Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783 – 1797 жылдардағы көтерілісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 400
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22492


Сабақтың тақырыбы:Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783 – 1797 жылдардағы көтерілісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1783 – 1797 жылдардағы көтеріліс,қазақ шаруаларының феодалдық және отарлыққа қарсы бағытталған азаттық қозғалысының басталуы,сипаты,барысы,тарихын,маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ойландыратын сұрақтар қою арқылы өз ойларын,пікірлерін айтуға үйрету,шығармашылық белсенділігін арттыру, көрнекті тұлғадан өнер алуға баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында азаттық, бостандық үшін күрескерлерді мақтан тұту сезімдерін қалыптастыру,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту және бекіту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап,іздену,талдау,пікір айту,тақырып бойынша ой – толғау,схема бойынша талдау технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі:ҚР. картасы, Сырымның портреті,кестелер,сызбалар,тақырыптық суреттер, слайдтар, венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет ,география.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 – 2 мин)
II.Үй тапсырмасын қорытындылау, жаңа сабақпен байланыстыру,топпен жұмыс:
1. Академик М.Қозыбаев Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстарды неше кезеңге бөліп қарастырды?
2. «Ұлт – азаттық қозғалыс» ұғымын түсіндіріңдер?
3. Ұлт – азаттық қозғалыстың негізгі мақсаты не?
III. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық – «Ой түрткі салу» кезеңі:
Оқытушының топ оқушыларына қоятын сұрақтары:
1.Отар ел деп қандай елді айтады?
- Отар ел деп басқа елге толықтай тәуелді,бағынышты елді айтады.
2.Ұлт – азаттық ұғымын қалай түсінесіңдер?
-Отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
-Отар елдерге тән табиғи құбылыс, ол көп халық қатысқан қарулы қарсылық.
-Ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру
IV. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:
Ендеше бүгінгі сабағымызда Тәуелсіздігіміздің ірге тасын қалаушылардың бірі,тарихи тұлға, ұлт – азаттық қозғалыстың басшысы Сырым Датұлының тарихи тұлғасына үңілеміз.

Слайдтар арқылы оқытушының түсіндіруі: (15 – 20 мин)
1. Көтерілістің алғышарттары:
- Патша үкіметінің қазақ жерін отарлауы.
- Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы.
- 1782ж. патша Жарлығы бойынша:
1. Қазақ жерінің қазақтарға берілуіне тиым салу.
2. Жалға алынған жер үшін ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды
- Кіші Жүздегі хандық биліктің әлсіреуі
2. Көтерілістің басты мақсаты:
- Бұрыннан қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
- Орал казак әскерлерінің қазақтың жерлерін тартып алуын тоқтату.
- Нұралы ханның патша үкіметін ашық түрде қолдауға көшуі.
3. Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері:
- Сырым Датұлы;
- Қарапайым қазақ шаруалары,
- Билер, Батырлар
4. Көтерілістің сипаттамасы:
• 1783 ж. көтерілісшілер мен Орал казак әскерінің арасындағы күрес
• 1785 ж. Смирнов, Колпаков, Назаров басқарған әскерлер қазақ ауылдарын тонады
•1785 ж. Кіші Жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан түсіру туралы шешім қабылдауы.
• 1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа
жағына өтіп кетті.
•1802 ж. Хиуа жерінде қаза тапты.

5. Көтерілістің жеңілу себептері:
- С. Датұлы бірден екі күшке қарсы күрес жүргізгені.
- Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы
- Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі,
руаралық қайшылықтар.
- Қару жарақтың аздығы.
6. Көтерілістің тарихи маңызы:
- Қазақ жеріндегі ең ұзаққа, 14жылға созылған отарлық езгіге қарсы көтеріліс.
- Патша үкіметін қазақтармен санасуға мәжбүр етті.
- 1801 ж. Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге. мал жаюға рұқсат етті.
V. Жаңа сабақты бекіту:
1. «Сырым Датұлы» деп аталатын класстерді толтыру,яғни оқушылар бір – бірден шығып тақтаға толтырады.

1.Батыр 5.Саясаткер
2.Шешен 6.Айлакер
3.Ақылға бай 7. Ержүрек
4.Тапқыр

2.Оқушыларды картамен жұмыстандыру:

Топ оқушыларына сұрақ:
1)Картадан С.Датұлы бастаған көтерілістің аумағын көрсетіңдер?
2)Қандай өзеннің жағалауында осы көтеріліс болды?
3)Батыс Қазақстан жерінің бұл көтеріліске қандай қатысы бар?

3.Венн диаграммасы:
С. Датұлы мен Е. Пугачев бастаған көтерілістің ортақ белгілері:

С. Датұлы бастаған көтеріліс:
-Ресей отаршылдығына қарсы ашық күрес жүргізілді.
-Қазақ жеріндегі ең ұзаққа созылған көтеріліс
-Қазақ елінің батысындағы ірі халықтық бас көтеру.
Е. Пугачев бастаған көтеріліс:
-Орыс - қазақ шаруалары бірікті.
-Көтерілістің қозғаушы күші – қарапайым шаруалар.
-С. Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісінің шығуын тездетті.
Ортақ белгілері:
-Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.
-Қазақ жерінде патша әскерінің бекіністерінің көптеп салынуы.
Нәтижесі:Патша үкіметі қазақтарға Жайық өзені бойында көшуге, мал жаюға рұқсат етті.

Сонымен оқушылар қазіргі кезде С.Датұлына:
1.Батыс Қазақстанда музей ашылды.
2.Ескерткіш орнатылған
3.Сырым атында ауыл мектептері бар
4.Конференциялар өтіп тұрады

Бағалау:
Үй тапсырмасы:«Неге С.Датұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс 14 жылға ұзарды және бұл көтерілістің Тәуелсіз Қазақстанға қандай қатысы бар?» осы тақырыпқа қысқаша пікір жазу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:Ендеше бүгінгі сабағымызда Сырым Датұлының тарихи тұлғасына ғана үңіліп қана қоймай, бұл көтерілістің қазақстан тарихында қандай орын иеленетінін талдадық. Әрине бұл көтеріліс қазақ халқы үшін мыңдаған жыл бойы аңсаған Тәуелсіздікке жетуіне ықпал етті. Сабақ барысында оқушыларға бізге еркіндіктің оңай келмегендігі жөнінде тоқталдым. Бұл көтеріліс қазақстан тарихында 14 жылға созылған ең ұзақ көтеріліс болып алтын әріптермен жазылды.Осындай ұлт – азаттық қозғалыстар мен қазақ халқын бастайтын қолбасшылар болмағанда еркіндікке қол жеткізу мүмкін емес еді. Тәрбие.орг сайтынан Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783 – 1797 жылдардағы көтерілісі Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ефремова Мира Маликовна

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек колледжі Тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar