Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы

  • Жүктеулер: 46
  • Көрсетілім: 761
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 01/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23430


Қысқа мерзімдік жоспарлау
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі Мектеп: С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі
Күні : 30.11.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Орынбай Ж
Сынып:5 Пәні:Қазақстан тарихы Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:-
Сабақтың тақырыбы Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме) 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сабақ мақсаты

«Наурыз» сөзінің мағынасын және неліктен тойланатынын біледі .
Көшпелілер үшін күн мен оттың маңызын сипаттайды.
Өз отбасында орындалатын салт-дәстүрлер туралы шағын әңгіме құрастырады

Бағалау критерийі Ежелгі көшпелілер жаңа жылды қалай тойлағанын анықтайды
Ежелгі көшпелі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды.
От пен күнге табынуға байланысты туған дәстүрлерді жіктейді
Көшпелілердің ежелгі дүниетанымының бүгінгі күнге дейін жеткенін түсінеді.
Өз отбасында қандай салт-дәстүрлер орындалатынын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсаттар
1. Өз отбасында қандай салт-дәстүрлер орындалатынын сипаттайды.
(айтылым дағдысы);
2. От пен күнге табынуға байланысты туған дәстүрлерді жіктейді
(жазылым дағдысы);
3. Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Салт-дәстүр,Наурыз мерекесі
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Бүгінгі күнге дейін жеткен көшпелілер салт-дәстүрлері...

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің қандай салт- дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылығы «Тарихтың , мәдениет пен тілдің біртұтастығы»
Пәнаралық байланыс Ана тілі, дүниетану
Алдыңғы білім Көшпелілердің материалдық мәдениеті
Жоспар
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы 7-минут
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал орнату
1,2,3 сандары арқылы топқа біріктіремін. Балалар сабаққа дайын болсаңыздар мына алдарыңыздағы 1,2,3сан арқылы 3 топқа бөлініп орнымызға отырайық.

1-топ Бірлік
2-топ Татулық
3-топ Ынтымақ


- Топтық жұмыс ережесін еске түсіру

М Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырамын.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырыптарға шолу жасау үшін «Хат келді» ойынын ұйымдастырамын. Оқушылар қағазға сұрақ жазып конвертке салады. Келесі топқа хат беріледі.Басқа топ мүшелері сұрақтарға жауап жазып кері қайтарады.


Сандар жазылған кеспе қағаздар

Конверт, қима қағаздар
Сабақтың ортасы 23-минут
Мәтін 1
Көшпелілер жаңа жылды қалай тойлаған?
Мәтінді оқып ,талқылау болған соң, «Бес саусақ» әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақтар дайындайды..

Дайындаған сұрақтарын А3 парағына жазып, топтар бір-біріне береді.Жауаптарын стикерге жазып , жапсырады.
Дескриптор Білім алушы
-қандай сұрағына құрастырады
-қалай сұрағына құрайды
-қашан сұрағына құрайды
-неге сұрағына құрайды
-неліктен сұрағына құрайды

Жұптық жұмыс .Сөйлесетін серіктес әдісі
Мәтін 2
Неліктен көшпелілер от пен күнге табынған?
Оқушылар мәтінді оқып танысқан соң, Т кестесіне отқа табынуға байланысты бұрынғы және қазіргі уакытта орындалатын дәстүрлер деп жіктейді
Дескриптор Білім алушы
-Т кестесінің сол бағанына отқа табынуға байланысты туған көшпелілер орындалған дәстүрлерді
-Т кестесінің оң бағанына отқа табынуға байланысты туған қазір орындалатын дәстүрлерді жіктейді

Кезбе тілші әдісі

Сұрақ
1.Отбасыңда қандай салт-дәстүрлер орындалады?
2.Олар қашан және не үшін жасалады?

Оқушылар алдымен жеке ойланып, шағын әңгіме құрастырады, жұпта талқылайды.Әр топтан бір «кезбе тілші» ,бір жазушы ерікті түрде шығып, басқа топтағы оқушылармен сұхбаттасады.Тілші сұрақ қояды, жазушы топтан ортақ идеяны жазып алады.Топтың ортақ идеясын оқып береді.
Дескриптор Білім алушы
1.Отбасыңда қандай салт-дәстүрлер орындалатынын анықтайды
2.Олар қашан және не үшін жасалатынын анықтайды

оқулық
А3 парағы ,«бес саусақ»

Маркерлер, стикерлер
Кеспе қағаздар
Сабақтың соңы 10-минут
Түйін сөз әдісі бойынша қорытындылау
Бүгінгі күнге дейін жеткен көшпелілер салт-дәстүрлері...
Кері байланыс
Кемшілік + Жетістік кестесі

Кемшілік + Жетістік
Сабақ барысында жіберген кемшіліктерін немесе өзіне қиын болған жағдаяттарды
жаз.
Бұл жерге сол кемшілігін түзеуге көмектескен немесе
жағдаяттан шығуға қол ұшын созған оқушыны, болмас бір оқиғаны жаз. Өзінің қол
жеткізген жетістігіңді жаз.



Рефлексия
Үйге тарсырма беру: Бүгінгі күнге дейін жеткен салт-дәстүрлер туралы қосымша мәліметтер жинақтау.


Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз ? Бағалау-сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
2.Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады • 1.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау.
• 2. Кері байланыс (ауызша)
• 3. Әрбір топқа қойылған сұрақтар мен талқылауларды бағалау
• 4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану
Психологиялық жағымды ахуал туызу.Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Сабақ бойынша рефлекция
Сабақ мақсаттары немесе оқу
мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу
мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта
саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді
пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма
жəне неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет? Тәрбие.орг сайтынан Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Орынбай Жайна

ОҚО Ордабасы ауданы,С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar