Қыпшақ хандығы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 1210
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18381


БатысҚазақстан облысы
Орал қаласы
№30 орта жалпы білім беретін мектебі
І санатты тарих пәнінің мұғалімі
Нысанова Нурия Муханбедьяровна

Сабақтыңтақырыбы: Қыпшақ хандығы. ( XI – XIII ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: — Оқушыларға қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы туралы мағлұматтар беру.
б) Дамытушылық: — Қыпшақ хандығындағы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау.
в) Тәрбиелік: — Оқушыларды елжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтипі : Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтыңәдісі: СТО жобасы бойынша,интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Сабақтыңкөрнекілігі: интерактивті тақта, карта,шығармашылық тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар қыпшақтардың қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы туралы жалпы мәлімет алып білімдерін толықтырады.
2. Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайы,ішкі және сыртқы саясаты, көрші елдермен қарым-қатынасы туралы білімдерін жетілдіреді.
3. Қыпшақ хандығы туралы жазған саяхатшылар мен тарихшылардың ой-пікірлерін біледі, өз ойларын ортаға салады, шығармашылық жұмыстармен айналысады.
4. Қыпшақтардың шаруашылығы мен қолөнері туралы мәлімет алады, жаңа ақпарат, қосымша деректермен танысады.
І. Қызығушылығын ояту. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.
Топ басшыларын тағайындау.
1-топ: «Елбөрілі»
2-топ: «Сығанақ»
3-топ: «Алып-Дерек»
«Галереяға саяхат»
Қыпшақ хандығы туралы суреттер, слайдтар, карта
1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Саяси жағдайы
5. Шаруашылығы.
1. Қыпшақтар:
1. Батыс бірлестік (11 тайпа)
2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 — ірі, 8 — ұсақ)
Басқаружүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)

ІІ. Мағынаны тану. «Кең ауқымды лекция» стратегиясы.
Әр топ оқушыларына мәтін бойынша тапсырмаларды бөліп беру.
Топтық жұмыс. Картамен жұмыс (қыпшақ тайпаларының орналасуы, этникалық құрамы, шығармашылық жұмыстар презентациясы)
Қыпшақ хандығы туралы ой-пікірлерін жазған ғалымдар мен саяхатшылардың өмірі мен еңбегі туралы деректер.
ІІІ. Ой толғаныс.
№ 1 тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді жазу керек.
Қыпшақтардың______________ құрамы _______________. құрыла бастаған. Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі____________ тұрған.
Бірінші- қыпшақтардың ___________ бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы _________ тайпадан тұрады: елбөрілі,____________, йетиоба,___________тағы басқалар. Екінші- қыпшақтардың ______ бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы ______ тайпадан тұрған. Олардың ______ негізгі тайпалар, ал қалған _________ ұсақ тайпалық бөлімшелер.

№ 2 тапсырма
Тайпалардың ішінде ең беделдісі_________ болған. Бұл__________ болып та айтылады. Қыпшақ ______________ осы тайпадан шығып отырған. Тайпаның ____________ аталуы _____________ табынуды көрсетеді.Ал мұндай салт ертедегі ____________ тайпаларынан бері қарай белгілі.
№ 3 тапсырма
Тоқсоба да «______________» деген ұғымды білдіретін беделді тайпалардың қатарына жатады. «Дурут» ________ тайпа, «__________» жеті тайпа дегенді білдіріп, олардың біріккен тайпалар екендігін аңғартады. ХІІ ғасырдан бастап қыпшақтар ____________ маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар, ________________мен _________________ болған.
Бұл қай тарихшының, саяхатшының сөзі сәйкестендіріңдер
1 Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні –тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады.
Әл-Омари Ибн Баттута
2 Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен.
Плано Карпини Петахья
3 Қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп атаған.
МахмудҚашқари Плано Карпини
4 Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы, мал жейтін шөптің жұғымдылығы сондай, олар малға арпа сияқты жем бермейді.Ал малдың көптігі соншалықты, ондай мал ешбір елде жоқ шығар.
Ибн Баттута Әл-Омари
5 Қыпшақтар тары мен күрішті қөп өсіреді.
Петахья Махмуд Қашқари
Жаңа сөздер:
Орда – хандық билік орталығы
Бөрілер – ең белді, басты тайпа.
Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер.
«Кундар, командар» — венгрлер қыпшақтарды атаған
«Половшылар» — орыстар қыпшақтарды атаған.
Негізгі оқиғалар:
VII — VIIIғғ.- қыпшақтардың этникалық құрамы құрылды.
XI — XIIIғғ.- Қыпшақ хандарының билігі күшейді.
XIIIғ.- Хорезм шахы мен қыпшақтар арасында шайқастар болды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Хандық биліктің орталығы қалай аталды?
А) боз орда В) орда С) көк орда
2. Тарихшы Жүзжани қандай тайпаны хандар әулетінің тайпасы деп атады?
А) тоқсоба В) дурут С) елбөрілі
3. Қыпшақтар қай жерлерде қыстаған?
А) Есіл мен Тобыл В) Маңғыстау мен Үстірт С) Елек пен Сарысу
4. Қыпшақтардың этникалық құрамы нешінші ғасырларда қалыптасты?
А) ҮІІ-ҮІІІғғ В) ҮІІІ-ІХғғ С) ІХ-ХІғғ
5. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы қай қала болды?
А) Сығанақ В) Алмалық С) Сарайшық
6. Қыпшақ ханы Қадыр-Буке хан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты кімдер тиімді пайдаланды?
А) Хорезм шахы Мухаммед пен Әли Арслан
В) Сатұқ Боғра хан мен Сүлеймен-ілік
С) Хорезм билеушілері Текеш пен ІІ Мухаммед
7. Қыпшақтардың батыс бірлестігі неше тайпадан тұрды?
А) 16 тайпа В) 8 тайпа С) 11 тайпа
8. Дунай бойына жетіп қоныстанған қыпшақтарды венгрлер кімдер деп атады?
А) половшылар( далалықтар) В) Кундар(командар) С) қарлұқтар мен жікілдер
9. Әскери басқару жүйесі неше қанатқа бөлінді?
А) оң және сол қанатқа В) батыс және шығыс қанатқа С) барунгар және жоңғар
10. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатындар кімдер?
А) егіншілер В) диқандар С) жатақтар
Сабақты қорытындылау. Бағалау парағы бойынша оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Қыпшақ хандығын зерттеген тарихшылар туралы қосымша мәліметтер дайындау.
2. Қыпшақ хандығы мен Қимақ мемлекетінің басқару жүйесіндегі ұқсастықтар туралы Венн диаграммасы. Тәрбие.орг сайтынан Қыпшақ хандығы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нысанова Нурия Муханбедьяровна

БҚО Орал қаласы №30 орта жалпы білім беретін мектебі Тарих және әлеуметтік-саяси пәндер мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar