Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Отырар қаhарман қала
  • 29.11.2016
  • 128 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20264

5 Сынып
Сабақтың тақырыбы: Отырар қаhарман қала. Сабақтың мақсаты: а) білімділік Оқушыларға Отырар қаласының тарихы туралы түсінік бере отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру. ә) дамытушылық:Оқушыларды жаңа сабаққа жан-жақты қатыстыра отырып, логикалық ой-өрісін дамыту. Қосымша материалдарды пайдалана отырып өз бетінше жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа дағдыландыру. Сызбаларды пайдалана отырып сыни ойлауға үйрету б) тәрбиелік мәні :Оқушыларға ата-бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанын айта отырып, ел сүйгіштікке, Отынсүйгіштікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу барысында ұжымшылдыққа, бір-бірін құрметтеуге, өз ойын ашық айтуға, сын айта білуге, сыннан нәтиже шығаруға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты мемеңгерту Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, карта, сызбалар Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау а) Әл-Фараби туралы білімдерін тексеру ә) «Жұлдызды сәт» ойын әдісімен өткен тапсырманы сұраймын. б) Қашан? Қайда? Қандай? Ойын әдісі арқылы қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) «Алғаш рет» ойынын пайдаланамын.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
а) « Мен білем» әдісін пайдланып бекіту.
ә) «Күн диаграммасы» арқылы Отырардан шыққан тұлғаларды жазу.
V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Оқушыларды бағалу.
ІІ. а) «Жұлдызды сәт» ойыны сұрақтар.
1. Әл-Фараби туралы не білеміз?
2. Қандай ғылыммен айналысқан?
3. Әл-Фараби қанша тілді меңгерген?
4. Әл-Фараби қай елдерде білім алған?
5. Қазақстандағы Жібек Жолының бойындағы қалаларды картадан көрсетіңдер
6. Неліктен біз Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп айтамыз?
7. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?
8. Әл-Фарабимен қатар шыққан қандай ғалымдарды білесің?
9. Әл-Фарабидің толық аты-жөні кім?
10. Әл-Фарабидің әкесі кім болған?

Ойшыл Музыка зерттеушісі
Талант
Философ
Математик Әл-Фараби Ұлы ғалым

Тарихшы .
Ақын Физик

Астроном Сазгер
б) Қашан? Қандай? Қайда? әдісі арқылы сызба нұсқаны толтырып, үй тапсырмасын бекітемін.
870 жылы дүниеге келді
ІІ-ХV ғасыр білім орталық болған
1931 жылы кітапхана ашылды
1970 жылы бүкіл дүние жүзі тойлады
150 жуық жазған
950 жылы кайтыс болды
ІІІ. Жаңа сабақ Археологиялық зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты
Отырар – бүіл Шығысқа танымал болған ежелгі қалалардың бірі.
Отырар – алғаш Фараб деп атаған. Арабтың бұл сөзі «парасат» дегенді білдіреді.
Отырар – VІ –VІІІ ғасырда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болды.
Отырар қаласының гүлденіп орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Иран мен Орта Азиядан Сібірге Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақ үйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі үлкен дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттынды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІV. Жаңа сабақты « Мен білем » арқылы бекіту.
1. ІХ-Х ғ.ғ. алғашқы мұсылман бейіттері ------------------- табылды.
2. Монғолдардың Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағына басып кіруіне сылтау болған оқиға: ------------------------------------------------ өлтірілуі.
3. Отырар әміршісі: -----------------------------------
4. Қайырхан 80 мың әскермен Отырар қаласын Шыңғысханнан ------------ қорғады.
5. Отырарда Шыңғыс хан әскеріне қарсылық көрсеткен:------------
6. Әмір-Темір 1405 жылы Қытайға бара жатып ----------------- қайтыс болған.
7. Отырар билеушісі Қайырханның Монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: --------.

Археологиялық қазба кезіндегі Отырар

Шыңғыс хан

ОТЫРАР ШАЙҚАСЫ

Ә) «Күн диаграммасы» арқылы жаңа сабақты қорытындылау

б) Оқушыларды отаншылдыққа, елсүйгіштікке баули отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.
1. Батырдың қаһары – еліне қорған.
2. Ерлік білектен емес, жүректен.
3. Отан от басынан басталады.
4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
5. Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезінде сын тұрғысынан оқыту методикасының
«Бес жолды өлең» әдісін пайдаланамын.
__________________ (зат есім)
____________ ______________ (сын есім)
___________ __________ _____________ (етістік)
___________ _________ _________ _________ (сөйлем)

(синоним)
V. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Отырар қаласы жайында қосымша материалдарды пайдалана отырып оқу

Білем Білдім Білгім келеді Тәрбие.орг сайтынан Отырар қаhарман қала Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Райгуль Есенбаева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тарихтан ашық сабақтар, қала, қаhарман, Отырар
Көрсетілім: 128 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar