Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары
  • 30.09.2016
  • 168 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19552

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (26.7Kb)

Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары

Сабақтың мақсаты: Қазақ жерінің Ресей империясынның құрамына кіруінің алғы шарттары, сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, жоңғарлардың басқыншылық саясаты, қазақ халқының жағдайынының нашарлауы, қазақ халқының Ресей империясының құрамына енуіне себеп болғандығы туралы білімге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, АКТ, топтық.
Пән аралық байланыс:ДЖ тарихы синергизм, математика, әдебиет.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасы
«Алтын қақпа» ойыны. 1-топ. «Хандар». 2-топ. «Батырлар». 3-топ «Билер».
«Алтын қақпа» ойыны
Топ атауы
Тас қақпаның сұрағы:
Күміс қақпа
Алтын қақпа ойыны

«Хандар» тобына
Қазақ хандығы қашан құрылды және оның құрылуына не себеп болды? (1465-1466) Абылай ханның билікте болуы? (1771-1781)
Орбұлақ шайқасы туралы айтып беріңдер.

«Батырлар» тобына XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы неше сатыдан қаланды және осы сатыларды атаңдар? (7 - ауыл, ата-аймақ, ру, арыс, ұлыс, жүз, хандық) Есім ханның билік еткен жылдары? (1598-1613)
Қазақ хандығын-дағы салықтың түрлері?

«Билер» тобына
Қазақ хандығының құрылған жері және құрылғандағы адам саны? (Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу жерінде, 200 мың адам) Тәуке хан қай жылдары билік құрды? (1680-1715)
Қазақ хандығын-дағы билер кеңесінің қызметі қандай?

Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы.
2. Қазақ хандығының сыртқы саясаты.
3. Қазақ-орыс қарым-қатынастары.
4. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы.
1. Құрылтай – халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиылыс.
2. Сұлтан – Шыңғыс тұқымынан шыққан адамдарға берілген атақ.
3. Қара сүйек – қазақ ру-тайпаларынан шыққан адамдар қарасүйек аталған.
4. Қонтайшы – Жоңғар мемлекеті басшысының титулы.
Қазақ хандығы шығысында Ертістен батысында Еділге дейін, солтүстігінде Орал тауының далалы аудандарынан, оңтүстікте Бұхар Самарқанд жерлеріне дейін кең байтақ жерлерді алып жатты. Бұл аймақта үш жүздің құрамына енген 112 ру-тайпалар өмір сүрді.
1680-1715 жылдары Тәуке ханның ел билеген кезеңі, бұл кезде ел ішіндегі талас-тартысты тоқтата білді. Халық ауызында Тәуке ханның ел билеген кезеңі «Алтын ғасыр» немесе «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталған.
Тәуке хан қаза тапқаннан кейін Қазақ хандығы бытыраңқылыққа түсіп, әрбір жүз өз хандарын сайлап жатты. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-1740) басқарды, Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-1738), Күшік (1718-1750) хандар басқарды, кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр (1693-1748) 1723 жылы жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленеді.
Жоңғар мемлекетінің басына келген жас қонтайшы Себан-Рабдан (1663-1727) Қазақстанның оңтүстік аймақтарына көз тігеді. Олар Жетісу және Сыр бойындағы қалаларға тонаушылық әрекет жасайды, 1708-1710 жылдары аса ірі жоңғар шапқыншылығы басталады. Қазақтар ауыр талан-таражға түседі.
Қазақтың көрнекті билері мен батырлары жауға тойтарыс беру үшін 1710 жылы Қарақұмда құрылтай жиынын өткізеді, басқосуда Бөгенбайды қолбасшы етіп сайлайды.
1722 жылы Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алады. Шабуыл 1723 жылы басталады. Себан-Рабдан
70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп, қазақ өлкесін ойрандады. Ол ел аузында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен сақталған.
Қазақ және орыс халықтарының жақындасуына Ресей патшасы І Петр ерекше көңіл бөлген. Патша Шығысқа шығатын «Кілт пен қақпа» қазақ жері деп есептеп, ол Ресейдің қол астында болуы қажет деп тапқан. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты.
- Солтүстік-батыстан – башқұрттар;
- Солтүстіктен – Сібір казактары;
- Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары;
- Шығыстан – Жоңғария;
- Оңтүстік-шығыстан – Қытай.
Қазақ жеріне әсіресе, қауіп төндіргені - Жоңғар мемлекеті. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты:
- Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру;
- Қазақ жерін иемдену.
Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға қазақ жүздері де мүдделі болды. 1717 жылы қазақ-жоңғар арасындағы шайқас Аягөз жерінде болды, бұл шайқаста қазақ жауынгерлері саны жағынан басымдылығына қарамай жеңіліске ұшырады. 1726 жылы Бадам өзені бойындағы Ордабасы деген жерде екінші құрылтай өтеді. Нәтижесінде, бүкіл қазақ халқының екінші құрылтайынан рухтанған қазақ жасақтары Ұлытау жерін басып алуға жылжыған жоңғарларды 1726 жылы Шұбар теңізі жанында, Бұланты өзенінің бойында, 1728 жылы Қара сиыр деген жердегі шайқастарда ойсырата жеңеді.
Жоңғар басқыншыларына тағы бір ойсырата соққы берген жер – Алматы маңындағы Аңырақай деген жерде 1730 жылы шайқас болды. Осы шайқастан кейін аман қалған жоңғарлар қазақ жерін тастап, «Жоңғар қақпасы» арқылы біржолата өз жеріне қайтты.
ІV. Топтарға тапсырма беру.
1-тапсырма «Семантикалық карта» (4 минут)
Жылдар Оқиғалар Дұрыс+ Дұрыс емес-
1717 жыл Аягөз шайқасы. +
1663-1727 жылдар Жоңғар мемлекетінде Себан-Рабданның билікте болуы. +

1475 (1476) жыл Қазақ хандығының құрылуы. -
1643 жыл Орбұлақ шайқасы. +
1726 жыл Қарақұмда құрылтай жиыны өтті. -
1723-1727 жылдар
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». +
1693-1748 жылдар Әбілқайыр ханның ел билеуі. +
1710 жыл
Жиыннан кейін Бөгенбай хан сайланады. -
«Алтын ғасыр» немесе «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезең» Тәуке хан ел билеген кезеңде аталған.
+
1724 жыл
Әбілқайыр жоңғарларға қарсы күресте Түркістан түбінде жеңіліске ұшырайды +

2-тапсырма «Сәйкестілік тестісі» (3 минут)

Қазақ хандығын құрған сұлтандар Қозыбасы
«Қасым ханның қасқа жолы»
Тәуке хан,
Керей мен Жәнібек
Қазақ хандығының туын тіккен жер Созақ, Сығанақ, Сауран Сығанақ
«Жеті жарғы» Сырдария бойында
Қазақ хандығының орталығы Қасым хан

3 тапсырма. Тарихи сынақ хат (3 минут)
Қазақ және орыс халқының арасының жақындасуына Ресей патшасы ... ерекше көңіл бөлген. Ол ... шығу үшін ... теңізіне қалай көңіл бөлсе, Шығысқа шығу үшін де ... сондай көңіл бөлген. Патша Шығысқа шығатын ... қазақ жері деп есептеп, ол Ресейдің қол астында болуы қажет деп тапқан. Патша үкіметі ... осал жерін тауып, өзінің айтқанына көндіріп, айдауына жүргізуді ойластырады. Ол қазақ жеріне жағалай ... салып, дипломатиялық ықпалын нығайтуға тырысты. Патша үкіметі қазақ жері арқылы ... хандықтарымен, Солтүстік Кавказбен, ..., Иранмен, ..., Үндістанмен және басқа елдермен қарым-қатынас жасады. Керекті сөздер: І Петр, Еуропаға, Балтық, Қазақстанға, «кілт пен қақпа», Қазақ хандығының, бекіністер, Орталық Азия, Түркиямен, Ауғанстанмен.
Сөздермен жұмыс: Ресей – Россия – Russia. Шығыс – Восток – east. Патша – царь – king. Кілт – ключ – key. Қақпа – ворота – gate. Бекініс – укрепление – fortification.
V. Бекіту. «Анаграмма». Набес-Барнад, Рыйақлібә, Өлте иб, Дабаорсы, Риысрақа, йа-міле.
Себан-Рабдан (1663-1727) Жоңғардың жас қонтайшысы.
Әбілқайыр Билік еткен 1718-1748 жылдары.
Төле би
1663-1756 жылдары өмір сүрген ұлы жүздің биі.
Ордабасы

1726 жылы қазақ сұлтандары мен билерінің екінші құрылтай өткен жер.
Қара сиыр
1728 жылы жоңғарларға ойсырата соққы берген жер.
Елім-ай Қожаберген жыраудың әуені.
Қорытындылау. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығына көз тіккен сыртқы жаулар соның ішінде, Жоңғар шапқыншылығының әкелген зардабы тарихтағы маңызды оқиға саналады. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды», - деп Елбасымыз айтқандай, тарихты білу баршамыздың парызымыз деп, сабағымды қортындыладым.
VI. Үйге тапсырма: «Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары» мазмұнын айту.
VII. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атахан Қанат Аханұлы

"Өскемен қалалық әкімдігінің №1 орта мектебі" КММ Тарих және география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: kanatakhanulyvko
Көрсетілім: 168 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar