«Менің елім Қазақстан»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 467
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18420


Карибаева Калдыгул Акдаулетовна -тарих пәні мұғалімі ,
Ақтөбе қаласы № 36 қазақ орта мектебі

Тақырыбы: «Менің елім Қазақстан»
Мақсаты : оқушылардың ежелгі Қазақстан тарихынан алған білімдерін тиянақтау;
өткен тарихты еске түсіре отырып, тарихи білімдерін, ой-өрістерін
дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту ;
Отанын, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық, адамгершілік тәрбие беру.
Түрі: «Ғажайып алаң» ойыны

Көрнекіліктер: барабан, әріптер тақтасы, әр түрлі сыйлықтар

Жүргізуші : Құрметті көрермендер, «Ғажайып алаң» ойынымызды бастаймыз.
Аталмыш ойынға қатысқалы отырған 1- айналым ойыншыларын
қошеметтеп, ортаға шақырайық. ( ойыншылар есімі аталынады)

Бүгінгі ойынымыздың тақырыбы : « Тарих және біз» деп аталады. Қойылар сауалдарымыз Қазақстан Республикасы, халқы, тарихы, мәдениеті т.с.с. Ойын тәртібі бәрімізге белгілі болса
1-айналымды бастайық.

Сұрағымыз мынадай: 1958 жылдың жазында экспедиция шығып ерте тас ғасырында алғашқы адамдардың үңгірде мекендегенін, олардың тастан жасалған құралдарын зерттеді. Экспедицияны кім басқарды? ( Алпысбаев)
Қосымша мәлімет: Бұл экспедиция кіші Қаратау бөктеріндегі Темірқазған, Бөріқазған деген жерлерде болды.
Аз уақыт үзіліс. Ән орындалады.
2-айналым ойыншылары ортаға шақырылады. Жасырын сөзді табу үшін мына сұрақты шешу керек.
Сұрақ: Ғылым саласы өте көп. Соның бірі теңгелер тарихын зерттейтін ғылым. Бұл қай ғылым?
(Нумизматика)
2- айналым жеңімпазына қол соғып қошеметтеп, рахмет дейік.
Аз уақыт үзіліс. Музыкалық номер орындалады.
3-айналым ойыншыларын өз орындарына шақырамыз.
Қойылар сұрағымыз: Мұндай алып обаларды ғылымда «патша» қорғандары деп атайды. Бұлай аталу себебі бұл жерлерде ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Бұл қорған қалай аталады?
( Бесшатыр)
Міне 3- айналымымыз да аяқталды. Ойыншыларға рахмет айтамыз.
Музыкалық үзіліс.
«Тәуекел түбі желқайық, өтесің де кетесің,»- деп тегін айтылмаған. Тәуекелге бел буып, ақтық ойынға да жеттік. 3 айналымның жеңімпаздарын орындарына шақырайық.
Сұрағымыз мынадай: Өзінің кітапханасымен, обсерваториясымен, медресе, керуен-сарайымен Еуропаға белгілі болған қала. (Отырар)
Қосымша: Бұл қаладағы кітапхана жаугершілік заманда қиратылған. Бір аңыздарда ондағы кітаптарды жау қолына түсірмеу үшін , құмыра, көзелерге салып көміп, тығып тастаған.
Міне ақтық ойын да аяқталды. Жеңімпазымызға алғыс айтып, айрықша ойын бөліміне шақырамыз.
Үзіліс. Ән орындалады.
Сұрағымыз мынадай: XX ғ 90 жылдарының соңында Қазақстанда теңге жасайтын мамандар да, шеберханалар да болмағандықтан ағылшынның бір фирмасы теңге жасауға келісті. Сол фирма қалай аталады? (Харристон)
Сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз. Жеңімпазға «Ғажайып алаң» ойынынан естелік ұсынамыз.
Қадірменді көрермендер ! Осымен «Ғажайып алаң» ойынымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан «Менің елім Қазақстан» Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карибаева Калдыгул Акдаулетовна

Пікірлер: 0

avatar