ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 449
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 17/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22821


ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Тарих пәнінің мұғалімі Ешенхан Бахыт
Қарағанды қаласы №65 жалпы білім беретін орта мектебі

«Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов

Жаңа технология арқылы тарих сабағында оқыту әдістерін тиімді пайдалану
Мақсатым:
Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру.
Міндеттерім:
1. СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.
2. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Тақырыптың өзектілігі:
Оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап ету
Күтілетін нәтиже:
Ақпаратпен білімін қалыптастырады және өз қабілетін туғызады.
- Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
- Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.
- Мұғалім мен оқушы арасында тең құқылы қарым-қатынас болады.
- Жеке,жұпта,топта оқу жазу әрекеттері іске асады.
- Оқушы–басты дамушы тұлға .
- Әр оқушы өзіне жауапкершілікпен қарайды.
- Оқыту үрдісінде оқушылар толық белсенді қатысып сабаққа тез араласады.
- Пікір алмасу жүзеге асады.
- Қорытынды жасай алады.
- Оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық, таным деңгейі жоғарлайды.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім.
9-11 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, т.б. тәсілдерді қолданамын. Тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»
жүздер аумағы ұраны жүздерге енетін тайпалар
Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз
2. «Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстан мемлекеттеріне мінездеме бер»
1. Аумағы______________________________
2. Қоғамдық құрылысы ________________________
3. Ішкі, сыртқы саясаты _______________________________
4. Құлау себебі _______________________________
5. Қорытынды _______________________________
3. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері Көтерілістің ортақ белгілері 1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері
4. «Тұлғаларды таны» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)

5. Тестік тапсырма: Мемлекеттерді негізін салушы қағандармен сәйкестендір.

Оқиға: Билеушілер:
А) Түркі қағанатының негізін салған
В) Түрік қағанаты билікке ие болған
С) Түргеш қағанатын құрған
Д) Екінші Түрік қағанатын қалпына келтірген
Е) Қарахан мемлекетінің негізін салған 1. Үш – Елік қаған
2. Білге қаған
3. Мұқан қаған кезінде
4. Сатуқ Богра хан
5. Бұмын қаған
6. Картамен жұмыс. (1867-1868жж. реформа, үш генерал-губернатордың аумағын әр түрлі бояумен көрсету)

7. Ұлт – азаттық көтерілістердің жүйелілігін анықтау:
1. Сырым Датұлы.
2. Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
3. Амангелді Иманұлы.
4. Кенесары Қасымұлы.
5. Исатай Тайманұлы.
Жауабы: 1, 5, 4, 2, 3.
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Сабақ барысында заман талабына сәйкес электронды оқулықтар арқылы оқытуды да пайдаланамын.
Аталған әдістерді пайдалануда мен не ұттым? қандай жетістіктерге қол жеткіздім? Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті әдістері оқушылардың бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.
Бұл әдістер оқушыларды тапқырлыққа, тездікке, ойын жинақтай білуге, жүйелі білім алуға тәрбиелейді. Оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.
«Ұстаздың бақыты-шәкіртінде» деп бекер айтылмаған. Олай болса, педагог Амонашвилидің мына сөздерін еске түсіруге болады. «оқушы дегеніміз-толтырылуға арналған шыны емес, ол жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек».
Тәуелсіз мемлекеттің 25 жылдығына аяқ бастық. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру.
Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тәрбие.орг сайтынан ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ешенхан Бахыт

Қарағанды қаласы. №65 ЖББ ОМ тарих пәні мұғалімі тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar