Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тың және тыңайған жерлерді игеру
  • 08.06.2016
  • 530 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19180

Пән Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың түрі (оқытудың) құрама сабақ

Сабақтың мақсаттары:

Оқу Оқушыларға сол кездегі солақай саясаттың жүргізген тағы бір саясаты Тың игерудің мақсаты мен міндетін түсіндіре келе, оның жүргізілу барысын, қазақ даласында орын алған кемшіліктер мен қиындықтарды жете ұғындыру.Жағымсыз құбылыстары мен демографиялық ахуалды, салдарларын, жағымды құбылыстарын түсіндіру.

Тәрбиелік Оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікті түсіне білуге, Отан тарихына деген мақтаныш сезімін оятып, елжандылыққа, өткенге құрметпен қарай білуге, сарабдалдыққа, толеранттық пен ымырашылдыққа тәрбиелеу

Жетілдіретін Оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытып, тіл байлықтары мен сөйлеу мәнері қабілеттерін жетілдіру;

Пәнаралық байланыстар
Дүние жүзі тарихы, мәдениеттану негіздері
Сабақты қамтамасыз ету.
Көрнекі құралдар тірек кестелер, тезистік анықтамалар, слайд-презентация,
Оқытудың техникалық құралдары компьютер, слайд-презентация, интерактивті тақта

Негізгі әдебиет
1. Қазақстан тарихы ,Жұмақаева Б.Д ,248-250 беттер
2. Қазақстан тарихы очерктер
3. Қазақстан тарихы, Жұмақаева Б.Д, «Эверо» 2011, Алматы
4. Қазақстан тарихы Ч.Мусин
Қосымша әдебиеттер:
1. Назарбаев.Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы. «Атамұра».1999.
2. «Жауды шаптым ту байлап» М,Қозыбаев
3. «Қазақтың арғы-бергі тарихы» Х.Маданов

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі --------------------------------------------------- 5 минут
2. Үй тапсырмасын сұрау ----------------------------------------------- 25 минут
3. Жаңа материалды мазмұндау --------------------------------------- 30 минут
4. Өзіндік жұмыс. Бекіту ------------------------------------------------- 25 минут
5. Бағалау Үй тапсырмасын беру ---------------------------------------5 минут

Сабақтың мазмұны

1 2 3
№ Сабақ элементтері , оқу сұрақтары оқыту формалары мен әдістері Қосымшалар,
өзгерістер,
ескертулер
1 Оқушыларды сабаққа бейімдеу, қажетті құралдарды айтып өту,
әдебиеттермен таныстыру, жаздыру, пәннің жұмыс барысын,
талаптарын түсіндіру

2 Үй тапсырмасын 5 оқушыны жазбаша жауап беруге отырғызып,
5 оқушыға тест сұрақтарын беріп, 5 оқушыға өзіндік жұмыс
тапсырмаларын жасатып, 5 оқушыдан ауызша жауап алу.
Оқушылармен бірлесіп үй тапсырмасын қорытындылау.

3 Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсат-міндеттерін түсіндіріп
өтіп, жаңа сабаққа кірісу. Тақырыпты бастау үшін оқушылардың
мектепте алған білімдерін пайдаланып, «Ассоциация» әдісін қолданып,
«1954 жыл» дегенде ойларыңа не түседі деп сауал тастау. Осыдан келіп
бүгінгі сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстырып, тірек кестелер
арқылы дәріс жаздырту. Сабақты қазақ халқының ауыртпалығымен
ұштастырып баяндау.

4
Оқушыларға өзіндік жұмыстар беру, нақыл сөздермен жұмыстануын,
Нақыл сөздерге анықтама беруін талап етіп, оқушылардың сөйлеу
мәнерін қалыптастырып, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін
жетілдіру. Сабақты «Мен білемін» стратегиясымен әр оқушыға бүгінгі тақырыптан алған ойларын айтқызып қорытындылау

5
Оқушыларды алдымен тақырыпты жүйелі игеру қасиеттерін ескере
отырып, олардың өз ойларын жеткізе білу ерекшеліктеріне қарай
жекелеп түсіндіріп айтып өтіп бағалау.
Үй тапсырмасын беруде кітаптағы тақырыпқа арнайы сілтеме беру,
дәрісті оқып келу, анықтамаларға арнайы тоқталуды ескерту,
ауызша айтуға дағдылану; Халық мақалдарын ізденіп келуді тапсыру
Деңгейлік тапсырма «Көтерілген тың – достық пен бірлік бастауы»
тақырыбына шағын эссе жазып келу

Оқытушы Оспанова А.М ___________ _________
А.Ж.Т. Қолы

Ақпараттық блок

XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.
Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы жер 223 млн. гектарға жетті.
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;
4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды.
Тың игерудің жағымды жақтары:
1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.
Республика бидайдын бағадьқ қатты және кушті сорттарын өндірудің орталығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді
2) 1954-І977жылдар аралығында республикада ауыл шаруашылығынын барлык салаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаев (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғаннан астык өндіру 7 есеге, ет – 5, сут – 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толық өтелді” – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты;
3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.
Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:
1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден,Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;
3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:
• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;
• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды.
Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:
4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісініде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:
5) Тың игеру ата мекеннің халқы қазактардың үлес салмағыиың кемуіне әкеліп соқтырды.
Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.
Тың эпопеясының кейбір түстарын айғақтай түссек, оңда:
1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары Қазақстан даласыңда жыртылды;
2) астықты бес – Костанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне Павлодар – облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады;
3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп тартылды. 1954 жылдың мамыр айының өзіңде ғана республиканың тың өлкесіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен 2 миллионға жуық адам келді;
4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11,3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының өрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесінетиді;
5)республика 1956 жылы І млрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды.
6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді.
Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, “Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3,5 мың тың ардагері марапаттадды.

1. Тақырыпты бекіту сұрақтары:
1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?
2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті?
3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?
4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?

ІІ Студенттердің өз бетімен атқаратын жұмыстары

1. Кестені толтырыңыз:



2. кестені толтырыңыз:



кестені толтырыңыз:

Тың игерудің жағымды жақтары Тың игерудің жағымсыз жақтары











«3 жақты күнделік стратегиясы»

Негіз Түсіндіріңіз Мысал келтіріңіз
Тың игеру жылдарындағы демографиялық ахуал

«Жылдарды сөйлетіңіз»

1. 1954 жыл қаңтар-наурыз –
2. 1954 жыл 13 тамыз -

ІІІ. Бақылаушы блок
1. Тың ж/е тыңайған жерлерді игеру басталды

А. 1954
Б.1956
В.1945
Г.1955

2. 1954ж Іж.да тың жерді игеру үшін 20 мыңнан астам адам қай обл. Келді

А. Орал обл
Б. Атырау обл
В. Орынбор
Г. Ақмола обл

3. 1954-1956 жж. – Қ Компартиясы ОК-нің екінші, соңынан бірінші хатшысы болып.

А. Хрущев
Б. Қонаев.
В. Брежневтің
Г. Голощекин

4. 1954-1958 жж. – ҚАЗАҚСТАНда неше кәсіпорын орындары іске қосылды.

А. 530
Б. 560
В. 700
Г. 730

5. 1954-59ж ҚАЗАҚСТАНда тың жерді игеруге жұмсалған қаржы мөлшері:

А. 20 млрд сом
Б. 300 млрд сом
В. 50 млрд сом
Г. 10 млрд сом

6. 1954-1962 жж. – тың игеру кезінде ҚАЗАҚСТАНға қанша адам көшіп келді

А. 5 млн
Б. 2 млн
В. 2,5 млн
Г. 1,5 млн

7. 1954-65ж рес-ның өнеркәсібінде, құрлысы мен көлік түрлерінде жұмыс істеу үшін қанша адам келді?

А. 0,5млн
б. 0,2млн
в. 1 млн
г. 0,1млн

8. Тың жер¬лер игерілетін негізгі аудан¬дар:

а) Орал, Торғай, Ақтөбе
б) Көкше¬тау, Жезқазған, Қызы¬лор¬да
д) Қос¬та¬най, Ақмо¬ла, Пов¬ла¬дар
с) Өске¬мен, Се¬мей, Тал¬дықорған

9. Тың иге¬ру кезінде басқа рес¬публи¬кадан көшіп ке¬ген¬дер, не¬ше жылға ауыл ша¬ру¬ашы-лығы са¬лығынан бо¬сатыл¬ды?

а) 1–3 жылға
б) 2–5 жылға
д) 4–8 жылға
с) 10 жылға

10. Тың жер¬лерді иге¬ру са¬яса¬тының жағым¬сыз жақта¬ры:

а) Рес¬публи¬каның ұлттық ерек¬шеліктері ес¬керілмеді.
б) Мәде¬ни ор¬та¬лықтар азай¬тыл¬ды
д) еңбекшілер еңбек ер¬лерін көрсет¬педі
с) эко¬номи¬каның басқа са¬лала¬рының да¬му¬ына кері әсер етті Тәрбие.орг сайтынан Тың және тыңайған жерлерді игеру Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оспанова А.М

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 530 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar