Түргеш қағанаты

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 370
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22547


Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 7 Мерзімі:
Тақырыбы: Түргеш қағанаты
Мақсаты: Оқушыларды VIII ғасырда қазақ жерiн мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономика¬лық және мәдени дамудың бағытымен таныстыра отырып, соғдылар туралы тyciнiк беру
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Түргеш қағаны Сұлудың жүргiзген саясатымен таныса отырып, iшкi және сыртқы саяси бағыттарына талдау жа¬сап, өз ойларын жүйелi жеткiзе біледі
Бағалау критерийлері: Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер
«Миға шабуыл,» «Жигсо», Сәйкестендіру,Өмірлік ахуалды талдау.
Қолданылатын ресурстар Маркер,тақта,стикер,нодбук,кітап.
Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу
Түгендеу
Топқа бөлу
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІҮ топ

Тренинг

Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызымын. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.Оқушыларды «Атом Молекула » тренингі арқылы топқа бөлемін. Топ ережесін еске түсіремін.
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.Әр оқушы айтқандары бойынша топ құрып орындарына отырады.Сабаққа керекті құралдарды әзірлеп,дайындайды.6 оқушыдан төрт топқа бөлінеді.Бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Сабақ кезеңдері
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті.
Білім

Қызығушылықтарын ояту

«Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақ -жауап Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диологқа түсіру.Топ бойынша өткен тақыраптар бойынша сұрақ-жауаптарға дайындық жасау.

Мұғалім берген тапсырманы орындау.Үйтапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді,шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу.

Түсіну

Термин сөздермен жұмыс
Хронологиялық кесте


Дәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс

Оқушылар тыңдайды, жылдам әрі нақты жауап береді

Қолдану
«Сәйкестендіру» тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру арқылы сабаққа қолдану Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі. Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді, ойланады Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді. Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диологке түседі.
Сергіту сәті «Балапандар биі» атты жаттығу жасау Оқушылырмен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

Талдау «Жигсо» әдісі бойынша. Кітаппен жұмыс тақырыптарға шолу.Материал төрт бөлімге бөлінген. Абзацтар бойынша .Бірінші бөлім : Тарихи оқиғалар. Бағалау критерийі (қалыптастырушы бағалау) атап беру, сипаттама 6 балл
Оқиға туралы өз дәлелдемесі келтіру- 6 балл; өз пікірін ,бағасын айта, жаза білу -6 балл; кесте толтыру -1 балл
Жиынтық баға : 10 балл- «5» алады.
Түргеш қағанатының сол кезеңдегі экономиканың дамуына қаншалықты әсері болды ?

Топтарға жаңа тақырып бойынша кітаппен жұмыс Бағалау критерийлерін экранға шығару. Кесте толтыру, сипаттама беру, салыстыру жұмыстары. «Жигсо» әдісі туралы түсінік беру : төрт топтың тапсырмасы әр түрлі. Топта сызба, кесте түрінде талқылап болған соң нөмірлері бойынша жанұялық топтарына қайта оралады.

Бірінші нөмірдегі оқушылар : тақырып бойынша сипаттау оқиғаны, басты датаға назар аудару; екінші нөмірлер: материалдағы термин сөздерге анықтама құрастыру; үшінші нөмірдегі оқушылар тақырып бойынша ішкі және сыртқы жағдай бойынша оқиғаны талдау, сипаттау, салыстыру, түйіндеу ;төртінші нөмірдегі оқушылар оқиғаның толық тарихи маңызына талдау жасау:

Жинақтау «Өмірлік ахуалды талдау»әдісі арқылы тақырыпты сабақты жинақтау
Әр оқушының түйін жасай білуі ескеріледі.
Қазіргі кезеңге шейін тарихта Түргеш қағанаты туралы материалдың сақталып қалу себебі неде деп ойлайсың ? Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағазды топқа таратады және қосымша материалдар үлестіріледі. Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жеткізе отырып тақырыпты сипаттау арқылы жинақтайды.
Археологиялық қазбалар не дейді ?
Бағалау

Қазіргі кезеңге шейін тарихта Түргеш қағанаты туралы материалдың сақталып қалу себебі неде деп ойлайсың ?
Бағалау критерийлері кесте толтыру : 1 балл
Дәлелдеме : 6 балл
Эссе 6 балл

Сенің жеке көзқарасың ? 4 минут
Күшті жақтары Әлсіз жақтары


Оқушылар екіге бөлінуі мүмкін. Түргеш қағанатында орнатылған билік структурасының мықтылығы,
Екінші топ –әлсіздігі. Неге күйреді, осы кезге шейін оның сақталу мүмкіндіктері болды ма ? Түргеш қағанатының қазақ халқының қалыптасуына рөлі қаншалықты болды Дәлелдеу. Осы арқылы Түргеш қағанатының этникалық тайпалардың тарихи маңызын дәлелдеу (эссе жазу)

Рефлексия


Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Сабақтан алған әсерім?
3. Менің сұрақтарым

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

Ұсынылған стикерді толтыру.
Жариялау. Галерея.

Үйге тапсырма Мәтінді оқу қосымша мәлімет жинақтау. Зерттеу жұмысы. Түргеш қағанатының тайпалық одақтары және қазақ халқының қалыптасуына әсері. Зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамы, эксперимент.

Қорытынды

Рефлексия жасау
Үйге тапсырма

Оқушы өзін-өзі бағалайды
Белгіленген критерийлер бойынша өзін – өзі бағалау.
Талқылауға қатысу-3 балл.өз көзқарасын айту және топтың соңғы мәтінінде оны дәлелдей білу.Жалпы баға-4 балл барлығы 10 балл Тәрбие.орг сайтынан Түргеш қағанаты Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ракымбаева Марал Лазаровна

Пікірлер: 0

avatar