Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
  • 05.05.2016
  • 471 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18931

Бекітемін:
Күні: 2.І.2016 ж
Сыныбы: 6 «б»
Пәні: Қазақстан тарихы
Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,Ақарық ауылы
№ 124 орта мектеп

Сабақтың аты Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Сілтеме «МАН» III-деңгей
www.cpm.kz
Қазақстан тарихы
6 сынып.
Жалпы мақсаты 1.Үйсіндердің шаруашылығы жөнінде ақпарат беру;
2.Үйсіндердің қолөнері туралы түсіну;
3.Бірлесіп топтасып, жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже 1.Үйсіндердің шаруашылығы жөнінде білетін болады;
2. Үйсіндердің қолөнері туралы түсінеді;
3.Бірлесіп топтасып, жұмыс жасауға үйренеді;
Негізгі идеялар Қытай жазбаларында «үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерде мал-жанымен бірге көшеді де жүреді» делінді. Бұл үйсіндердің тек малмен күн көрген бөлігі жөнінде болса керек. Ал негізінде үйсіндердің бір бөлігі егіншілікпен де шұғылданады.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот – штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Тест», «Кеңейтілген тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу (Мал шаруашылығы, Егіншілік, Қолөнер, Қарғалы диадемасы сөздері жазылған қима қағаздар арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді ) ( 2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (Үйсіндер тарихы, орналасқан жері тақырыбы бойынша сұрақтар тізбегін беру) (5 минут)
1. Үйсін атауының Қытай жазбаларында алғаш кездесетін кезеңі?
2.Үйсіндердің астанасы?
3.Үйсіндер билеушісінің лауазымы?
4. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырға жатады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу үшін сұрақтар беріледі. (3 минут)
1.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы ? (Жартылай көшпелі мал шаруашылығы)
2. Үйсіннің сәйгүлік аты бейнеленген алтын қапсырма табылған қорым? (Қарғалы)
ІV. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
( Әр топқа оқулықтан тақырыпшалар беріледі)
Бақылаушының бағалау парағы

№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
V. Жұптық жұмыс «Пилот – штурман» (7 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
«Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбына эссе жазу.
Штурман мен Пилот мұғалім тапсырмасын естерінде қалғанын жеке-жеке қағаз бетіне түсіреді, сосын мұғалім жауап үлгісін ұсынады, жұптар бір-бірінің қателерін түзеп талқылайды.
VI. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» (10 минут)
Тест
1.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы
а) соқалы егіншілік
ә ) металл өңдеу
б ) жартылай көшпелі мал шаруашылығы +
в) көшпелі мал шаруашылығы
2.Үйсіннің сәйгүлік аты бейнеленген алтын қапсырма табылған қорым
а) Мардан
ә) Қарғалы+
б) Теңлік
в) Ақтас
3.Ақтас қыстау қонысы орналасқан жер
а) Мойынқұм
ә) Кеген өзені алқабы+
б) Сырдария өзені бойы
в) Отырар алқабы
4.Б.з.б ІІ-І ғасырларда өмір сүрген зергер-ұстаның тамаша туындысы
а) Қарғалы диадемасы +
ә) Ақтас тәтісі
б) Теңлік диадемасы
в) Қызыл Аңғар алтын қапсырмасы
5.Тәж тәрізді әшекейлі баскиім табылған жер
а) Қаратау
ә) Қарғалы+
б) Сарыарқа
в) Тарбағатай
6.Қарапайым егіншіліктің іздері табылған қоныс
а) Арқайым
ә) Ақтас қонысы+
б) Бөріқазған тұрағы
в) Ботай қонысы



№1. Адасқан сөйлемдерді орнына қою
Дұрысы Бұрысы
1 Үйсіндердің үйлері тақтатастан, балшықтан тұрғызылған. Үйлері тау бөктерінде орналасқан. Қысқы үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған, тұрақты үйлерде тұрған. Үйлерінің бөлмелері өте көп болған, үйдің дәл ортасында жер ошақ салған, едені балшықтан сыланған екен. ортасында жер ошақ салған, едені балшықтан сыланған екен. Үйлерінің бөлмелері өте көп болған, үйдің дәл орналасқан. Қысқы үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған, тұрақты үйлерде тұрған. Үйсіндердің үйлері тақтатастан, балшықтан тұрғызылған. Үйлері тау бөктерінде
2 Үйсіндердің кәсібінде әсіресе, ыдыс жасау, бешпент тігу, теріден шалбар тігу, аяқ киім жасау ісі өте жақсы дамыған. Үйсіндердің қолөнершілері сүйектен, тастан, ағаштан, қайыннан, былғарыдан түрлі ыдыс-аяқтар жасаған. Сүйектен- жебе ұштары, түймелер, моншақтар жасаған. Тастан-қайрақ, кетпен, келі, диірмен ал, былғарыдан -сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған. Қайыннан- шелек, астау, табақтар жасаған екен.
моншақтар жасаған. Тастан-қайрақ, кетпен, келі, диірмен ал, былғарыдан -сұйық тағамға арналған ыдыстар жасаған. Қайыннан- шелек, астау, табақтар жасаған екен. қолөнершілері сүйектен, тастан, ағаштан, қайыннан, былғарыдан түрлі ыдыс-аяқтар жасаған. Сүйектен- жебе ұштары, түймелер, Үйсіндердің кәсібінде әсіресе, ыдыс жасау, бешпент тігу, теріден шалбар тігу, аяқ киім жасау ісі өте жақсы дамыған. Үйсіндердің
3 Үйсіндерде теңсіздік болған. Бай адамдардың қабірінен бағалы бұйымдар мен ең қымбат киімдер табылған. Ал қарапайым адамдардың қабірінен тұрмыстағы заттары, еңбек құралдары табылған.
Археологиялық қазба кезінде кіші және үлкен обалар табылды. Үлкен обалардың биіктігі 2 метр, диаметрі 20 метр. Обалардың айналасы кіші- гірім тастармен көмкерілген. Оба топырақ үйіндісімен жабылған. Обаның үстінен қарағанда асты шеңбер тәріздес, ал ортасында қабір шұңқыр орналасқан. Үйсіндердің түсінігінше өлген адам тіріледі деп сенген. Мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып жерлеген.
үстінен қарағанда асты шеңбер тәріздес, ал ортасында қабір шұңқыр орналасқан. Үйсіндердің түсінігінше өлген адам тіріледі деп сенген. Мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып жерлеген. Археологиялық қазба кезінде кіші және үлкен обалар табылды. Үлкен обалардың биіктігі 2 метр, диаметрі 20 метр. Обалардың айналасы кіші- гірім тастармен көмкерілген. Оба топырақ үйіндісімен жабылған. Обаның қабірінен бағалы бұйымдар мен ең қымбат киімдер табылған. Ал қарапайым адамдардың қабірінен тұрмыстағы заттары, еңбек құралдары табылған. Үйсіндерде теңсіздік болған. Бай адамдардың

Бағалау критерийі. Тақтадағы ұсынылған үлгі жауап арқылы жұптарды бағалау критерийімен бағаланады. Толық үш тапсыраманы орындағаны – ІІ бал; Тапсырманы жартылай орындағаны-І бал; Тапсырманы орындамағаны-0

VII. Кері байланыс ( Маған ұнады, қиын болды.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы тақырыбын оқу
Кейінгі оқу Үйсіндердің салт-дәстүрі тақырыбын оқып келу және тест құрау Тәрбие.орг сайтынан Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақарық ауылы №124 орта мектебі Тарих және география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар
Көрсетілім: 471 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar