Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
  • 02.04.2016
  • 507 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18384

Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Мақсаты:
Білімдік: Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт-бағдар беру.
Тәрбиелік: Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу.

Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта , слайд, тапсырмалар жазылған парақтар, жұмыс дәптерімен жұмыс

Күтілетін нәтиже:
1. Сақ тайпаларының ел басқару ісі, әскери демократия, әлеуметттік топтары туралы білімдерін толықтырады.
2. Сақ патшаларының көрші елдермен жүргізген соғыстары туралы білімдерін жетілдіреді.
3. Парсылармен соғыс және жұмбақ сыйлық, оның мәні туралы өз қөзқарастарын , ой-пікірін білдіреді.
4. Сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы білімдерін жетілдіреді, ой-пікірлерін, көзқарастарын ортаға салады.

І. Қызығушылығын ояту.
«Галереяға саяхат»
Сақ тайпалары туралы суреттер, «Алтын киімді адам», Тәуелсіздік монументі, слайдтар

Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу. Топ басшыларын тағайындау.
1-топ: «Парадарайа»
2-топ: «Тиграхауда»
3-топ: «Хауомаварга»
4-топ: «Томирис»


ІІ. Мағынаны тану.
«Кең ауқымды лекция» стратегиясы.
Әр топ оқушыларына мәтін бойынша тапсырмаларды бөліп беру.
( 5-7 минут )

Топтық жұмыс. Картамен жұмыс (сақ тайпаларының орналасуы, шайқас орындарын анықтау)
ІІІ. Ой толғаныс.
Жұмыс дәптерімен жұмыс ( 22 бет )
Бес жолды өлең.
Эссе «Тәуелсіздік – тұғырым»
Тест тапсырмалары.
1.Сақтардың қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарды ?
А) құрылтай В) халық жиналысы С) патша сайлау
2. Сақ тайпаларының ішінде қанша билеуші әулет болды ?
А) 5 В) 2 С) 3
3. Жоғары билікке ие болған, тұңғыш патша әулеті ?
А) Липоксай В) Колаксай С) Арпоксай
4. Томирис патшайым шамамен қай жылдары өмір сүрген ?
А) б.з.б. 570-520жж В) б.з.б. 580-530жж С) б.з.б. 570-510жж
5. Дарийге жіберілген жұмбақ сыйлықтың шешімін кім тапты ?
А) Спаргапис В) Спитамен С) Гобри
6. Парсы патшасы Дарий қай жылдары сақ жеріне қай жылдары шабуыл жасады ?
А) б.з.б. 519-518жж В) б.з.б. 518-517жж С) б.з.б. 518-515жж
7. Б.з.б ҮІ ғ 540, 530, 519жж қай елдің патшалары сақтарға қарсы жорық жасады ?
А) Парсы В) ирандық Ахеминид С) грек-македон
8. Парсылармен соғыс кезінде кеөзсіз ерлік жасап,аты аңызға айналған сақ бақташысы ?
А) Шырақ В) Тарғытай С) Спаргапис
9. Сақтардың біраз бөлігі парсылармен одақтасып, қандай елге жорыққа шықты ?
А) Египет В) Сирия С) Иран
10. Сақ жауынгерлері қандай түсті киім киді ?
А) ақ киім В) жасыл киім С) қызыл киім
Жауаптары:
1. В 2. С 3. В 4. А 5. С 6.А 7. В 8. А 9. А 10 С

Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Хронологиялық кесте құрастырып келу. Тәрбие.орг сайтынан Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нысанова Нурия Муханбедьяровна

БҚО Орал қаласы №30 орта жалпы білім беретін мектебі Тарих және әлеуметтік-саяси пәндер мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар
Көрсетілім: 507 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar