Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1746
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 29/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18218


Қазақстан тарихы 8 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға реформаның алғышарттарын ашып көрсету.1822 жылғы қабылданған Сібір қазақтары туралы жарғының мазмұны нәтижесінде болған өзгерістер туралы ашып көрсету.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімдік: Жүйелі ойлауға,өз ойын ашық айтуға оқулықпен жұмыс жасауға дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Ойлау дағдыларын қалыптастыру,сұрақтарға тез жауап беруге,өзпікірін еркін жеткізуге дамыту.
3. Тәрбиелік міндет: Оқушыларды ұлт жандылылыққа, еліне жеріне,деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі :ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығы картасы.
2.»ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы» карта.
3 ҚР әкімшілік картасы.
4 Интерактивті тақта, слайдтар.
5. Тірек – сызба.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, дәстүрлі сабақ (аралас сабақ)
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қызығушылығын ояту.
3.Үй тапсырмасын тексеру «Кім жылдам?»
1.Қорытындылау,қайталау,сұрақтары.
1) ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекеттер (Жоңғар мемлкеті)
2)Қазақ жандығынының «Ақтабан шұбырынды жылдары»болған жылдары?(1723-1727ж.ж)
3)Қалмақтарға қарсы «Аңырақай шайқасы »болған жыл.(1729ж)
4)Қалмақ қырылған шайқасы болған өзеннің аты?(Бұланты өзені 1726 ж)
5)Орбұлақ шайқасы болған қазіргі жер аты?(Алматы обылысы, Жаркент Панфилов ауданында Орбұлақ қырқасында )
6) Жоңғар хандығы қашан құрылды? (1635 ж)
7) Жоңғар хандығының тарих сахнасынан жойылған жылы? (1758 ж)
8) ХVІІІ ғасырдың І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы хан? (Әбілхайыр)
9) Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781ж)
10) Кіші жүз Ресей билігін қашан мойындады? (1731 ж)
11) Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі болған, ерлігін жырлаған жырау? (Бұқар)
12) Абылайдан кейінгі орта жүздің ханы кім болды? (Уалихан)
13) Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған жылдар? (1783-1797 ж.ж)
14) Хандық басқару билігі қалай берілді? (мұрагерлікпен)
4. Ой толғаныс.
5.Жаңа сабақ
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.
1.1773-1775 жж Орта жүзде басқаруды 3. Қазақстанда хандық
Е.Пугачев бастаған өзгерту тәртібін биліктің әлсірегенін
шаруалар соғысына қажет етті көрсетті
қатысуы

2. 1783-1797жылы 4.Қазақ хандары
Сырым бастаған 5. 1781 жылы Абылай патша үкіметінің
көтерілістің билеп- дүние салды. басқаруына қарсы
төстеу саясатына Уәли (1781-1791 ж) хан болды. шыға алмады.
қарсылығы. Бөкей (1815-1817 ж) орта жүзге
хан сайланды.
Орта жүзден хан сайланбады.
I Сібір қазақтарының жарғысы
Сібір қазақтары туралы жарғы Мақсаты:

Орта жүзге арналды.
1822 жылы қабылданды.
Дайындаған: М.М.Сперанский.
Кейін желтоқсаншы Г.С.Батеньков -Қазақстанның солтүстік- шығыс өңірін
әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
-рулық- феодалдық тәртіпті әлсірету.
Қазақстанда 3 буынды әкімшілік жүйе енгізілді.
Төменгі әкімшілік бөлініс - Ауыл –басқарушысы ауыл старшыны. 3 жылға
сайланады. 50-70 шаңырақ кіреді.
Орта әкімшілік бөлініс - Болыс – басқарушысы болыс сұлтаны.Мұрагерлік
жолмен өмірлік болды. 10-12 ауылдан тұрады.
Жоғарғы әкімшілік бөлініс - Округ - басқарушысы аға сұлтан. 3 жылға
сайланады.15 -20 болыс кіреді.
Жарғы бойынша сот істері 3-ке бөлінді.
Қылмыстық Талап ету Болыстық басқармаға шағым айту
II Орынбор қазақтарының жарғысы
Дайындаған:Орынбор генерал- губернаторы П.К.Эссен
1824 жылы қабылданды.Кіші жүзде хандық билікті жою.
Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы
1801 жылы Бөкей хандығы құрылды. Еділ мен Жайықта.
1845 жылға дейін кіші жүзде хандық билік сақталды.
Бекіту:
1. Қазақстанда хан билігін жоюдың негізгі себептерін атаңдар.
2.»Сібір қырғыздары туралы жарғы бойынша» патша үкіметінің көздеген басты мақсаты қандай еді?
3. 1844 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» бойынша қазақтардың өмірінде қандай өзгерістер болды?
Қорытынды: Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені ол соңғы 300 жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. 200 жылға жуық патшалық Ресейдің отары болды. Ал кеңес мемлекетінің құрамында болған соңғы 75 жылда дербестік пен тәуелсіздіктен мүлде айырылды. Бұл күнде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70 - тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 1.§ 17. 2. Сәйкестендіру картасы

Тлеуова Шолпан Аманжоловна
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№ 20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп
тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлеуова Шолпан Аманжоловна

Жамбыл облысы Меркі ауданы № 20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar