«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 927
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22524


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Милы орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»
(әдістемелік бірлестігінде)

Дайындаған: Бүркітбай Сандуғаш
Тарих пәнінің мұғалімі

2016-2017 оқу жылы

Сайыстың мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.
Көрнекіліктері: слайдтар
Сайыстың жүру барысы:
1-жүргізуші:
Халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Пешенесіне жағдайлы тағдыр батпандап қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып, әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан – көк байрақты нұр елдің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім!
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын!

Мұғалім: тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік – кешегі қанға бөккен боздақтардың рухы. Әрісі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат-мұраты еді. Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық келешегі-білімді ұрпақ.

жүргізуші: Ойынға қатысушы 5 және 6 сыныптарының талантты, дарынды оқушылары
Қазылар алқасы:
(Бағалау парағы беріледі. )
Сайысқа қатысушы топтардың өздерін таныстыруын сұраймыз
Сайыстың кезеңдері:
1 кезең. Блиц-турнир
Ойынның шарты әр сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
2 кезең. Тарихты білесің бе? Топ басшыларына сұрақ 10 ұпай
3 кезең . Ділмар
Ойынның тақтада берілген тақырыптардың бірін таңдап алып, сол бойынша әңгіме құрастыру. Онда оқушы шешендік өнері, ой қоры, тіл байлығымен ерекшеленуі қажет. (5 минут уақыт беріледі)
4 кезең. Тіл өнері
Берілген мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың жалғасын тауып жалғастыру. 10,20,30, ұпай

5 кезең.
кезеңі «Қызықты сөздер» деп аталады
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі

6 кезең.
Бәйге
Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады . Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан

жүргізуші: Сонымен ойынымыздың 1 кезеңі «Блиц-турнир».
Ойынның шарты әр сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
Бірінші топ үшін:
1.Шығыстағы тарих атасы Сыма Цянь (ия)
2.КСРО 1991 жылы тарады. (ия)
3.Қазақстан Республикасының рәміздері 1990 ж. қабылданды (жоқ)
4.Жер шарындағы ең көп халық қытайлар(ия)
5.Елтаңбаларды зерттейтін ғылым - нумизматика(жоқ)
6.Қазақтың үлкен атасы- Алаш(ия)
7. Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлінеді (жоқ)
Екінші топ үшін:
1.Батыстағы тарих атасыГеродот (ия)
2.Қазақ Кеңестік Автономиялы Респупликасы 1920 ж. құрылды(ия)
3.Қазақтың тұңғыш академигі Ш. Уәлиханов (жоқ)
4.Ежелгі түріктер руна жазуын пайдаланды (ия)
5.Адамдар тіршілгін заттық деректер арқылы зерттейтін ғылым- этнография(жоқ)
6. Қазақстан жерінде қола дәуірінде арий, тур, қиян тайпалары өмір сүрген(ия)
7.Тарихи дерек көздер төртке бөлінеді(жоқ)

2- жүргізуші: Қазылар алқасынан Бірінші кезеңнің ұпайларын айтуды өтінеміз
1-жүргізуші: Ойынымыздың екінші кезеңі «Тарихты білесің бе?»
5 -6 сыныпқа арналған 20 сұрақ берілген. Алғашқы 10 сұраққа 1- топ, ал кейінгі 10 сұраққа 2- топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
2-жүргізуші:
1. Алтын адам тобына

1. ҚР-ның рәміздерін ата? (ту, елтаңба, әнұран)
2. Тарих сөзі қандай мағнаны білдіреді? (зерттеу, өткен оқиғалар жайлы әңгіме)
3. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? (4 кезеңге Ежелгі қазақстан тарихы, Орта ғасырлардағы қазақстан тарихы, Жаңа замандағы Қазақстан тарихы, Қазіргі замандағы қазақстан тарихы)
4. Ұлы отан соғысы қай жылдары болды? (1941-1945 ж)
5. Қазақ хандығының құрылған уақыты? (1465 ж)
6. ҚР-ның мемлекеттік Гимнінің авторлары? (Сөзін жазған: Ж.Нажімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов)
7. Батыс әлеміне «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болған грек тарихшысы? (Герадот)
8. Қр-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы президент болып сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан)
9. Карта немісше қандай мағнаны білдіреді? (түпнұсқа)
10. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай жылы пайда болды? (1 млндай жыл бұрын)

2 топ. Алаш тобына

1. ҚР-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды? (1995 ж 30 тамызда)
2. Алматыдағы желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? (1986 жылы 17-18 желтоқсанда)
3. ҚР-ның ұлттық валютасы қай жылы айналымға енгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
4. Әлемде қанша этнос бар ? (3000)
5. Тас дәуірі нешеге бөлінеді? (3ке Ежелгі тас д палеолит, орта мезолит, жаңа неолит)
6. Ұлы Жібек жолы қай елден басталды? (Қытай Чаньан қаласынан)
7. Ғалымдар алғашқы адамды қалай атады? (Епті адам. Африка ОЛдувай шатқалынан осыдан 1 млн750 мың жыл бұрын.)
8. ХІІІғ қазақ жеріне зұлмат жорық жасаған манғолқолбасшысы? (Шыңғысхан)
9. Отырар қаласы неше дуалмен қоршалат? (екі біріншісі қаланы қоршап тұрса, екіншісі ауқатты адамдар тұратын орталық бөлігін қоршап тұрды)
10. «Диуани лұғат-ат -түрк» еңбегінің авторы? (М. Қашқари)

1-жүргізуші: Ойынымыздың келесі кезеңі «Ділмар»
2-жүргізуші: Ойынның тақтада берілген тақырыптардың бірін таңдап алып, сол бойынша әңгіме құрастыру. Онда оқушы шешендік өнері, ой қоры, тіл байлығымен ерекшеленуі қажет. (5 минут уақыт беріледі)
1 топ үшін : «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел», «Қазақ елінің хандары»
2 топ үшін: «Тіл – ұлт байлығы», «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»
Сайысымыздың келесі төртінші кезеңі «тіл өнері» деп аталады
Тіл – тіршіліктің тірегі. Сондықтан да тілге қатысты сөз бүкіл тіршілігімізге қатысты болуы керек. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы 3 тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» екендігін атап көрсеткен екен. Сондықтан тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетінен нақты айтсақ, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар осы бөліме сайыс ретінде өтеді. Тақтада ілінген 10 кеспе қағаздан әр топтың оқушылары мақал-мәтелдің жалғасын немесе жұмбақтың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз керек.
Толық жауапқа 30 ұпай, жартылай жауаптарға 20-10 ұпай. Ал, ендеше іске сәт!

Қалауын тапса -... жанар.
(қар-снег-snow)

Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі ... терең.
(теңіз – море- sea)

Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді
(ауа – воздух- air)

Қанатсыз құс қалқып барадды,
Көзінен жасы тамып барады
(бұлт-облоко- cloud)

Көп түкірсе - ...
(көл – озеро- lake)

Адал достық ... қымбат.
(алтын-золото-gold)

... ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – жанарсың
(су-вода- water)

Қыздың киімін тастайды,
көктемде киіне бастайды.
(ағағш – дерово-wood)

Ағаш көркі - ...
Адам көркі – шүберек.
(жапырақ-листья-leave)

... инемен құдық қазғандай
( білім- знание- - )

Сайысымыздың келесі кезеңі «Қызықты сөздер» деп аталады
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі

1 топ – Алтын адам тобына
1. Топонамика нені зерттейі? (жер-су аттарын)
2. тымақ – түлкі терісінен тігіліген ер адамның бас киімі
3. Нумизматика қандай ғылым? (тиындар, құйма ақшалар, ақша айналымын зерттейтін ғылым)
4. Геральдика ұғымы? (елтаңба тану ғылымы,елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін ғылым)
5. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі

2 топ – Алаш тобына
1. Этнография - ? (халықтың шығу тегін,тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрып ерекшелігін зерттейтін ғылым.)
2. Конституция – ата заң
3. Архиология – заттай дерек бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
4. Этнос дегеніміз – белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен діні, шығу тегі ортақ ұлт.
5. Карта – жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы

1-жүргізуші: Ойынымыздың келесі кезеңі «Бәйге»
Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады . Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан
А В Г Ғ
Ә Б И
З
К Қ М Н
Т Ұ С
У Ш
І Э Я
А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б- Астана қаласының символы ғимарат /Бәйтерек/
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г- Тарихтың атасы /Герадот/
Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/

З- Сиырдың пірі /Зеңгі баба/
И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/
К- Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/
Қ- Төкпе күйдің майталман шебері(Құрманғазы
М- Кеңес Одағының Батыры (М. Мәметова)
Н- Көне иран сөзі, «жаңа күн» дегенді білдіреді (наурыз)
С- Б.з.б. І мыңжылдықтағы қазақстанның тұрғындары (сақтар)
Т- Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
У- Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
Ұ- Абайдың анасы (Ұлжан)
Ш -1835-1865 жылдарда өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымы (Ш. Уәлиханов)
І- Сүттен жасалатын тағам (Ірімшік)
Э-Халықтардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/
Я- Ауызша тарих ұғымын тұңғыш қолданған Адам (Ян Вансина)
2 жүргізуші: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті.
1 жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық Ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба арына.
2 жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
1 жүргізуші.: Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.
Марапаттау рәсімі.

Бағалау парағы

Топтар Блиц-турнир Тарихты білесің бе? Ділмар Тіл өнері Қызықты сөздер
Бәйге Барлық ұпайлары




Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бүркітбай Сандуғаш

Пікірлер: 0

avatar