Германдық нацизм

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 581
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18924


Германия десе әрине жауыз, қатігез, әртүрлі пиғылдарымен әрекет ететін мемлекет есімізге түсетіні анық. Ең алғаш фашизді де, адам құқығына қатты шектеу қоюды да қолданған осы Германия болатын.
Фашизм-диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, І дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, националь – социалим аталуы.
«Фашизм» - еңбекшілерді басып – шаншу зорлық – зомбылықты шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам өмірін қатаң қадағалауды айтамыз.
Фашизмге тән белгілер мыналар: билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюін айтамыз.
Олардың қатарына:
• Демократиялық еркіндіктермен күрес;
• Адам құқығының қатты шектелуі, шовинизм;
• Расизм;
• Экстремистік ұлтшылдық;
• Элитаризм, әскери агрессияға талпыну;
Екінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Германия фашизмі жеңілді. Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында 1945 жылы мамырда Германияны төрт одақтас держава оккупациялады. Германияны оккупацияланған АҚШ, Ұлыбритания, Франция және КСРО мемлекеттері болды. Егер бірінші дүние жүзілік соғыстың барысында соғыс қимылдардан Германия шын мәнінде зардап шеккен жоқ, ал екінші дүниежүзілік соғыста ел дәл сипаттап айтқанда үгінді болып жатты.
Шығыс Пруссиядан және Одер мен Нейсе жерінен 9 млн неміс жер аударылды. Бұл онсызда қиын тұрғын үй проблемасын одан сайын қиындатып жіберді. Өмір сүру деңгейі 1/3-ке құлдырап кетті. Ақша құнсызданды. Азық-түлікке берілетін калориялық жағынан физиологиялық минимумнан төмен жатты. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет болып өмір сүруден қалды. Территориясының біраз бөлігі жеңген мемлекетке кетті.
Соғыстан кейінгі кезеңде Германияға ауыр тиген жағдай «қырғи қабақ соғыстың» әсері еді. Ұлы державалардың қарама-қарсы тұруы Германия территориясы арқылы өтті.
Сонымен қатар, «қырғи қабақ соғыс» оккупацияланған Германия ролін қайта қарауды қажет етті. Батыс мемлекеттер үшін Германияның жеңілген жаудан гөрі одақтас болғаны жақсы еді. Батыс державалар оның экономикасын барынша әлсірету мақсатынан бас тартты. Оккупацияланған Германияда басты билікті Бақылау кеңесі атқарды. Оның құрамы төрт зона әскерінің бас қолбасшыларынан тұрды. Елдің территориясы және оның астанасы Берлин бөліске түскен болатын.
КСРО одақтастардың басқару органдарынан 1948 жылы шықты. Қалған үш батыстық оккупациялық зонада 1949 жылы Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Астанасы- Бонн оның қаласы болды. Көп ұзамай кеңестік зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Астанасы-Шығыс Берлин қаласына ауысты. Соғыстан кейін Германияны өзінің жақтасы ету үшін американдықтар Маршалл жоспарына оны тартты. Ол Германияның экономикалық жалпы жағдайын жақсартатын еді. Батыс державалар КСРО-мен бірге Германияны жақсарту шараларын жүргізу мүмкін еместігін түсінді. Осындай түсінікпен батыс державалар өз зоналарында ақша реформасын жүргізді. Құнсызданған рейхсмарканың орнына неміс маркасы енгізілді. Батыс зонада тұратын әрбір тұрғын 60 ескі рейхсмарка орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Ақша 100-ге 6,5-тен ауысты. Инфляция тоқтатылды. Егерде бұрын товарлар жетпесе, енді ақша жетпеуге айналды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру жағдайы жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті, ал 1949 жылы ол соғысқа дейінгі деңгейіне жетті. КСРО ақша реформасына жауап ретінде батыс Берлинге блокада орнатты. Батыс державалар батыс зонада, Герман мемлекетін тез құруға тырысты. 1946 жылы қалпына келтірілген парламенттік кеңес федеративтік республиканың конституциясын жасады. Оккупациялық өкіметтер оны бекіткен соң ол күшіне 23 мамыр 1949 жылы қайта күшіне енді. Конституция азаматтық және саяси бостандықтарды бекітті, Батыс Германияны демократиялық федеративтік мемлекет деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамына 11 неміс жері кірді. ФРГ конституциясы екі жағдай енгізді. Ол бойынша ФРГ-ғы конституциядағы құрылым Шығыс Германияға да тарайтын болды. Негізгі заңның 23-статьясы конституцияның әрекеті Германияның басқа территорияларына тарайды, ол жерлер ФРГ-ға өз еркімен қосылатын болса деп көрсетілген. Негізгі заңның 146-статьясы жаңа конституция енгізілген соң бұрынғы ескі негізгі заңның әрекеті тоқтатылады деп көрсетілген. Шығыс Герман жерлерінде ФРГ-ның жалпы заң, әрі әрекет ететін болса, мына жағдайлар ескерілетін болды:
1. Біріккен Германияда ФРГ-ның орны сақталуы ;
2. Шығыс Германияның заңдары республика халқы алдында толық жойылуы есепке алынады. Оның жоғарғы палатасы Бундесрат, ал төменгісі (күштірегі) палатасы-Бундестаг. Федералдық үкімет немесе министрлер кабинеті федералдық канцлерден және министрлерден тұрады. Оның қызметіне халықтар арасындағы қатынастар, қорғаныс, финанс және коммуникация саласындағы саясатты жүргізу жатады. Орталық банк кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Канцлер парламенттің төменгі палатасын тарата алады.Ондай жағдайда парламенттің төменгі палатасы сенім вотумына қажетті дауыс жинай алмаған жағдайда. Президенттің міндетіне қарулы күштердің офицерлер құрамын жоғарғысын тағайындай алады. Солай бола тұрса да қарулы күштерге қорғаныс министрі басшылық ете алады. Президенттің тағы бір міндеті айып кесілген қылмыскерлерді кешіре алады. Атқару өкіметінің басшысы федеральдық канцлер бундесканцлер. Канцлер болып жалпыұлттық сайлау кезінде көп дауыс жинаған саяси партияның лидері бола алады. Канцлер министрлер кабинеті мүшелерінің кандидатуралары ұсынады. Елдің президенті оны ұсынған кандидатураларын бекітеді.
Сонымен бірге президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Сонымен қатар көптеген парламенттік систимада өкіметке сенім білдірмесе отставка жасалынады. Бұл жағдайда заң шығару өкіметі канцлердің канцлер кандидатурасын ұсынады. Оны парламентарийлердің көпшілігі қолдауы қажет. Негізгі заңдарға осындай шектеу сенім білдірудің басты кілті деп аталынады. Бұл саяси тұрақтылықты ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Германияда бұл жағдай 1982 жылы жүзеге асқан. Сол жылы сенім білдіру арқылы канцлер қызметінен кеткен. Бундестаг-Герман парламентінің басты палатасы бундестагтың көпшілігі қолдаған үкімет билік басында қала алады. Депутаттар екі турда төрт жылға сайлана алады. Көпшілік жағдайда министрлер кабинет мүшесі бундестаг депутаты бола алады. Германия біріккенге дейін бундестагта 520 депутат болған. 1990 жылы желтоқсанда өткен сайлау кезінде ФРГ-ның құрамына жаңа жерлер енді. Осыған байланысты депутаттық мандаттың саны 662-ге дейін өсті. Ал 1994 жылғы сайлауда оның саны 672-ге жетті. 1998 жылғы сайлауда депутаттық мандаттың саны 669-ға дейін азайып кеткен жағдайы бар.
Германдықтар қолданған, «Тоталитаризм»- бұл мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс жүйесін айтамыз.
Расизм- топ,жануарлар немесе өсімдіктер түрі-биологиялық, психикалық және әлеуметтік қатынастарда адамдардың теңсіздігі жөніндегі ілім. Нәсілдшілдік, территориясының жақтастары нәсілдік айырмашылықтардың тарихқа, мәдениетке, қоғамның даму қарқынына шешуші ықпал ететінін айтамыз. Халықтардың о бастан теңсіздігі жөніндегі көзқарастар ерте дүниеден, құлиеленушілік дәуірден бастау алып келеді. Отарлық соғыстар бұл заманда күшейе түскен болатын. Нәсілшілдік тұжырымдамаларының бірін ХІХ ғасырдың ортасында француз Ж.А.Гобино ұсынды, ол «жоғарғы нәсіл» деп арийлерді (үнді еуропалық халықтар мен үндіиран тілдік қауымдастығына жататындар) негізінен-олар солтүстік герман халықтарының өкілдері ) деп атады.
ХХ ғасырда нәсілшілдік теориялар фашистік және нацистік тәртіптердің ресми идеологиясы қызметін атқарды. Сондай-ақ, бұл расизм ұғымы кейбір елдерде нәсілдік кемсітушілікті, сегрегация мен апартеидті ақтау мақсатында қолданылады.
Элитаризм дегеніміз - «элита- француз тілінде ең жақсы, «іріктелген», «сұрыпталған», «таңдаулы» дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдеріне –Г.Москва, В.Паретолар болды.
Негізінен, Италияда фашистік партия Б.Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылы келді. Германияда ҰСЖП (ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.
Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің) сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті «социалистік» (коммунистік) тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылдың күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды.Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды.
Қорыта айтқанда, Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі ол әрине, 6 млн еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды, бұл еврей халқы үшін үлкен шығын болды.
Фашистік идеология мәңгілік болып шықты, оның жаңғырығы ХХІ ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында белең алды. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай заңды азшылық, біраз едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда.
Бұл қозғалыстардың бір идеологтары «уақыт сынынан өткен» ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні өткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн өткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қарсылар қатарын толықтыруға дайын отыр.
Германия қазіргі уақытқа дейін тоталитарлық режимді қатаң ұстанатын мемлекеттердің бірі. Сондай- ақ, Германия тек қана заң бойынша өмір сүріп, заңды берік, бұлжытпай сақтайды. Германияның қаталда қатаң, германдық нацизмі тоталитаризмнің алғашқы варианты ретінде мәңгілік естен кетпестей сақталары анық. Тәрбие.орг сайтынан Германдық нацизм Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қуандық Мөлдір Сағындыққызы

ОҚО Жамбыл облысы Жуалы ауданы Байтерек ауылы №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебі Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar