905
В)1910
10.Пұт неше кг –ға тең?
А)16,3кг
Б)15,5кг
В)10,5кг
11. Наурыз сөзі қай елдің «новруз» сөзімен мағыналас
А)түрік
Б)иран
В)парсы
12.Қазақ тарихында ұмытылмас балуан
А)Бөгенбай
Б)Балуан Шолақ
В)Наурызбай
13.Қазақ халқы табиғи шипалы шөптермен емдейтіндерді кім деп атады?
А)тәіп
Б)дәрігер
В)емші
14.Қазақтардың баланы жас кезінен атқа отырғызатыны туралы жазған неміс зерттеушісі
А)Г.Гаус
Б)А.Фрейн
В)А.Гейнс
15.Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмір сүрген жылдар?
А)1861-1948
Б)1872-1948
В)1871-1948
16. Қажымұқан Мұңайтпасұлының балуандық жолы қай жылы басталды?
А)1905
Б)1901
В)1902
17. Қажымұқан Мұңайтпасұлын Ресей қалай атады?
А)Қаһарлы Иван
Б)Қара Иван
В)Балуан Иван
18. Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Қазақ даласының батыры» атағын қай жылы алды?
А)1940
Б)1937
В)1927
19.Қазақтарда өз руластарынан құл ұстауына қандай заң тыйым салды
А)дала заңы
Б)әдет заңы
В)адам заңы
20. «Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті,бай болғандығы» туралы жазған зерттеуші
А)Ж.Көпейұлы
Б)А.Янушкевич
В)Н.Коншин
21.Мақалды жалғастыр: Батырдың күші-
А)білегінде
Б)айласында
В)дайындығында
22.Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне не кигізетін болған
А)шапан
Б)ілу
В)кит
23.Қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып
А)қымызашар
Б)қымызмұрындық
В)қымызалар
24.Мақалды тап: «...-әлемдегі ең қауіпті жау»
А)Ұрыншақтық
Б)Еріншектік
В)Жалқаулық
25. Қажымұқан Мұңайтпасұлы спорттық жолында неше медаль алған?
А)42
Б)48
В)46

9 сынып 3 тоқсан
1.КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны қанша болды?
А)2 млн 464 мың
Б)1 млн 400 мың
В)2 млн 500мың
2.1941 жылдың күзінде әкімшілік пәрменмен Поволжьеден Қазақстанға қанша неміс көшіріліп әкелінді?
А)350 мың
Б)460 мың
В)360 мың
3.1943 жылы қанша қалмақ Қазақстанға келді?
А)2168
Б)2268
В)2368
4.Қ.И.Сәтпаевқа көпжылдық еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық қай жылы берілді?
А)1942
Б)1945
В)1947
5. «Өмір мектебі» повесі кімнің еңбегі?
А)М.Әуезов
Б)Ғ.Мүсірепов
В)С.Мұқанов
6.25 жылға бас еркіндігінен айыырылған дарынды тарихшы
А)С.Мұқанов
Б)Е.Бекмаханов
В)А.Байтұрсынов
7.Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға неше млн –ға жуық адам қоныс аударды?
А)3 млн
Б)1млн
В)2 млн
8. «Абай » романы кімнің еңбегі?
А)М.Шаханов
Б)М.Әуезов
В)С.Мұқанов
9.1964-1986жж Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған қызметкер:
А)Д.Қонаев
Б)М.Кенбаев
В)С.Мұхамеджанов
10. «Жас тұлпар» ұйымын ұйымдастырушы
А)Мұрат Әуезов
Б)Олжас Сүлейменов
В)Мұхтар Әуезов
11.О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы қай жылы жарық көрді?
А)1945
Б)1975
В)1980
12.Қазақстан аумағында Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қашан қабылданды?
А)1990
Б)1986
В)1979
13.Ресми мәліметтер бойынша Семей полигонында 1949-1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуаты әртүрлі неше ашық жарылыс жасалған:
А)300
Б)115
В)113
14. «Байқоңыр» космодромы нешінші жылдан бері жұмыс істей бастады?
А)1957
Б)1960
В)1948
15.1965 ж соңында Қазақстандағы кеңшарлардың саны нешеге жетті?
А)1423
Б)1521
В)1653
16.1980 жылдары Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болып келетін екі облыс:
А)Атырау,Орал
Б)Қызылорда,Атырау
В)Маңғыстау,Ақтөбе
17.Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру ісі қай жылы қайтадан қолға алынды
А)1949
Б)1948
В)1946
18.1948ж республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі неше бала болған?\
А)120мың
Б)150мың
В)200 мың
19.Кезекті мектеп реформасы қай жылы басталды?
