Орталық Қазақстан

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 263
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 30/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21406


Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
№2 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.
Бақтылы Серикова

Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамның темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі – темір дәуірімен танысқандарын еске түсіріп, осы дәуірдегі Орталық Қазақстан аймағының Сарыарқа деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету, оның табиғаты, қола дәуірінен бастап, ең бір өркендеген мәдениеттің орталығы болғандығын естеріне сала отырып, Тасмола мәдениеті, шаруашылығы, ерте темір дәуірінде осы аймақты мекендеген тайпалар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақ қою, жаңа материалмен байланыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, қосымша материал ұсына отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың кең Сарыарқа даласы, оны мекендеген тайпалардың мәдени ескерткіштеріне тоқтала отырып, оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады. Жаңа білімді иегереді. Ерте темір дәуіріндегі орталық Қазақстан мәдениеті туралы қажетті білім алып, оны тест жұмысы кезінде іске алады.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Пәнаралық байланыс: География,әдебиет,музыка т.б.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары. Категориялық топтастыру, өзара оқыту, семантикалық карта.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, «Мұртты» оба, Сарыарқа даласы бейнеленген суреттер, сызбалар, слайдттар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І. Көрініс (Шырақтың ерлігі )
Қызығушылығын ояту.
Бұл өлке ... Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. ... өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ-шоқылы аласа таулардан тұрады. Орналасқан таулары: Қызыларай, Қарақаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау, Көкшетау.
Мағынаны тану. Алдымен Құрманғазының «Сарыарқа» күйінен үзінді орындалады. Оқушылардан бұл қандай және кімнің күйі деген сұрақтар қойылып, жауап алынады. Содан соң тақтаға бүгінгі сабақтың тақырыбы жазылып, жоспарымен танысады.
Жаңа сабақтың жоспары
1. Сарыарқа -ұлы дала.
2. Сарыарқаның тұрғындары.
3. Шаруашылығы.
4. Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштері.
Сарыарқа-ұлы дала- Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр. Ал оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады. Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады.
Сарыарқаның тұрғындары-Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған. Герадот өз шығармаларында бұл аймақты аргипейлер мен исседондар жайлағанын айтады.Қазіргі ғалымдардың анықтауанша ,ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысын аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
Шаруашылығы- Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.
ІІ кезең. « Сиқырлы сандықша ». (сандықша сұрақтармен толтырылады,әр бір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді)
1.Сақ патшайымы кім ? (Томирис)
2.Сақ қоғамындағы ел билеуші ( патша)
3.Сақ қоғамы неше топқа бөлінді ? ( үш топ)
4.Герадот өз жазбаларында сақтарды қалай атады ? ( массагет)
5. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында қалай атады ?( құдіретті еркектер)
6.Сақ әйелінің қоғамдағы ролі ?
7.Сақтар қандай баспаналарда тұрды ?
8.Сақтар неге табынған ? (отқа)
9.І Дарий патша сақ жеріне шабуылдаған жылы ? (б.з.б. 519ж)
10. Спитаменнің ерлігі.... ?

ІІІ кезең. «Тұлғаны таны » толық мәлімет беру әр топ


ІІІ кезең . «Кім жүйрік » ( аріптер жазылған қатырмада ескерткіштер атауын құрастырып жазу керек).
1. апиепгрйлер 2.сдрсиеонда 3.аирымсапалр
(Аргипейлер исседондар аримаспылар)

ІV. Қорытынды. « Өрмекші» ( жіпті әр оқушы ауызша сұрақт қоя отырып бір-біріне лақтырады,осылайша өрмекшінің торын құрамыз)
V. Оқушыларды бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы. «Сарыарқа – ұлы дала» атты шағын әңгіме жазып келу.

«Кім жүйрік »
1.апиепгрйлер

«Кім жүйрік »
2.сдрсиеонда

«Кім жүйрік »
3.аирымсапалр

1.Сақ патшайымы кім ?

2.Сақ қоғамындағы ел билеуші

3.Сақ қоғамы неше топқа бөлінді ?

4.Герадот өз жазбаларында сақтарды қалай атады ?

5. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында қалай атады ?
6.Сақ әйелінің қоғамдағы ролі ?

7.Сақтар қандай баспаналарда тұрды ?

8.Сақтар неге табынған ?

9.І Дарий патша сақ жеріне шабуылдаған жылы ?

10. Спитаменнің ерлігі.... ?

№ 2 орта мектеп

Ашық сабақ

Сабақтаң тақырыбы : Орталық Қазақстан




Орындаға : Тарих пәнінің мұғалімі : Б.Серикова

2016/2017 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Орталық Қазақстан Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Б.Серикова

Пікірлер: 0

avatar