Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақ-жоңғар соғысы. Қазақстанның Ресейге бодан болуы
  • 20.02.2016
  • 816 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16493

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (294.0Kb)

5-сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер
Тақырыбы: “Қазақ-жоңғар соғысы.
Қазақстанның Ресейге бодан болуы”

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік:
Оқушыларға Жоңғар мемлекетінің құрылуы, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ елінің жағдайы, Ресейдің қол астына ену себебі, оның зардаптары туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Қазақ батырларының ерлігіне Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыдан баға беру және тарихи маңызын, жақсы жағы мен кері әсерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақ түрі: Зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: Деңгейлік тапсырмалар,сұрақ–жауап жұмысы, ішінара ізденіс жұмыстары, топтық жұмыстар, ойын түрлері.
Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты бейнефильм, портреттер, трек сызбалар, үнтаспада жазылған «Елім - ай» әні, слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, ән – әуез пәні, әдебиет.

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Н. А. Назарбаев .Бұл сөзде қаншама мағына жатыр.Ал балалар бұл сөзді мағынасын сіздер қалай түсіңесіздер?

1 - кезең. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық дайындық
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
1. Оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Сынып оқушыларын топтарға бөлу.

Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
Мақал-мәтелдер жалғасын табу.

Бірлік бар жерде………тірлік бар.
Бірліксіз істе…………. береке жоқ.
I-топ: “ Қазақ” тобы
II-топ: “Жоңғар”тобы

Оқушылар бүгінгі сабаққа дайындықтарын,көңіл-күйлерін қалай?
Рефлексия. Әр топтың көңіл-күйін анықтайық.
"Көңіл-күй шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап ал.

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
“Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран”

“Мен нені үйрендім”
Өткен тақырыпты қайталау арқылы үй тапсырмасын тексеру
А) “Кім көп біледі?”

Сұрақ бізден жауап сізден " Хан тағы" ойыны.



I-топ: “ Қазақ” тобы
Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? Жошы
II-топ: “Жоңғар” тобы
Аса маңызды мәселелерді шешу үшін не шақырылды? Құрылтай
I-топ: “ Қазақ” тобы
Шыңғысқанның үлкен ұлы? Жошы
II-топ: “Жоңғар” тобы
Қазақ хандарының тарихы қандай жылдар аралығын қамтыды? 1465-1847жж
I-топ: “ Қазақ” тобы
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек, Керей
II-топ: “Жоңғар” тобы

Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды? 1465-1466жж
I-топ: “ Қазақ” тобы
Қазақ Ордасын ұзақ жылдар билеген хан? Хақназар
II-топ: “Жоңғар” тобы
1841 жылы хандық билікті қолына алған Абылай ханның немересі ? Кенесары
I-топ: “ Қазақ” тобы
19 ғ-да қай елдің Қазақстанды отарлау саясаты хандық билікті түбірімен жойды? Ресей
II-топ: “Жоңғар” тобы
Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдеттік-құқықтық заң жинағын атаңдар? Жеті жарғы
I-топ: “ Қазақ” тобы
Дана әділдігімен атағы шыққан хан? Тәуке
II-топ: “Жоңғар” тобы
Салқам, Жәңгір, Әз Тәуке хандардың билік құрған кезеңі қай тайпаның шапқыншылығымен тұстас келді? Жоңғар

“Білім шыңына өрлейік”
І .Жаңа сабақ .
Оқу - инемен құдық қазғандай .
Мұғалім: Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі жөнінде өткен сабақтарда да аз айтылған жоқ. Бүгінгі сабақты бастамас бұрын, сендерге, Аңырақай шайқасына байланысты мынадай оқиға айтып бергім келеді. Аңырақай шайқасында 98 жастағы қарт әкесі Байжан биден бата алып,үлкендерден қалыспай 13-16 жас аралығындағы ер балаларды жиып, 1000 баладан топ құрған 15 жасар Сартайдың ерлігі тарихта аңыз болып жыр-дастанға айналды. Жоңғардың отты зеңбіректеріне қарсы найзағайдай жарқылдап жол салған 1000 баланың ерлігі, кеудесін отқа тосқан 13-16 жас арасындағы 600 жеткіншектің елі мен жері үшін өлімге бас тіккені ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

ІІ. Білімді қабылдауға даярлау.
Қызығушылықты ояту: «Жау жүрек мың бала» фильмінен бейнесюжет көрсетіледі. Бейнесюжет арқылы тақырыпты ашу. Осы бейне материалға сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасау. (Оқушылар бүгінгі сабақта ашылатын тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады)

Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақ тақырыбы: “Қазақ-жоңғар соғысы.
Қазақстанның Ресейге бодан болуы”

«Шапқыншылық» деген суық сөзге балама айтыңдар.
Көз жасы
Адам өлімі
Жетім бала
Жесір ана
Мүгедектер
Қираған ауыл
Аштық
Бірін - бірі жоғалту
Тұтқында болу
Сатқындық
Ерлік
Сенім
Патриоттық сезім
Қарулар т. б

Мұғалім: Балалар биыл біздің елде қандай атаулы мерейтойлар тойланып жатыр?

18 ғ. 30 ж-да балалар Ұлы Отан соғысы сияқты Отан соғысы болған. Қазақ хандығының 550 жылдық тарихында осынау шайқастың да өзіндік ерекше орны бар. Ол-тарихтағы осы қазақ- жоңғар соғысы.
Балалар ,осы қазақ хандығының 17-18 ғ. сыртқы саяси жағдайы тіптен ауыр еді. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты:
Солтүстік – батыстан - башқұрттар;
Солтүстіктен – Сібір казактары;
Оңтүстіктен - Қоқан, Хиуа хандықтары;
Шығыстан – Жоңғария;
Оңтүстік - шығыстан - Қытай.
үнемі қысым көрсетіп отырды. Ал басты қауіп шығыстан, яғни Жоңғар хандығынан төніп тұрды. Жоңғарлар - тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, дөрбент, хошоут, торғауыт сияқты батыс моңғол тайпаларының XVI ғасырдың II жартысында құрылған одағы болатын. Ал XVII ғасырдан бастап Жоңғар хандығы ретінде Орталық Азияның тарих сахнасына шыққан еді. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті.
Жоңғар қоңтайшыларының басты мақсаты:
-Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.
-Қазақ жерін иемдену.

Деңгейлік тапсырма: (тақырып мәтінің әр топқа бөліп қарастыру, талдау.)
Постер ( плакат )қорғайды.
1- топ "Жоңғар мемлекетінің құрылуы"
2-топ "Қазақстанның Ресейге қосылуы"

Топ басшыларына тапсырма:
Парақта 6 баспалдақты саты ілінеді. Әр баспалдақта 1710 жыл, 1713 жыл, 1718 жыл, 1723 жыл, 1729 жыл, 1731 жыл жазылып тұрады. Оқушылар тапсырмалар орындай отырып қазақ жеріндегі жоңғар шапқыншылығынан бастап, Қазақстан Ресей қол астына енгені туралы мәліметтер беру керек. Сабақ осы мәліметтер арқылы бекітіледі.
Мұғалім:
1723 жылы қазақ-жоңғар қатынасында қазақтар үшін аса қиын кезең басталды. Өйткені Қытай императоры Кансидің қайтыс болуын пайдаланып, жоңғарлар Қытаймен бітім жасайды. Осылайша жоңғарлар өздеріне Қытай тарапынан жасалып отырған қысым мен қауіпті тоқтатып, бытыраңқы қазақтарға қарсы барлық күштерін жұмылдыруға мүмкіндік алды. Бұл қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезең - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728) нәубетіне алып келген еді. Қазақ жұртының басына түскен нәубет жөнінде Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді: «... 1723 жылы қазақ, қалмақ болып жиылып соғысқанда, қалмақтың бастығы Цеван Рабдан қазақтың көбін қырып, қалғанын қуып жіберген. Сонда қазақтар аш-жалаңаш, жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі айтыпты: балалар, адам бастан кешкен жақсылықты қандай ұмытпаса, жаманшылық көргенін де сондай ұмытпау керек, біздің бұл көрген бейнетіміздің аты Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама болсын»,- дейді, мағынасы «табанымыз ағарғанша жаяу жүріп, көлді айналып жатқан күн» дегені және сол жолда айтылған қазақтың ескі өлеңі мынау:
Слайд: "Елім -ай". Мұғалім: Жоңғарларға қарсы соғыста алдыңғы қатарға қазақ батырлары шықты. Олардың қатарында Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Райымбек, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет сынды батырлар бар еді. Олардың ішінен ерек¬ше көзге түскені Бөгенбай батыр болды. Слайд: Батырлар.
Оқулықпен жұмыс. 73 бет. (Сызбаны толтыр. ) Мұғалім: Бірақ 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады. Ел билеушілері мен батырлар азаттық күреске жұмыла бастады. Қазақ халқының бірлігін нығайтуда елге беделді үш жүздің билері - Төле би (Төле Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек би (Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764), Әйтеке би (Айтық Байбекұлы (1644-1700) белсенді қызмет атқарды. Олар бір орталықтан басқарылатын Қазақ хандығын қалыптастыру жолында табанды күрес жүргізген мемлекет қайраткерлері болатын. Олардың ең басты мүддесі - қазақ халқы мен жерінің тәуелсіздігін сақтау еді. Сол тарихи сын сағатта Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748) ерекше көзге түсті.
Слайд : Әбілқайыр хан. Мұғалім: -Ресей басшылары Әбілқайыр тірі тұрғанда қазақ елін отарлай алмайтынын білген соң,оны өлтіруді ұзақ жылдар бой ұйымдастырды. Ақыры оның өлімін И.Неплюев жақсылап ұйымдастырды. Ресейдің осы арам пиғылын орындауға сатылған қазақ сұлтаны Барақ 1748 жылы Әбілқайырды Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын жерінде қапыда қарақшылықпен өлтірді. Өмір бой шайқас үстінде өткен Әбілқайырдың «Қайда қаза болсам, сонда жерлеңдер» деген өсиеті бойынша хан сол жерге жерленді. «Хан моласы» деп аталатын осынау киелі орын Торғай қаласынан сексен шақырым жерде, Ақтөбе облысының аумағында екені белгілі.Әбілқайыр қазақ арасынан алғаш Ресейге ант берген ісімен де тарихта қалады.
Оқушылармен топ бойынша шағын ой-қорыту жұмысын өткізу.
1- топ
1.Егерде 1722 жылы Канси өлмесе, қазақ хандығына Жоңғар хандығы соғыс ашар ма еді. Егер сен қазақтың ұлы ханы болсаң не істер едің?
Жауабы:Канси тірі болғанда да жағдай өзгере қоймаған болар еді деп ойлаймын ,себебі Қытай мен келісім жасасуға қалмақтар бар күштерін салар еді,қалай болғандада жоңғар қазақ жеріне көз тігіп,одан қайтуды ойлаған жоқ.Егер мен қазақ ханы болсам,қазақ ханы үшін жоңғарлар оңай жау болған жоқ,дегенмен халықтың жағдайын ойлап күш біріктіріп батырларды жігерлендіріп жауға қарсы шығар едім.

2.«Ақтабан шұбырынды ,алқакөл сұлама» кезінде ел асып кеткен қандастарымыз туралы не білесіңдер?
Жауабы:Қазіргі таңда Қазақсатн тәуелсіздігіг алған соң,өз Отанымызға көрші Моғолстанға,Қытайға ел асып кеткен қандас бауырларымыз оралып келуде,оларға барлық жағдай жасалуда.

2-топ:
1.Егер сен Ресей императоры болсаң, көрші халыққа қандай қатынас ұстанар едің?
Жауабы:Егер мен Ресей императоры болсам көрші халықтарға отарлау саясатын жүргізген кезде олардың да жағдайын ойлап,олардың да ой пікірлерімен санасар едім.

2. Ал қазір Қазақстанмен Ресей арасында қандай байланыс бар?

Сабақты бекіту:

Топ басшыларына сабақ барысында берілген тапсырмалар бойынша:

1710 ж
1713 ж
1718 ж
1723 ж
1729 ж
1731 ж

Қорытынды кезең.: 1-топ 2-топ



Деңгейлік тапсырмалар

1.Егерде 1722 жылы Канси өлмесе, қаза

Үйге тапсырма беру: § 14 оқу және мынадай сұрақтар арқылы жобалау жұмысын жасап келуге тапсырма беру.
Сұрақтар:
1. Әбілқайыр хан неліктен Ресей бодандығын мойындады?
2. Ресей империясының Қазақстанды өз бодандығына тезірек қабылдауының басты себебі неде?
3. Ресей империясы қазақ жеріне әскери бекіністерді не мақсатта салды?

V. Бағалау. Бағалау парағы арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ-жоңғар соғысы. Қазақстанның Ресейге бодан болуы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жантасова Айгуль Базарбаевна

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Ковыленка негізгі мектебі Тарих пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар
Көрсетілім: 816 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar