Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қола дәуіріндегі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі
  • 13.03.2016
  • 633 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17347

Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты кеңінен түсіндіру.
а) білімділігі: Оқушылардың білім-сапасын арттыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың сана-сезімін дамыту.
б) тәрбиелілік: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауаптар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, кеспе, қағаздар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сәлемдесу, түгелдеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
4. Жаңа сабақ
Қола дәуіріндегі бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы
қатал әрі ұзақ, жазы қысқа әрі ыстық болған. Күзгі жаңбыр салдарынан егін пісіп, үлгермеді, адамдар қажетті азық – түлік қорларын жасай алмады. Ертедегі адамдар мал өсіруге көбірек көңіл бөлді. Мал басы көбейді. Олардың көбісі жылқы мен қойлар болды. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі мал шаруа тығыз байланыста болды.
Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрді. Мал шаруашылығымен металлургияның тез дамуы ер адамдардың еңбегін көп қажет етті. Малды туыстарының арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Рулық қатынастар ыдырып, олардың орнына қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды. Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да «о дүниеде» тіршілік жалғасады.
Беғазы – Дәндібай тұрғындарының да адамның жеке бұйымдарын, қару-жарағын, еңбек құралдарын қоса көмген.
Қола дәуірінде Қазақстанды мекен еткен адамдар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Әр түрлі жыртқыш аңдардың тісін, тізіп мойынға тұмарша таққан. Андрондықтарды тас қашау, сүйектен әр түрлі тұрмыстық бұйымдар жасау өнері жақсы дамыған.
Сабақты қорытындылау. Өткен сабақта үйге Қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылығы туралы оқып келуді тапсырған болатынмын. Олай болса бүгін біз Қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылығы және Қола дәуіріндегі тұрғындардың қоғамдық және мәдени өмірі тақырыбымен байланыстырып, сабақты сөзжұмбақ шешуімен ойын түрлерімен , сұрақ – жауаптар арқылы сабағымызды пысықтаймыз.
Үйге тапсырма: Қола дәуіріндегі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі. Тәрбие.орг сайтынан Қола дәуіріндегі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Лаханов Маханбет Оңалович

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: жони
Көрсетілім: 633 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar