Сақ патшайымы Томирис

  • Жүктеулер: 17
  • Көрсетілім: 1103
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 06/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22945


Қысқа мерзімдік жоспарлау
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3А Сақтар Мектеп: С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 05.05.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Орынбай Ж
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:-
Сабақтың тақырыбы Сақ патшайымы Томирис
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме) 5.3.2.1 Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау
Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Томиристің сақ патшасы екенін біледі.
Басым бөлігі: Жазба деректер арқылы соғыстың сылтауы мен себебін ажырата алады.
Кейбір оқушылар:Тарихи деректердегі Томиристің бейнесін сипаттайды, сақ мемлекетінің халықаралық аренадағы орнын анықтайды.
Бағалау критерийі 1.Сақ патшайымы Томирис туралы жазба деректермен танысады.
2.Сақ патшайымы Томиристің жүргізген сыртқы саясатын біледі.
Тілдік мақсаттар
Оқылым бойынша ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, мәтінді оқу
Жазылым бойынша ұсыныстар: Томирис-сақ патшайымы
Кир- парсы патшасы

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылығы «Тарихтың , мәдениет пен тілдің біртұтастығы»
Пәнаралық байланыс География,дүние жүзі тарихы
Алдыңғы білім Сақ тайпалары
Жоспар
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

10 мин Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу.Оқушыларды топқа бөлу.
1.Томирис 2.Геродот 3. Кир
Үй тапсырмасын сұрау. Кім ? Не? Неге? Қашан? Қайда? әдісі бойынша Тасмола археологиялық мәдениеті тақырыбына талдау жасау:
1.Кім?- Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев
2.Не? - «Мұртты оба» ,археологиялық ескерткіш, Тасмола мәдениеті
3.Неге?- «Мұртты» обалардың орналасу аймағының анықталуына,Тасмола мәдениетінің ашылуына, ерте темір дәуірінің қоныстарының ашылуына негіз болды.
4.Қашан?- ХХ ғас ІІ жарт
5.Қайда?- Орталық Қазақстанда
сынып журналы,
дәптері

интербелсенді тақта, жұмыс дәптері,хронология кестесі

Сабақтың ортасы
23-минут

Жаңа сабақ Сақ патшайымы Томирис
Жұптық жұмыс
«Стоп кадр» әдісі бойынша тапсырма беріледі.Интерактивті тақтадан Томирис патшайымның суреті көрсетіледі.
Дескрипторлар:
1. Суреттегі кім деп ойлайсыңдар?
2. Ол туралы қай жерден естідің немесе оқыдыңдар?
3. Ол туралы кім жазып қалдыруы мүмкін?
4. Қай уақытта өмір сүрген деп ойлайсыңдар?
5. Суретке қарап оған қандай мінездеме бере аласыңдар?
6. Суретке қарап адамның әлеуметтік орны, мәдениеті туралы қандай ой қорытуға болады.
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс. «Құмырсқа стратегиясы» бойынша жұмыс.Оқушылар мәтінді оқып, өз жазғандарын толықтырады.
Тапсырмаларды оқып талқылауға 5 минут уақыт беріледі, уақыт аяқталғанда, топ мүшелері топта ойларын бөлісе отырып, , жұмыс жасайды.
Жаңа сөздерді дәптерге жаздыру
Томирис-сақ патшайымы
Кир- парсы патшасы
Жұптық жұмыс. Сөйлесетін серіктес әдісі бойынша 2-3- суреттегі деректерді талдау.

2-сурет. Геродот, «Тарих»

3-сурет Помпей Трог дерегі

1.Деректер не туралы?
2.Тарихшылар Томирис патшайымға қандай мінездеме берді?
3.Томирис пен Кир соғысының сылтауы мен себебі қандай?
4.Кирдің көздеген түпкі мақсаты қандай?

оқулықтар, интербелсенді тақта, сурет,қима қағаздар

интербелсенді тақта, қима қағаздар

Оқулықтар,
интербелсенді тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың соңы 10 мин

Қорытындылау.
Жеке жұмыс. Лездік диктант әдісі бойынша сұрақтар қойылады, оқушылар жауабын қағазға жазады.
1.Сақтардың танымал патшайымы.
2.Томирис қай жылдары өмір сүрген?
3. «Томирис әйел болса да қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы.
4.Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған грек тарихшысы, оның еңбегі.
5.Әлемнің төрт бұрышының билеушісі, «патшалардың патшасы» атанған кім?
Бір-біріне жұмыстарын тексерту.
Кемшілік + Жетістік кестесі әдісі бойынша бағалау
Кемшілік + Жетістік
Сабақ барысында жіберген кемшіліктерін немесе өзіне қиын болған жағдаяттарды
жаз.
Бұл жерге сол кемшілігін түзеуге көмектескен немесе
жағдаяттан шығуға қол ұшын созған оқушыны, болмас бір оқиғаны жаз. Өзінің қол
жеткізген жетістігіңді жаз.




Бағалау: Оқушыларды кері байланыс бере отырып , орындаған тапсырмаларына қарай және белсенділіктеріне қарай бағалау
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша сөзжұмбақ ,тест құрастыру

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз ? Бағалау-сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Кейбір оқушыларға: 1.Тарихи деректерде Томиристің бейнесі қалай сипатталған?
Барлық оқушыларға:
Томирис туралы тірек-сызба дайындау



Дескриптор Білім алушы
-Дала патшайымының қандай болғанын түсіндіреді
-Дала патшайымының қарсыласын біледі
-Томирис пен Кир шайқасының себебін атайды

Бағалау парақшасы бойынша бағалау
Аты-жөні 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма




Психологиялық жағымды ахуал туызу.Сергіту сәтін ұйымдастыру. Оқушыларды 2 қатарға тұрғызу.1-қатар Кир ,2-қатар Томирис деген кезде бір-бірінің қолын ұстап үлгеру керек.
Сабақ бойынша рефлекция Тәрбие.орг сайтынан Сақ патшайымы Томирис Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Орынбай Жайна Жаһангерқызы

ОҚО,Ордабасы ауданы,С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar