Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі.

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 1070
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 13/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17337


Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі.

Сабақтың мақсаты: Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі туралы түсінік беру. Көшпелі халықтың тұрмыс- тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Оқушылардың білім - сапасын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сана сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ – жауап , түсіндіру, тапсырмамен жұмыс
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу, түгелдеу
Ә) Кезекші есебі
Б) топқа бөлу, сабаққа дайындау
1 топ : Қамбар ата тобы
2 топ : Ойсыл қара тобы
3 топ: Зеңгі баба тобы
І кезең Үй тапсырмасын сұрау
Бәйге сұрақтарына топпен жауап береді.
Топбасшылар өз тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын бағалайды.
ІІ кезең Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылар бүгінгі сабағымыз әдебиет пәнімен тікелей байланысты. Себебі тарих және әдебиет пәндері бір - біріне жақын пәндер. Біздің бүгінгі жаңа сабағымызда қазақ халқының 5-8 ғасырларда басынан өткізген оқиғалары туралы айтамыз.
Ол кезде 5-8 ғасырларда қазақ, өзбек, қырғыз, деген ұғым болған, барлығы жалпақ тілмен айтқанда түркі халықтары деп аталған.
Енді, дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп қонуына тоқтала өтейік.
Негізгі тақырыбымызға тоқтала кететін болсам көшпелі бақташылық .
Малшылар ғасырлар бойы әдеті бойынша мал, баптау мәдениетін сақтай отырып олар: жазда жайлауға , қыста қыстауға үзбей көшіп жүрген. Олар қолда бар табынды шөппен және сумен қамтамасыз еткен. Жыл мерзімі мен қолайлы орынды таңдайтын . Қыстау - жылы қоралары бар тұрақты орын болған. Ерте көктемде мал сонда төлдетілетін болған . Көктеу - көктемгі жайылым әдетте шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеу қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және төл алынып жатқан кездегі мал бағылатын қора маңындағы жайылым. Көктемде барлық жерде мереке қызады. Көшпелілер бар уақытын ашық аспан астындаөткізген. Көктемде қыстан жүдеу шыққан мал қоңданып, қойлар биелер мен інгендер төдеген. Көктемгі , күзгі жұмысқа қой мен түйе қырқымы қосылған. Қойды қырыққанда 2 – 2,5 кг, түйе 4-8 кг жүн берген.
Қыс кезі өзара қарым – қатынас жасауға қиын болса, көктемде малшылар түрлі мерекелерді тойлаған. Ежелгі мерекелердің бірі Наурыз мейрамы тойланған. Ол мереке осыдан 3000 жыл бұрын пайда болған.
Ал енді дарқан мезгіл жазда жайлауға шығу. Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Ол кезде көптеген адамдар үйлену тойын жасап, ойын сауық , ат жарыс, күрес өткізген, жыршыларды сайратып , ақындар айтысын тыңдаған. Ауыл – ауылда құрт қайнатып, май шайқаған , ірімшік жасап, қысқа азық – түлік әзірлеген.
Малшылар күзде күзеуде отырған. Күзеу қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысын өткізіп ру мен тайпаның аса маңызды мәселелерін шешкен.
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. батыс және орталық Қазақстанда таза көшпелі түрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда Алтай мен Тянь – Шань тауында жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы қамтылды. Оңтүстікте Сырдария ,Шу , Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
Үнемі көшу тіршілік ырғағын өзгертті. Мұндай ұстаным тұрғын үй құрылысына да әсер еткен. Олардың үйлері көшіп қонуға – ыңғайлы киіз үй болды. Оны аз уақытта , шамамен ,бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған. Киіз үй екі бөліктен тұрған – жабуға арналған киізден және ағаш қаңқадан құралған . Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылады. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрған: Кереге – киіз үйдің негізі, ол айқасқан қабырғаға ұқсас.
Керегеге байланған уықтар шаңырақты көтеріп ұстап тұрады . Шаңырақ дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалады. Киіз үйден басқа да басқа да баспана түрлері болған. Қыста олар кірпіш үйлерде тұрды. Сырты сыланған тас немесе саман үй үлкен бір бөлмеге немесе өзара бір-бірімен жалғасқан бірнеше бөлмее бөлінген. Мұндай төрт-бес үй ауылды құраған. Қоныстан бірнеше жерде рулық зират орналасқан. Кез-келген үйлердің дәл ортасына пеш орнатылған. Ошақты тастан қалап, оған тамақ пісіруге арналған қазандықтар орналасқан. Ошақты олар киелі санаған. Ошаққа мұндай құрметпен қарау қазақтарда бүгінгі күнге дейін сақталған.
IІІ кезең. Жаңа сабақты пысықтау.
Енді бүгінгі жаңа тақырыбымыз түсінікті болған болса, сол сабағымызды сұрақтар арқылы қорытындылайық.
1. Көктемгі жайылым қайда орналасты?
2. Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты?
3. Киіз үйдің бөліктерін атап берші?
4. Наурыз мейрамы осыдан қанша мың жыл бұрын пайда болды?
IV кезең. Топтық жұмыс.
1-топ. Көшпелі мал шаруашылық түрлерін топтастыру.
2-топ. Көшпелілердің баспаналарының пайда болуы.
3-топ. Наурыз мейрамы.
Оқушылар топтық жұмысты орындап болғаннан кейін топпен бірге жасаған жұмысын қорғайды. Топтар бір-бірінің топтық жұмыстарына «от шашу» ойыны арқылы білдіреді.
Сабақты қорыту. Сұрақтар қою.
Үйге тапсырма.
Бағалау, топтық және бағалау рефлексия жасау. Кері байланыс оқушылар стикерге сабақтан қандай әсер алғандығын жазады. Тәрбие.орг сайтынан Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі. Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Лаханов Маханбет Оңалович

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar