БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 394
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 02/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22933


БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

Ешенхан Бахыт
Қарағанды қаласы. №65 ЖББ ОМ

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе – білім»
М. Әуезов
Шебер сабақ барысы:
Кіріспе
Мектепте басты тұлға – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни қазіргі таңның басты мақсаты болып есептеледі.
Теориялық бөлім
Білу кезеңі
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т.б. белсенділік түрлері болады. Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді. Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т.б. белсенділіктер. Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Тапсырмалар пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Тапсырмалар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Тапсырма сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады. Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту үшін әр мұғалімге күделікті сабақ жоспарларын тыңғылықты әр оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып жасауға итермелейді (слайд 2).
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудың бірден-бір жолы сабақ жоспарларын Блум таксономиясы негізінде жасау. Ол жайлы не білеміз? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
*Жалпы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру үшін сабақ құрылымы қандай болу керек?
*Мұғалім-оқушы қатынасы қандай болғаны дұрыс?
Тренинг: «Құқық»
Екі топқа жұмсақ ойыншық жіберіп, жылдам арада кері қайтару керектігін ұсыну. Қорытындыда қай топ соңынан болды сол топты жеңімпаз деп жариялау.
Рефлексия: Осы тренинг туралы тыңдаушылардың ойларын білу. Сабақ қандай құрылымда болмасын үнемі оқушыларға тапсырмаларды орындатар алдында оның ережесімен таныстыру және әділ бағалау.
Тренинг: «Бұл кім?»
Топтардан екі тыңдаушыдан сыртқа шығару.
Бенджамин Самюэль Блумның суреті (слайд 3).
І топ тыңдаушыларына - бізге бұл кісінің нашар мінезді адам екені белгілі.
ІІ топ тыңдаушыларына - бізге бұл кісінің өте жайдары мінезді адам екені белгілі.
Ал, сіздер бұл кісі туралы қандай пікірдесіздер? Қай жақтан? Қандай мамандық иесі? Өмірде немен шұғылданған? Өмірі қалай өтті?
Рефлексия: Осы тренинг туралы тыңдаушылардың ойларын білу. Мұғалім оқушаға қалай бағыт берсе оқушы сол бағытта дамитынын есте сақтау керек.
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – берілген нысандарды олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Бенджамин Блум туралы өмірдерек (слайд 4).
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Түсіну кезеңі (слайд 5, қосымша 1)
Блум таксономиясының негізгі категориялары Таным мен ойлау деңгейі
Білу төмен (есте сақтау, қайталау)
Түсіну орта (есте сақтау деңгейіне қарағанда анағұрлым жоғары, сөзбен айту, түсіндіру, баяндау)
Қолдану орта (ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды қолдана білу)
Талдау жоғары (жасырын жәйттерді ашу, ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындау, фактілер мен олардың салдарының арасын ажырату)
Жинақтау жоғары (оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру)
Бағалау жоғары (оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру)
Тапсырма 1. Блум таксономиясы бойынша сұрақтарды тиісті категорияға сәйкестендіру. (Қосымша 2)
Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері
Білу және түсіну Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?
Қолдану Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?
Талдау Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?
Жинақтау Еге бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?
Бағалау Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?
Сабақ үлгісін көрсету 7 сынып, Қазақстан тарихы «Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек» (Қосымша 3, презентация)
Практикалық бөлім
Қолдану кезеңі
Мұғалімдерге ақылдаса отырып бір пәннен Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісін дайындау сабаққа жоспар құру тапсырылады. Топпен орындайды, қорғайды.
Тапсырманы орындауда топтар бір-бірін формативті бағалайды «бас бармақ».
Талдау кезеңі
Венн диаграммасын толтыру.
Дәстүрлі сабақ пен Блум таксономиясы негізінде құрылған сабақ.
Тапсырманы орындауда топтар бір-бірін формативті бағалайды «бас бармақ».
Жинақтау кезеңі
«Блум таксономиясын сабақта қолдану» тақырыбы бойынша ой жинақтау. SWOT-қа салу.
Бағалау кезеңі
Блум таксономиясын қолдану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда ең тиімді жол. Рөлдік ойын топтар тақырыпты жақтаушы және даттаушы ретінде ойларын ортаға салу.
Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі бойынша
Қызыл – мен бүгінгі ақпараттарды сабақта мүлдем қолданбаймын және болашақта да қолдануым керек деп есептемеймін.
Сары – мен мына ақпараттар бойынша әлі ізденуім керек және болашақта мен міндетті түрде сабағымның мына тұстарын өзгертемін.
Жасыл – менің алған ақпараттарым және ол мен үшін қажет. Тәрбие.орг сайтынан БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ешенхан Бахыт

Қарағанды облысы. Қарағанды қаласы. №65 ЖББ ОМ тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar