Қазақстандағы тас дәуірдегі тұрақтар

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 256
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23145


Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Мектеп:
Көбенсай орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бирлиг Озат
Сынып: 5 Қатысқандар саны: 9
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.2.1. еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау
5.2.2.1. археологиялық ескерткіштерді сипаттау
Сабақ мақсаттары - Тас дәуіріндегі ескерткіштерді анықтаймыз
- Археологтар тапқан еңбек құралдарын сипатаймыз
Бағалау критерийлері


Білу және түсіну: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтарын зерттеген ғалымдар жайлы біледі және «артефакт» терминінің мәнін түсінеді.
Қолдану: Тас дәуірінің тұрақтары қай жерде болғанын картадан тауып көрсете алады
Сыни ойлау: Тас дәуіріне жататын еңбек құралдарының табиғи және қолдан жасалғанын ажыратып салыстыра біледі

Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдыларын дамытып, арнайы - пәндік ғылыми тілдің оқытылуын қалыптастыру. Оқушылар:
1. Сөйлеу дағдыларына қатысты өз пікірлерін рәсімдейді, зерттеу нәтижелерін қорғайды, мәтінмен жұиыс жасайды
Пәндік лексика мен терминология:
Нуклеус –дөңгелек өзектастан жасалған алғашқы адамның еңбек құралы.
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Зерттеуші археологтың аты Қазақстанның қай аймағын зерттеді? Қандай тұрақтарды ашты? Ескерткіш қай кезеңге жатады? Қандай олжалар табылды?
Х.Алпысбаев
А. Медоев

Құндылықтарды дарыту

Тарих пәніне және тарихи жәдігерлерге деген «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады Тәрбие.орг сайтынан Қазақстандағы тас дәуірдегі тұрақтар Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бирлиг Озат

Уәлиханов ауданы Көбенсай орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar