"Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 250
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 20/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22844


Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Тайсенгирова Айгүл Маханбетқызы
тарих пәнінің мұғалімі

Тақырыбы Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы
Мақсаты 1.Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру; Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету; басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы білімді меңгерту.
2.Оқушылардың тарихи оқиғаларды фактілерге сүйене отырып талдау, шығармашылықпен жұмыс жасау, өз пікірін еркін жеткізу арқылы жаңа білімді өз бетімен меңгеру қабілеттерін дамыту
Күтілетін нәтиже 1 Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;
2 Тарихи тұлғалардың өмірі мен атқарған қызметі туралы айта алады;
3.Жұптық,топтық жұмыстар негізінде шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Түйінді идея «Монғолдың құпия шежіресі». Шыңғысхан.Барунгар. Жоңғар. Кул. «Кешіктен». «Яса». «Құрылтай». «Отырар опаты». Ұлыстар.

Оқушының іс-әрекеттері Топта бірлесіп оқиды.
Топтық,жеке,жұптық жұмыстар орындайды.
Сабақтың типі Аралас сабақ
Әдісі Жекелей, жұппен, топпен сұрақ-жауап, ой қозғау, іздендіру, талдау, «түртіп алу», ЖИГСО,

Көрнекілігі Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, ЭОЖ,бағалау парақшалары, флипчарт, түрлі-түсті бояғыштар, стикерлер,

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасы
ІІІ.Жаңа сабақ
ІV Рефлексия.
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасы (10 мин)
«Аялдама» ойынының жүру барысымен таныстырады, аялдама сұрақтарын береді.
Әр топтағы оқушылар бірлесіп аялдама сұрақтарына жауап жазады:
1-аялдама-«Қыпшақтардың шығу тегі және олардың тарих сахнасына көтерілуі »
2-аялдама-«Қыпшақтардың басқа тайпалармен қарым-қатынасы »
3-аялдама-«Қыпшақтардың этностық құрамы және қоғамдық-әлеуметтік құрылысы » Оқушылар бағалау парағының өзін-өзі бағалау бағанын толтырады.
Жаңа сабақ. ЭОЖ түсіндіру.(5 мин)
Қызығушылығын ояту. (5 мин)
Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе құрады. «Бүгінгі сабақта не туралы оқып-білетін боласыңдар?» сұрағына өз ойларын білдіреді.
Мағынаны тану. (10 мин)
Оқушыларға тақырыпшаларды бөліп береді:
№1 топ-«Монғол империясының құрылуы. Қоғамдық құрылысы»
№2 топ-«Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы және оның зардаптары»
№3 топ- «Ұлыстардың құрылуы» Әр топтағы оқушылар мәтінмен танысып, жұп болып талдағаннан кейін мұғалім таратқан карточкадағы тапсырмаларды орындайды. Осыдан кейін әр топтан оқушылар жиналып, құрады да өз тақырыптары бойынша бір-біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Критерий бойынша бағалау.
Ой толғаныс (10 мин)
Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар орындауға тапсырма береді. Әр топ тақырыптар бойынша сызба құрастырады:
1-топ-«Монғол империясының құрылуы»
2-топ- «Қазақ жерлерін жаулап алу»
3-топ «Жаулаушылық зардаптары»
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс». Топ басшысы бағалау парағына оқушылардың топтық жұмысқа қатысу деңгейлерін бағалайды.
Бағалау Бағалау парақшасы:
Оқушының аты: Ұпайы 1 ұпай 2 ұпай 3 ұпай
Өзін-өзі бағалау Топ басшсының бағалауы (шығармашылық жұмыс)
Үйге тапсырма:тақырыпты оқу Тәрбие.орг сайтынан "Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы" Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тайсенгирова Айгүл Маханбетқызы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar