Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«XXI-ғасыр көшбасшысын»
  • 06.03.2016
  • 387 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17022

Наманова Саида Тельманқызы
тарих және география
пәнінің мұғалімі
Қайырлы күн құрметті көрермен
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде қанат жайып кемелден
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Ғылымдардың ғылымы
География жайында
«XXI-ғасыр көшбасшысын» бастаймыз-дей келе ортаға интеллектуалды думанға қатысатын оқушыларды шақырайық:

1. Сәді Аружан
2. Сәрсенбек Нұрай
3. Тохтар Шұғыла
4. Абитали Мағжан
5. Мухаметова Анара
Жүргізуші: Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әдіпқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер-деп әділқазы алқасымен таныстырамыз
1. Мектеп директоры Сартолов Қанат Әбәлжанұлы
2. «Зерде» пән бірлестігінің жетекшісі Жанұзақов Бауыржан Оспанұлы
3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдыкалиева Дамеш Зайнаханқызы
География пәнінен сайысымыз жеті бөлімнен тұрады
1. Бәйге
2. Жанды сұрақ
3. Білгенге маржан
4. Полиглот
5. Кім жылдам
6. Логика әлемінде
7. Оратор
Жүргізуші:Жарысқа қатысушы алты оқушының ұпай аз жинаған
екеуі екі бөлімнен кейін шығып отырады, соңғы үш бөлімге екеуі қалады.
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жарыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып сайысымыздың «Бәйге» деп аталатын бірінші бөлімін бастаймыз.
1-ші бөлім «Бәйге». Бұл бөлімнің шарты былай географиялық анықтамалар мен сұрақтар оқылады, әрбір жауап он баллдық жүйемен есептелінеді.

1. «Экология» сөзінің анықтамасы
Жауап: Экология гректің «ойкос» сөзінен үй, мекен ету орны және «логос» ғылым немесе ілім. Тірі организмдердің өзара қатынасы мен қоршаған ортаның жағдайы жайындағы ғылым
2. Күннің төңірегінде Жерді қоса есептегенде сегіз ірі ғаламшарлар бар, оларды атаңдар.
Жауап: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
3.Галактика дегеніміз не?
Жауап: Өте көп жұлдыздардың жиынтығы мен жұлдыздар жүйесі галактика деп аталады.
4. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар
Жауап: Меркурий
5. Марстың түсі неге қызыл?
Жауап: Себебі Марс топырағының түсі қызыл күрең болғандықтан оның бетінен көтерілген шаң-тозаң қызғылт түсті.
6. Цезарь жасаған күнтізбе қалай аталады?
Жауап: «Юлий күнтізбесі»
7. Глобус дегеніміз не?
Жауап: Жердің барынша кішірейтілген түрі
8. Дүниежүзінде неше материк және дүние бөлігі бар?
Жауап: Алты материк және алты дүние бөлігі
9. «Атлас» атауын кім және қай ғасырда ғылымғы енгізді?
Жауап: Он алтыншы ғасырда Герард Меркатор
10. Өз елімізден шыққан ғарышкерлерді атаңдар
Жауап: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев
11. Ең кіші материк
Жауап: Аустралия
12. Мұхиттардың ішіндегі ең үлкені, ең тереңі
Жауап: Тынық
13. Ауаның құрамын атаңдар
Жауап: Азот 78%, оттегі 21%, 1% әртүрлі газдардан тұрады
14. Суды қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап: Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, суды қастерлеу , былғамау туралы өсиет сөздерді айтқан. «суды сабама-балығын шошытасың», Бұлақты лайлама-құсын кетіресің», «Бұлақ көрсең-көзін аш» деген сия
15. Жердің беткі майда ұнтақталған құнарлы қабатын не деп атаймыз?
Жауап: топырақ

2 бөлім «Жанды сұрақ» . Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестедегі ұпай бойынша сұрақтар таңдайды

20 20 20 20
30 30 30 30
40 40 40 40

1. 20-ұпайлық сұрақтар
1. Қазақстан Республикасы қанша облысқа бөлінеді?
Жауап: 14 облысқа
2. ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерін және авторларын ата.
Жауап: Ту-Ш.Ниязбеков, Елтаңба-Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов. Гимн- әні Ш.Қалдаяқов, сөзі- Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
3. Орталық Қазақстан облысының орталығы
Жауап: Қарағанда облысы
4. «Астана-Бәйтерек» монументі қай жылы ашылды?
Жауап: 2002 жылы
2. 30 – ұпайлық сұрақтар
1. Дүниежүзінде қай ел өте ұзын және жіңішке?
Жауап: Чили елі
2. Картоп, жүгері, помидор және шылымның Отаны?
Жауап: Америка елі
3. Африка материгін қоршап жатқан мұхиттар мен теңіздерді ата?
Жауап: Атлант, Үнді мұхиттары, Жерорта, Қызыл теңіздері.
4. Еуропа елдерін атаңдар
Жауап: Испания, португалия, Ұлыбритания, Болгария, Швеция, Ирландия, Норвегия, Аталия, Франция
3. 40-ұпайлық сұрақтар
1. Қазақстандағы көлік кешені туралы не білесіңдер?
Жауап: Құрлық көлігі, су көлігі, әуе көлігі. Құрлық көлігіне теміл жол, автомобиль, құбыл жолы, қалалық және т.б. Су көлігіне теңіз және өзен . Әуе көлігіне авиациялық жатады. Әуе көлігі ең жылдам әрі қымбат
2. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика» кімнің сөзі?
Жауап: Ломоносов
3. Неге космонавтар Айға барғанда артығарақ оттегі алады?
Жауап: Себебі, айда ауа жоқ
4. Ең үлкен маймыл қайсы?
Жауап: Ең үлкен маймыл Горилла. Оның бойы 2 метрге дейін жетеді. Салмағы 250кг.

3-бөлім «Білгенге маржан» Әрбір жауап 10 баллдық жүйемен есептелінеді.
1. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым?
а) Ұлықбек
б) Фараби.
в) Хорезми
2. ҚР-сы неше мемлекетпен шектеседі?
а) 5.
б) 6
в)7
3. Бұлттың қанша түрі бар?
а) 6
б) 7
в)3 бұдақ, қабат, шарбы
4. Көмір кен орындарының басым көбі қай жерде орналасқан?
а) Қарағанды, павлодар, қостанай облыстарында.
б) Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында
в) Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында
5. Оңтүстік Қазақстан облыстарын атаңдар
а) Қостанай, Ақмола, Павлодар
б) Алматы ,Жамбыл, Қызылорда.
в) Ақтөбе , Қарағанды, Атырау
6. Территориясы бойынша алып елдерді атап шығыңдар
а) Ресей,Канада,Қытай,АҚШ, Бразилия, Аустралия.
б) Ресей,Аустралия,Франция, Италия,Қазақстан
в)Үндістан,Пәкістан, Ресей,Жапония, Канада
7. Дүниежүзілік діндерді ата.
а) Католик, протестанттық, православиелік
б) Христиан, Ислам, Буддизм.
в) индуизм, Конфуцийшілдік, синтоизм
8. Табиғи ресурстар қаншаға бөлінеді?
а) 2 -ге сарқылатын, сарқылмайтын.
б) 3-ке
в)4-ке
9. Бүкіл табиғат комплексін табиғи күйінде сақтау мақсатымен қорғалатын территория қалай аталады?
а) Каньон
б) Зоогеография
в) Қорық.
10. Дүниежүзіндегі ең таза, ең ежелгі, ең терең көл.
а) Ыстық көл
б) Байкал көлі.
в) Женева көлі
11. Бәдеуилер деген кімдер?
а) Араб жерлеріндегі көшіп-қонып жүретін халықтар.
б) Араб елдерінің заң шығарушы органдары
в) Қара түсті нәсілдер
12. Раффлезия қандай өсімдік?
а) Дүниежүзіндегі ең кіші өсімдік
б) Дүниежүзіндегі ең үлкен, ең ірі өсімдік. Борнео аралында өседі.
в) Ондай өсімдік жоқ
13. Қытайлар бұл жануарлар табыс әкеледі деп сенеді. Сондықтан оларды барлық жерге бейнелейді. Қытай мерекелері де бұл жануарлардың бейнесінсіз өтпейді. Бұл қай жануарлардың бейнесі?
а) арыстан мен айдаһар.
б) сиыр мен ит
в) Жылқы мен түйе
14. Ең суық, ең биік және құрғақ материк.
а) Антарктида.
б) Солтүстік Мұзды мұхит
в)Аустралия
15. Өзеннің ағып шығатын жері
а) сағасы
б) бастауы.
в) атырау

4-бөлім «Полиглот»
Көп тілді меңгеру заман талабы болып отырғандықтан, қатысушылардың шет тілін қаншылықты меңгергенін ойынымыздың келесі бөлімі «Полиглоттан» байқайық. Бұл бөлімде жасырылған сөзді немесе жұмбақ шешуін үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша айту керек. Үш аудармасын дұрыс шешсе- 30, екі аудармасын дұрыс шешсе-20, біреуін тапса-10 ұпай беріледі.
1. Қабат,қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
2. ... жылда ел жаңа (елу, пятдесять, fifty)
3. ... теңгең болғанша,
... досың болсын. (жүз, сто, one handred)
4. Ақ халатты абза жандар (дәрігер, врач, )
5. Орамал тон болмайды, ... болады. (жол, путь, )
6. Атаңның баласы болма, ... баласы бол. (адам, человек, )
7. Бір ағаш кессең, ... ағаш ек. (он, десять, ten)
8. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті жұрттың ... біл. (білім, знание, )
9. Мұрты бар , сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық, кошка, cat)
10. Біз, біз едік, біз едік,
Біз жылтыраған қыз едік.
Таң атқанша жайылдық,
Таң атқан соң жойылдық. (жұлдыз, звезда)
11. Жылай-жылай арық қазсаң
Күле-күле ... ішерсің. (су, вода,water)
12. Айдағаның бес ешкі,
Ысқырығың ... жарады. (жер, земля, )
13. Ұлдың ұяты-әкеге
Қыздың ұяты- ... (шешеге, мать, mother)

5-бөлім «Кім жылдам?» Сайысымызда екі ойыншымыз қалды. Екі сайыскерге де бөлек-бөлек сұрақтар оқылады. Бір минуттың ішінде неше сұраққа жауап берсе сонша ұпай беріледі. Яғни ұпай саны 1 болып есептелінеді.

Бірінші сайыскеріміздің сұрақтары
1. Шайдың Отаны (Үндістан)
2. АҚШ Президентінің резиденциясы неге «Ақ үй» деп аталады? (Ақ бояумен сырланған)
3. Дүниежүзіндегі халқының саны ең көп мемлекет (Қытай)
4. Католизмнің дүниежүзілік орталығы – Ватикан қайда орналасқан? (Рим)
5. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (Төрт)
6. Ең жылы мұхит (Үнді)
7. Канада қай материкте орналасқан? (Солт.Америка)
8. Еуропада туу жөніндегі ең төменгі мемлекет? (ГФР)
9. «Фольксваген» автомобилі қайда шығарылады? (Германия)
10. ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды? (1995ж, 30 тамыз)

Екінші сайыскеріміздің сұрақтары
1. Дүниежүзіндегі ең көп ұлтты мемлекет (Үндістан)
2. Демографиялық саясат ұраны: «Бір отбасы-бір бала» деген мемлекет (Қытай)
3. Дүниежүзінде неше материк бар? (алты)
4. Қазақстан мұхитпен шектесе ма? (жоқ)
5. Жапониядағы биік вулкан (Фудзияма)
6. Сағат шығарудан дүниежүзінде бірінші орынға ие болатын мемлекет? (Жапония)
7. Қазақстан қай материкте, қай дүние бөлікте орналасқан? (Еуразия, Азия)
8. Жер көлемі бойынша Қазақстан нешінщі орында? (тоғызыншы)
9. Ең жылдам, әрі ең қымбат көлік түрі (Әуе көлігі)
10. Елдің басты теңіз «қақпасы» (Ақтау сауда порты)

6-бөлім «Логика әлемінде» деп аталады. Сұрақ саны сегіз. Дұрыс жауап бес ұпаймен есептелінеді.
1. Екі қолда он саусақ болады, ал он қолда неше саусақ? Елу
2. Ағашты он екі бөлікке бөлу үшін , оны неше рет кесу керек? Он бір рет
3. Сіз қараңғы бөлмеге кірдіңіз, Нені бірінші жағу керек? Шамды (лампа) ма, әлде май шамды ма? Сіріңкені.
4. Барлығы жүз қой болды. 10-нан басқасының барлығы өліп қалды. Сұрақ неше қой қалды? Он
5. Түйеқұс өзін құс деп айта алама? Жоқ , себебі ол сөйлей алмайды.
6. Самолетте 500 кірпіш, 1 кірпіш жерге түсіп кетті, қанша кірпіш қалды?499
7. Жылқыны тоңазытқышқа 3 тәсілмен сыйдырып сал тоңазытқышты ашамаз,жылқыны саламыз, жабамыз
8. Енді жирафты тоңазытқышқа 4 тәсілмен сыйдырып сал ашамыз, жылқыны тоңазытқыштан шығарамыз, жирафты саламыз, жабамыз
9. Бүгін аң патшасы арыстанның туылған күні, барлық жануарлар тойға жиналды, тек бір ғана жануар жоқ, ол қайсы Жираф өйткені ол тоңазытқышта
10. Бір кемпір өзеннің оң жағасынан сол жағасына өтпекші болады, бірақ өзенде қолтырауындырдың бар екенін көршісінен естіген. Бірақ кемпір ақыры өтіп кетті, қалай? Өйткені барлық қолтырауындар арыстанның туылған күніне кеткен
11. Бағанағы кемпір енді өзеннің сол жағасынан оң жағасына өтпекші еді, бірақ қаза тапты, неліктен деп ойлайсындар? Самолеттен жерге түсіп кеткен бір кірпіш кемпірдің тура басына тиді.

7-бөлім «Оратор» Екі сайыскерімізге екі тақырып беріледі, үш минут дайындалады. Үш минуттан кейін сол берілген тақырыбын қорғап шығады.
1) «Қазақстандағы экологиялық проблемалар»
2) «Қазақстан Еуразия материгінде»

Енді әділ-қазы алқасына сөз кезегін беріп, жарысымыздың қорытындысын білейік.
Әділқазы алқасы оқушыларға бағасын беріп, жеңген топқа мақтау қағазы мен сыйлықтар ұсынады Тәрбие.орг сайтынан «XXI-ғасыр көшбасшысын» Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Наманова Саида Тельманқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 387 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar