Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 98
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23238


 

Дүниежүзі тaрихы бойынша қысқа мерзімді сабақтың жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1 бөлімі Мектеп: №54 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Гульжанат Айгалиевна

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

5.2.4.2- ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Египеттегі ғылымдардың пайда болып, дамығанын біледі, түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі:ғылымдардың дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын анықтайды;

Кейбір оқушылар: ғылымдарының пайда болу ерекшеліктерін салыстыра отырып, ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды

Бағалау критерийі

Египеттегі ғылымдардың пайда болуы шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістерге қалай әсер еткендігін анықтайды.

Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

арифметика(грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) — сандар (бүтін және бөлшек);

геометрия(көне грекше: μετρέω — «өлшеу») — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды зерттейтін сала);

астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң»);

медицина(лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік).

Оқылым: берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Айтылым, тыңдалым: берілген ақпаратқа назар аударып, әңгімелейді.

Жазылым:негізгі ұғымдарды жазады.

Құндылықтарға баулу

Ғылыми білімдерді адам игіліктеріне пайдалануға баулу.

Пəнаралық байланыс

География пәнінің дүниежүзілік саяси карталарын қолдану.

Алдыңғы білім

Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастағандығы жөнінде білімі қалыптасқан.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Топқа бөлу

(5 мин)

 

 

 

 

 

2.«Кері байланыс»

Үй тапсырмасын тексеру(8 мин)

 

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.

Топты конверт арқылы бөлу

«Сұрақ жауап» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеремін. Оларға төмендегідей сұрақтар қоямын

Сұрақ

1.Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

2.Адамдар егіншілік пен мал шаруашылығын қалай дамытты?

3. Ежелгі египеттіктердің өнерінің дамуына сипаттама беру.

Бағалау:Білімдерін тұжырымдай келе «бағдаршам әдісін» қолданамын.Мақсаты: Түсінгендерін білу үшін бағдаршамның түстерін пайдаланамын сұрақтарға жауап берген топты бағалаймын.

Мұғалім қорытынды: Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергендігін тексердім

Түрлі-түсті стикерлер.

Конверт

 

 

 

Оқулық, 40-43бет

Слайд материалдары.

 

Сабақтың ортасы

 

4.«Болжау» әдісі,

«Миға шабуыл »

(20 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың алдына гүл отырызылған ыдысты қоямын.Оқушылардан не себепті бұл гүл қара топыраққа отырызылған?,-деп сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбының мәнін ашамын.

«Болжау» әдісі қолданамын, әдістің мақсаты фото суреттерді интербелсенді тақтаға шығарамын, тақтадағы фото бейнелерге қарату арқылы тақырыптың мәнін ашамын.

Тақырыпты айтып өтемін.

Олай болса оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз Неліктен ежелгі Египет қара жер деп аталған? Ал қанекей оқушылар осы бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді?,-деп оқушыларды сабаққа деген құштарлығын оята отырып, мақсатын айқындап аламыз.

Тақырыпты анықтап алғаннан кейін, әр топқа мәтінмен жұмыс тапсырмасын беремін.

1.Топ Ғылымдардың пайда болуына не себеп болды?

2.Топ Арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарын ажырату.

3.ТопМәдениетінің ерекшелігін анықта.

Бағалау: Оқушылардың мәтінмен жұмысын тексеру үшін әрбір топ бір-бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.

2.Тапсырма:

Білімдерін жүйелеу мақсатында әрбір топқа конвертте дайындалған сұрақтар таратылады:

1. Бір орталыққа біріккен Мысыр мемлекеті қалай құрылды?

2.Мысырда әлеуметтік жіктелуге не себеп болды?

3.Ніл өзені мысырлықтар үшін қандай маңызы бар?

Бағалау:берілген жауаптарына байланысты смайликтер арқылы бағалау.

3.Тапсырма

Кесте толтыру жұппен жұмыс

Сын тұрғысынан ойлау арқылы ежелгі өркениет пен қазіргі өркениетті венн диаграммасы арқылы байланыстыру.

Бағалау: оқушылардың венн диаграммасын толтыру кезінде нақтылығын анықтау мақсатында ынталандыру арқылы бағалаймын.

 

Интербелсенді тақта, слайд, электронды оқулық, флипчарт, оқулық 40-43 беттер, карта.

Конверт,турлі түсті маркерлер,

Сабақтың соңы

(7 мин)

 

 

 

 

 

 

7.Бағалау (5 мин)

 

 

 

8.Үй тапсырмасы

 

Сабақтың соңында мен мынадай әдіс-тәсілді қолданғым келеді «БҮБ»мақсаты білдім үйрендім білгім келеді әр оқушы стикерға өз ойларын жазады.

Үйрендім әңгімелеуді іс-әрекет жасауды.

Білгім келеді өркениеттер жайлы мағлұмат білгім келеді.Египет мемлекеті жайлы тағыда қызығырақ әңгімелер білгім келеді дегендей оқушылар өз ойларын білдіріп жатады.

 

Бүгінгі өтілген сабақ бойынша әр топ мүшелері өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің қандай деңгейге жеткенін айқындайды. «Блоб ағашы»

 

Египет мемлекетінің өркениеттері жайлы 10 сұрақтан тұратын тест дайындау.

Стикерлер,

суреттер, бағалауға арналған қиықшалар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

 

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындалған болатын. Соның ішінде саралаудың 7 тәсілін негізге ала отырып, оқушылар алған білімдерін саралап, бөлісу мақсатында топтасады, берілген мәтін мен дерек көздеріне мән беріп, топ ішінде жұптасып, топтасып берілген тапсырмаларды анықтайды, сипаттайды.

«Сұрақ жауап» әдісі

«Бас бармақ» тәсілі

«Жарайсың!»

«Бүгінгі сабақта жақсы жауап бердің!»

«Өте жақсы!»;

«БҮБ» әдісі

Өзін-өзі бағалау

Смайликтер

 

Сабақ өткізетін бөлме ұйымдастырылған, топпен жұмыс жасауға ыңғайлы.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?

 

 

 

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Тәрбие.орг сайтынан Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Смагулова Гульжанат Айгалиевна

Қарағанды облысы. Қарағанды №54 ЖББОМ. Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar