Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Энеолит дәуірінің тұрақтары
  • 04.12.2016
  • 106 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20330

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.6Kb)

6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Энеолит дәуірінің тұрақтары.
Мақсаты:
-Білімділік: Энеолит дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы тұрақтар мен еңбек құралдары, қоғамдық еңбек бөлінісі туралы білім беру.
-Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
-Дамытушылығы: Дәуірдің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Көрнекі құралдар: ҚР картасы, кестелер, суреттер.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, өзіндік жұмыстар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, назарларын
сабаққа аудару.
б) оқушыларды төрт топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Мыс-тас дәуірі қай жылдар аралығында өткен?
2. Адамдар мысты қолданысқа қалай енгізді?
3. Ең бірінші қолданған металл?
4. Ең алғаш металл өндірілген аймақ?
5. Адамдар мыс өңдеуді бұдан неше жыл бұрын үйренді?
6. Қоланы қалай алды?
7. Қазақстан аумағында ең алғаш мыс игеру қай өңірлерде қалыптасты?
8. Сол кезеңдегі Жезқазған өңірінде балқытылған мыстың көлемі қанша?
3. Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен жұмыс.
І-топ Топтастыру.
ІІ-топ. Тірек сызба
ІІІ-топ Венн диаграммасы

2.Тарихи диктант
1. Адамдар ---------- қанжар, балта, әйелдердің әшекей бұйымдарын және т.б. заттар жасады.
2. Мыс-тас дәуірі қоғамында -------- ірі өзгеріс орын алды.
3. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың- ------------------- пен --------------------------------- болып бөлінуі еді.
4. Адамның жасағаны, ойлап тапқаны бәрі------------------------ деп аталады.
5. Мыс-тас дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе -------------------------------------------------- құрайтын болды.
6. Осындай отбасылар----------------------------кірді, рулар-----------------бірікті.
7. Қазақстан аумағында энеолит дәуірінің жарқын ескерткіші - ---------------------------------------------------------------.
8. Бұл тұрақ -------------- жерді алып жатыр.
9. Ботай қонысынан --------------- жылқының сүйек қалдықтары табылған.
10. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы- ----------------------------------.
3. Кесте толтыру.
Тас дәуірінің кезеңдері Кезеңнің хронологиялық ауқымы Жаңалықтар мен өнертабыстар





IV. Бекіту: тест тапсырмасы орындалады.
1. Еңбек өнімі дегеніміз
а)адамның жасағаны,ойлап тапқаны
ә)адамның теріп әкелгені
б)егіншіліктің мал шаруашылығынан бөлінуі
2. Энеолит дәуірінде орнаған рулық қатынас
а)аталық ру ә)аналық ру б)тобырлық қауым
3. Энеолиттік ескерткіш
а)Шағалалы
ә)Сексеуіл
б)Ботай
4. Шебір елді мекені орналасқан өңір
а)Ертіс бойы
ә)Маңғыстау
б)Қаратау
5.Ботай қонысынан қанша тұрғын үй табылды
а)150 ә)100 б)158
6.70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған қоныс
а)Ботай қонысы
ә)Шебір тұрағы
б)Арқайым қонысы
7. Ыдыстарды әшекейлеу үшін пайдаланылған өрнек
а) ою тәрізді
ә) суреттер
б) тарақ тісі тәрізді
8. Энеолит дәуіріндегі ең бірінші пайдаланылған металл
а)мыс
ә)күміс
б)алтын
9. Б.з.б. 3- б.з.б 2 мыңжылдықтардың аралығының атауы
а)неолит
ә)палеолит
б)энеолит
10. Ең алғаш металл өндірілген аймақ
а)Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан
ә)Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстан
б)Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасын беру. Барлық тақырыптарды қайталап, тесті орындау Тәрбие.орг сайтынан Энеолит дәуірінің тұрақтары Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: tulegenovaaida81
Көрсетілім: 106 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar