Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 303
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 08/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20411


Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебі

Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау

8 «А»- сыныбы

Орындаған: Абдураймова Сайяра Абдукаримовна

Түркістан 2016 ж

8 А сынып
Сабақтың тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау
Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: ІХ-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу. Ортағасырлық Қазақстандық әр түрлі діни анаым-сенімдер туралы,Ислам дінінің таралуы,оның мәдениетінің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру;
 Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау. Әр түрлі діни бағыттардың ерекшіліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету:
 Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
 Шәкірттердің рухани дүниесін дамыту,адамгершілікке, имандылыққ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: карта, сызба,сүреттер Қ. А. Иассауи диск, Хикметтер Тарихи терең- Түркістан.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
ІІІ. Әнұран орындау,
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Қазіргі сәндік қолтаңбалар туралы не білесің?
 Айша бибі,Арыстан баб,Бабаджа-қатын кесенелерінің салыну тарихы туралы не білесің?
 Көне мәдени, ескерткіштердің тарихымен танысу оларды қастерлеу не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қожа Ахмет Йасауидің хикметтері.
2. Түркістан қаласының тарихи
3. Ислам дініне дейінгі діни наныс-сенімдер.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ойтүрткі боларлық сұрақтар қоямын. Алғашқы дін наным-сенімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткен?
1Алғашқы діни наным сенімдрдің түрлерін атаңдар.
2..Қазақ халқында Көк Тәңірі, Көк бөрі ұғымдары нені білдіреді?
3. Ежелден келе жатқан әлемдік діндерді атаңдар.
Ең алдымен ислам діні туралы төмендегі кестемен таныстырған жөн.
Ислам діні қай жерде және қашан пайда болды? Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы Ислам дінінің негізгі бес парызы Ислам дініндегі елдер
VII ғасырдың ортасында араб елінде пайда болған. Діннің басты қағидасы- бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию.Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар. 1.Бес мезгіл намаз оқу2.Ораза ұстау
3.Садақа беру
4.Иман.
5. Қажылыққа бару. Сирия,Палестина
,Египет,Біріккен Араб Әмірліктері,Сауд Арабиясы,Ливан, марокко,Эфиопия т.б.
ДИУАНИ ХИКМЕТ
651*. Залымдарды айыптама, залым өзің.
652. Арсыз болсаң өтпейді халықка сөзің.
653. Дүние малың түгел бердім, тоймас көзің,
654. Сараңдарды караңгыға жаптым, міне.
679. Тарихат жолы қатты, телміріл көзім талды,
680. Басым катты, Пірмүған кұяр балды.
681. Пір етегін тұттым көңілде шырак жанды,
682. Рәсуә болып жол кезіп жүрдім, міне.
683. Тарихтың жолы болар ауыр азап,
684. Бұл жолда талай ғашык болды топырақ.
685. Ғашық жолына кім түссе халі хараб,
686. Жарандардан жол мәнісін білдім, міне.
735. Бір күні жетіп ажал уакьіты жуық келсе,
736. Саған, маған асыл Отан үкім етсе.
737. Өлмей түрып жан ашуы азабын тартса,
738. Қай бетіммен хазіретке барам, міне.
739. Сырлас болган серіктерің тозып кетті,
740. Дау-дамаймен о дүниеге озып кетті.
741. Жарға соккан дариядай тасып кетті,
742. Қай бетіммен хазіретке барам, міне.
743. О, кұдірет, күндіз-түні кылмай тағат,
744. Хак расул үмбет үшін жемей нығмет.
745. Ішпек-жемек нәсібі—кайғы-касірет,
746. Қай бетіммен хазіретке барам, міне.

Жаңа тақырып жоспарындағы бірінші тақырыпша туралы оқулықта жазылмағанымен, қосымша үйден дайындап келген «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет пен кестенің көмегіне сүйеніп түсіндіріп шығамын.
Буклеттегі ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталамын.

Ғалымдар,
туған жылы, жері Ең
басты еңбегі Не туралы
айтылған?
Жусіп Баласағүн (1030-1090) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағүнда дүниеге келген. «Құтадғу білік» («Құтты білік» -қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды. Саясат жүргізу, мемлекет баскару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың касиеттері жөнінде айтылады.
Махмұт Қашкари, толык аты-жөні Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед - XI ғасырда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барыскан қаасында туған. «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды. Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батыска қарайғы географиялык картасы берілген.
Қожа Ахмет Йасауи 1104 жылы Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. «Диуани хикмат» (Даналык жайындағы кітап). Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.


Сондай-ақ оқушылардың өздеріне кейбір шығармалардан үзінді оқытып, талдап, пікір алыса отырып, олардың сабаққа қызығушылығын арттытып, мәтінмен жұмысын ұйымдастыруға болады.
ҚАЛА
Орда (цитадель) - патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.
Шахристан - қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.
Рабат - еңбекші халық мекен ететін қаланың сырткы бөлігі.
Ортағасырлық Қазакстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашокы, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынкент, Қалабалғасын, Бұзок, Йассы, Сауран. Тараз т.б. деп оларды картадан көрсетемін. Қалабалғасын қаласы туралы бұрын тарих оқулықтарында айтылмағандықтан, қосымша әдебиеттерді пайдаланамын:
Ж. О. Артықбаевт. б. Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде. Астана, 2004.
Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді, қаланың өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді. Ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтемін. Мысалы: Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған. Моншаның едені кірпіш тақталармен тәселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу еткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.
Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы, ол қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан - «түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан. Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған.

ІҮ. Сабақтың бекіту:
 Шамандық,тотемизм, зоастризм дегеніміз не?
 Ислам дінінің Қазақстанда таралуы туралы қандай деректерде айтылады?
 Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?
 Елімізге әлемдік діни конфессиялар өкілдерінің жиі бас қосуы неліктен?
 Әбу Наср әл-Фараби қай жерлерде білім алған?
 Әбу Райхан әл-Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
 Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
 «Құт негізі-білік» кітабы несімен ерекшеленді?
 Қожа Ахмет Йасауидің әулиелігі неде?
 «Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:.Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Қ.А. Иассауидің өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу. Тәрбие.орг сайтынан Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдураймова Сайяра Абдукаримовна

Пікірлер: 0

avatar