А)1984
Б)1986
В)1990
20.1980ж ортасында республикадағы ЖОО-ның саны нешеге жетті?
А)60
Б)55
В)25
21.Кімнің басшылығымен ғалымдар генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жетті?
А)Е.Букетов
Б)Ә.Марғұлан
В)М.Айтхожин
22. «Адамға табын,Жер,енді!» поэмасын жазған ақын:
А)О.Сүлейменов
Б)А.Жұбанов
В)М.Әуезов
22.Еліміздегі алғашқы этнографиялық оркестр құрып,ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған:
А)Н.Есқалиева
Б)Н.Тілендиев
В)Ә.Дінішев
23.1986жылы 16 желтоқсанда КОКП ОК-нің жиналысын кім жүргізді?
А)Д.Қонаев
Б)Г.Разумовский
В)В.Брежнев
24.Коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен қандай құпия жедел жоспар жасалған болып шықты?
А) «Қонаев-86»
Б) «Құйын-86»
В) «Бұрқасын-86»
25.С.Савицкийді өлтірді деген айып кімге тағылды?
А)Колбинге
Б)Қонаевқа
В)Рысқұлбековке




10.сын .3 тоқсан
1. «Жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»-деген ойды айтқан
А)В.Бартольд
Б)Н.Аристов
В)Ш.Уәлиханов
2.Ұлы жүздің таралған аймағы
А)Батыс Қазақстан
Б)Орталық,шығыс,солтүстік Қазақстан
В)Жетісу мен Оңт Қазақстан
3.Орта жүз тайпаларын тағы да қалай атаған
А)Жеті арыс
Б)Он екі ата байұлы
В)Алты арыс
4.Кіші жүз тайпалары неше үлкен тайпалар одағынан тұрады?
А)12
Б)6
В)3
5.Қазақ хандығының құрылған мезгілі?
А)1465-1466
Б)1656-1657
В)1565-1566
6.Қазақ хандығының ту көтерген жері
А)Сарыарқа
Б)Батыс Қазақстан
В)Жетісу
7.Әбілқайыр қаза болған кез
А)1568
Б)1468
В)1646
8.Мұхамед Шайбани хан қай жылы қайтыс болды?
А)1710
Б)1610
В)1510
9.Бұрындық ханнан кейін таққа кім отырды?
А)Тахир
Б)Мамаш
В)Қасым
10. «Кіші Жәнібек» атанған хан
А)Қасым
Б)Тәуекел
В)Хақназар
11.Сарайшықта жерленген хан
А)Хақназар
Б)Тәуке
В)Қасым
12.Қадырғали би ол жөнінде:Хан біраз күн хандық құрды,бірақ патшалықтың сырын білмеді.деп жазған хан кім?
А)Тахир
Б)Тәуке
В)Хақназар
13.1537 біріккен моғол-өзбек қолдарымен болған қанды ұрыста тоғыз ұлымен опат болған хан
А)Мамаш
Б)Тоғым
В)Тәуке
14.П.Рычков қай хан туралы: Бұл хан хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес,Башқұрт елін,Қазан,Сібір және Астрахан,Хиуаны өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинады деп жазды
А)Тәуке
Б)Қасым
В)Хақназар
15.Жәңгір хан кімнің ұлы
А)Тәуке
Б)Есім
В)Хақназар
16.Халық «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп қай хан тұсындағы кезді айтты
А)Есім
Б)Жәңгір
В)Тәуке
17. «Жеті жарғы» қай ғасырда жазылды
А)19ғ
Б)15ғ
В)18ғ
18.Көне түркілердің ойлап тапқан және пайдаланған жазуы
А)Руналық
Б)Тибеттік
В)Скифтік
19.Скандинавия халықтарының тілі бойынша,сыры ашылмаған құпия жазу
А)скифтік жазу
Б)скандинавия жазуы
В)руна жазуы
20.Орта ғасырлардағы парсы жазуы
А)руна жазуы
Б)соғды жазуы
В)скиф жазуы
21.Махмұд Қашқари еңбегі
А)Оғызнама
Б)Құтты білік
В)Диуани лұғат ат-түрік
22.20 ғ Қорқытқа арнап орнатылған ескерткіш орнатылды,оның авторы кім?
А)Ж.Ыбыраев
Б)Б.Ыбыраев
В)Ә.Марғұлан
23. «Жапырағы жасыл жаутерек» толғау-жырының авторы
А)Доспамбет
Б)Шалкиіз
В)Сыпыра
24.Абылай ханның бас кеңесшісі
А)Сыпыра жырау
Б)Бұқар жырау
В)Бөгенбай батыр
25.Ахмет Иасауи еңбегі
А)Даналық кітабы
Б)Құтты білік
В)Түркі сөздерінің жинағы




10.сын .3 тоқсан д.тарих
1.XX ғасырдың басында Ауғанстан қандай шаруашылық бағытқа құрылған ел болды?
А)көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық
Б)отырықшы шаруашылық
В)жартылай көшпелі шаруашылық
2.Ауғанстанда ірі жер иелері мен көшпелі тайпаларды басқарушы хандар тұқымының мүддесін қорғайтындардың қатарындағылар кімдер деп аталынды?
А) «Жас ауғандықтар»
Б) «Ескі ауғандықтар»
В) «Ауған ақсақалдары»
3.Реформалық әрекеттерді жақтайтын топтарды Ауғанстан елі қалай атады?
А) «Реформашыл ауғандықтар»
Б) «Реформашылар»
В) «Жас ауғандықтар»
4.Ауғанстан елінің Хабиболла ханы қашан қаза болды?
А)1919 20 ақпан
Б)1920 20 қаңтар
В)1919 20 қаңтар
5.Кеңес-ауған достық келісіміне қай жылы қол қойылды?
А)1921 28 қаңтар
Б)1921 28 ақпан
В)1921 28 наурыз
6.1923 жылы қабылданған Ауғанстан елінің конституциясы қалай аталды?
А) «Негізгі күш»
Б) «Негізгі заң»
В) «Басты заң»
7.Ауғанстан елінде конституция жарияланғаннан кейін неше жылдық мерзімге шектелген әскери қызмет енгізілді?
А)6 ай
Б)1 жыл
В)3 жыл
8. Ауғанстанның солтүстік аймақтарында түрікмен және тәжік тайпаларының қарсылық қозғалысы нешінші жылы болды?
А)1928
Б)1930
В)1938
9.Нәдір Шах Ауғанстанның билеушісі болып қай жылы жарияланды?
А)1928
Б)1939
В)1929
10.30-шы жылдары, Иран тағына отырған Реза хан, қай елмен жақындасуды жөн көрді?
А)КСРО
Б)Англия
В)Германия
11.Иран тағында отырған Реза шах патша тағынан бас тартқан соң оның орнына кім отырды?
А)Ұлы
Б)Інісі
В)Ағасы
12.Иран Германияға қай жылы соғыс жариялады?
А)1943 9 қыркүйек
Б)1944 8 қыркүйек
В)1945 8 тамыз
13. 20ғ Үндістан қай елдің отары болды?
А)Германияның
Б)Англияның
В)КСРО-ның
14.Үндістандағы Мұсылман Лигасы атты партия қашан құрылды?
А)1905
Б)1907
В)1906
15.1905 жылы Үндістанның жаңа вице-корольі кім?
А)Минто
Б)Анни Безант
В)М.Ганди
16.Үндістандағы Анни Безант бастаған қозғалыс қалай аталды?
А) «Гомруль»
Б) «Азат Үндістан»
В) «Хинду махасабха»
17.Үндістанда 400-600 мыңға жуық жұмысшылар мен шаруалар қатысқан ереуілдер қай жылдары болды?
А)1921-1922
Б)1920-1921
В)1921-1923
18.Ганди,Дж.Неру,С.Бос қай жылы қамалып,сотталды?
А)1940
Б)1930
В)1935
19.Тынық мұхит соғысы қай елдердің арасында болды?
А)Германия-Үндістан
Б)Үндістан-Англия
В)Жапония -АҚШ
20.20 ғасырда Азиядағы араб елдері қай империяның отарлары болып саналды?
А)Египет
Б)Түркия
В)Осман
21.1882 жылы Египетті басып алған ел?
А)Англия
Б)Германия
В)Қытай
22.Франция 1920 жылы «Ұлы Ливан » аталатын мемлекетті бөлшектеп жаңадан қандай мемлекет құрды?
А)Сирия
Б)Латвия
В)Литва
23.Сауд Арабиясы Германияға қай жылы соғыс жариялады?
А)1942
Б)1945
В)1944
24.Сирия мен Ливан Германияға қай жылы соғыс жариялады?
А)1945
Б)1944
В)1943
25.Араб мемлекеттерінің Лигасы қай елдерден тұрды?
А)Тәуелсіз араб елдерінен
Б)Тәуелді араб елдерінен
В)Сауд Арабия,ОМан,Біріккен Араб Әмірліктерінен Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан тарихы пәнінен оқулық бойынша тест тапсырмалары Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Биманова Айгерим Асылбековна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar