Шілікті даласындағы ескерткіштерді зерттеудегі С.С.Черниковтың рөлі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 350
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 27/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20246


ҚазҰУ-нің т.ғ.к., доценті Омаров Ғ.Қ.,

«№1Предгорное орта мектебі»КГУ

Тарих пәні мұғалімі Копенова М.Е.

Шілікті даласындағы ескерткіштерді

зерттеудегі С.С.Черниковтың рөлі

Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеуге барынша үлес қосқан археологтың бірі – С.С. Черников болды. Сергей Сергеевич Черников 1909 жылы 24-шілдеде Белгоградта дүниеге келіп, 1976 жылы 7-қазанда Ленинградта қайтыс болған[1]. 1935 жылдан бастап Шығыс Қазақстанда өңіріне археологиялық зерттеулер жүргізіп, өмірінің соңына дейін айналысады. Ғалымның археологиялық зерттеу жұмыстарының көбі осы өңірмен тығыз байланысты болған. С.С.Черников Шығыс Қазaқстан археологиясының тек қола дәуірін ғана емес, ерте темір дәуірін, тас дәуірін зерттеп, әр дәуірге өзіндік кезеңдеме жасап кеткен. Соның ішінде ғалымның ірі зерттеулерінің бірі Шілікті қорғандары болып табылады.
Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданын да орналасқан.Осы жазықтың оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары бар.
С.С. Черниковке дейін Шілікті аумағындағы көне ескерткіштерді зерттеу жұмыстары ең алғаш рет ХІХ ғасырда белгілі болған еді.
1869 жылы «Томские областные ведомости» және 1887 жылы «Сибирская газета» басылымында берілді. Белгілі ресейлік өлкетанушы В. Никитиннің хабарламаларында Шілікті аумағы мен мұндағы ескерткіштерді былай сиппаттайды: «Шілікті алқабы (Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ таулары арасында, кеңдігі 50 верстіге жуық, ұзындығы 80 версті) Осы ұзындық бойымен солтүстіктен оңтүстікке, яғни Маңырақтан Тарбағатайға қарай саны 70-ке жуық, оның ішінде 20 шақтысы үлкен көлемімен ерекшеленеді. Барлық қорғандар ұқсас, үйме төбесінде воронка тәріздес шұңқыры бар, ал айналасы тастармен айнала шеңберлене қоршалған. Қазіргі кезде Шілікті алқабының үлкен қорғандарының төбесінде жаңа заман құрылыстары әлі сақтаулы күйінде тұр.
С.С. Черниковтың Шығыс Қазақстандағы жүргізген зерттеу жұмыстарының ішінде ерте темір дәуіріндегі сақ патша обаларының шоғырын табады. С.С.Черниковке дейін Шілікті обаларына аз ғана зерттеулер жүргізілген болатын[2, 103-107 бб.]
1949 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (ШҚАЭ) Шілікті даласында археологиялық арнайы барлау жүргізіледі. Археологиялық барлау нәтижесінде Шілікті обасында 51 қорғаннан тұратын сақ дәуіріне жататын ең үлкен обалар тобын табады. Осы жердегі орталық қорғаннан жыл санауымызға дейінгі V ғасырдың екінші жартысына жататын аң стилінде жасалынған алтын қапсырма және тағы да басқа көптеген заттар табылады. Оның солтүстік батысынан оңтүстік шығысқа дейінгі алып жатқан көлемі 8 км. Соның ішіндегі 13 қорғанның диаметрі 100 м, биіктігі 8-10 м болса, қалған қорғандардың диаметрі 20-дан 80 м-ге дейін жетеді. Осы жердегі орталық қорғаннан ж.с.д. V ғасырдың екінші жартысына жататын аң стилінде (аң табы) жасалынған алтын қапсырма және тағы да басқа материалдар тапқан. Осы жылы Шілікті қорымында орташа төрт қорғанға қазба жұмыстары жүргізілді. Топырақ және топырақ пен тас аралас үйінді астында қабір ұзынша болып келіп шығыс жағында дромосқа жалғасады. Тоналған қорғандардан адамның қаңқа сүйектері, ірі тұқымды ит қаңқасы, қола жебе ұштары, алтын жапырақша қаңылтыр, көлемді темір шығыршық (акинак жетесі), сүйек бұйымдар табылған. Алынған заттарға қарап С.С. Черников Шілікті қорымындағы №11,12,13,31 қорғандарды ж.с.д. V–IV ғасырлармен мерзімдеген. Бұл экспедиция 1952, 1959, 1960-1962, 1971 жылдары Шілікті алқабында қазба жұмыстарын жүргізген, бірақ аса бағалы бұйымдар табыла қоймаған. С.С. Черниковтың қазбаларынан табылған бас сүйектерге ( №7 қорған) антропологиялық талдау жасаған В.В. Гинзбург жазықты мекендеген көне тайпаларды андроновтықтарға өте жақын дей келе отырып, европеоидтық нәсілге жатқызады, бет сүйектерінің кейбір тұстарына қарап монголоидтық болуы да мүмкін деген өз ойын айтады [3, 238-259 бб.]. 1960 жылы Шілікті алқабындағы орталық қорымнан сақтардың № 5 қорғанына қазба жұмыстарын жүргізді. Қорған дөңгелек формада және оның диаметрі 66 метр, биіктігі 6 метр, ұсақ жұмыр тасты топырақ аралас үйіндіден тұрады. Бір таң қаларлығы қабір адам жерленгеннен кейін шамамен 50 жыл өткен соң тоналған. Мүрде орнында тек 8 жебенің қола ұштары және 4 алтын бұғының фигурасы қалған. Моланың оңтүстік батыс бөлігінде бас киімнің әшекей алтын бұйымдары мен екі адамның сүйек қалдықтары табылды. Бұлар тонаушылардың қорғанға түскен бағытына тұспа-тұс келгендіктен көп бүлінбеген. Қазба барысында көптеген алтын заттар табылды. Олардың қатарында: жебенің қола ұшы, қорамсақтың көптеген қалдықтары бар, сондай-ақ жалпы ұзындықтары 4,5-5 см, көлемі 1,2-1,4 см ассимтериялық-ромбылық формадағы жебе ұштары табылған. Бұғы түріндегі қапсырмалар қорамсақтарды әшекейлейтін 1 типтегі қола берельеф алтынмен қапталған. Жалпы саны 14 дана барлық бұғылар тек оң жағымен, аяғын жайып тұрған тұрпатта бейнеленген. Бүркіт түріндегі қапсырмадан – 9 дана болып табылды, бұндай әдіспен өңделген бүркіттің басы иіліп, тұмсығы ерекше етіп бейнеленген. 5 бүркіт қапсырмалардың басы оңға, ал 4-еуінің басын солға қаратып орналасқан. «Пантера» қабанның түрі- 29 дана, ол да сондай әдіс-тәсілмен өңделіп жасалынған. «Қабылан» бейнесіндегі аңның мүсіні де табылған. Қабанның толық 5 данасы алтын қаңылтырдан жасалынған. Қанатын жайып үш бұрышты схематикалық бас формасымен және құйрығын барынша кең жайған бір құстың қапсырмасыкездеседі. Тең қабырғалы үш бұрыш түріндегі тағылатын әшекей бұйымдар саны үшеу. Алтын қаңылтырдың 2 бөлігі табылған. Жалпы қорғаннан cалмағы 100,5 гр 524 алтын бұйымдар табылған. Барлық алтын әшекейлер жоғары зергерлік шеберлікпен жасалынған. С.С Черников № 5 Шілікті қорғандарынан табылған заттарды ж.с.д. VII-VI ғасырлардың жатады деп мерзімдеп кеткен [4, 18 б.]. Шілікті ауылынан 30 км шығыста Шағаноба өзені бойында, шығысы және батысында таулармен қоршалған жерде Шағаноба қорымы орналасқан. Оның шығысындағы үш қорған өзінің көлемі жағынан жояндығы мен ерекшеленеді, оның біреуінің (№ 1) диаметрі 95 м құрайды. Бұл қорғанды 1909-1910 жылдары семейлік гидротехник Г. Бокий бастап зерттейді, қазба қабырғасының құлап қалуына байланысты ол толығымен аяқталмайды. Мұнда 1959 жылы қайта басталған зерттеу жұмыстарын кезінде 14 шағын топырақ пен тас аралас қорғанда қазба жүргізілген, сонымен қатар малта тастан қаланған бір құрылысқа (№ 11) барлау траншеясы салынған. Тоналған қорғандардан 2 ұңғылы сүйек, 5 темірден жасалған жебе ұштары, тас қайрақ сынығы, сабы бар темір пышақ, қапсырмалы тесігі бар 16 темір қаңылтыр, анықталмаған үш темір пластинкалар, темір тілі бар екі қола айылбас және белдіктің қоладан жасалған фигуралы басы табылады. Табылған заттарға қарап бұл қорымды ж.с.д. VI-V ғасырларға жатады деп айтып кетеді.С.С. Черников 1961 жылы Шілікті алқабындағы басталған зерттеу жұмыстарын қарап. 1962 жылы бұл экспедиция өз жұмысын ортанғы Шілікті қорымындағы үлкен көлемдегі №35 қорғанда қазба жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмысты 1971 жылы аяқтайды[5, 15 б].

Қорыта келгенде С.С.Черниковтың Шілікті даласындағы обаларды зерттеу жұмысын қазіргі таңда т.ғ.д. профессор Ә.Т.Төлеубаев жалғастыруда. 2003 жылы т.ғ.д. профессор Ә.Т.Төлеубаевтың басшылығы мен жүргізілген экспедицияда Шілікті алқабынан б.з.д. Vғ жататын алтын бұйымдар табылды. С.С.Черников қалдырған бұл мұра әлі күнге дейін өз жалғасын табуда.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



• Кадырбаев М.К. Сергей Сергеевич Черников/Известия КазССР. Серия общественных наук. 1976. №6. С. 88-89
• Төлеубаев Ә.Т. Шіліктіден шыққан ерте сақ алтыны// Қазақстанның мәдени мұрасы: жаңалықтары, мәселелері, болашағы. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. 19 қазан 2005 ж. – Алматы, 2005.

• Гинзбург В.В. Антропологическая характеристика древнего населения Восточного Казахстана.//Антропологический сборник. Москва 1956, №1, 238-259

• Черников С.С. Загадка золотого кургана: где и когда зародилась скифское искусство. – М.: Наука, 1965.

• Омаров Ғ.Қ. Шілікті және Шағаноба қорғандарының зерттелуінен (С.С.Черниковтың жарияланбаған 1959 жылғы архив материалдары негізінде) //«Қазақстандағы этностардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері мен сақтау перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинардың материалдары (28-29 қараша 2008жыл). – Алматы: Қазақ университеті, 2009 Тәрбие.орг сайтынан Шілікті даласындағы ескерткіштерді зерттеудегі С.С.Черниковтың рөлі Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Копенова Мадина Еркинбековна

Пікірлер: 0

avatar