ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 587
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17763


Пән мұғалімі: Қуандық Мөлдір Сағындыққызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Мақсаты:
Білімділік: 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының себеп – салдарлары, сипаты, қозғаушы күштері мен маңызы туралы түсініктерін
кеңейту, әміршіл – әкімшіл жүйенің іріп – шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру;
Дамытушылық: тақырыптың себеп – салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: ата – бабамыз армандаған тәуелсіздікті нығайтуға, Отаның сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабықтың түрі: Қайталау сабағы
Әдісі: интерактивті тақтамен тірек – сызба арқылы түсіндіру, топтық , тесттік жұмыстар.
Көрнекілігі: слайд, тірек – сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті ()
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін (әр оқушы тақтадан қалаған түстерін алу арқылы топтасады.)
Мұғалім: - Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі - ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. 1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды.
№ Аты – жөні, қызмет еткен жылдары. 1982 ж 1982 – 1984 жж 1984 – 1985 жж 1985 – 1991 жж
1 К.У.Черненко +
2 Л.И.Брежнев +
3 М.С.Горбачев +
4 Ю.В.Андропов +
2. Сәйкестендіру тесті.
Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекелеген басшылар деп жарияланды. Олар:
Мәскеуде Д.А.Қонаев
Ленинградта В.В.Гришин
Қазақстанда Г.Алиев
Әзірбайжанда Г.В.Романов
ІІІ. Қайталау сабағы
Жаңа тақырыпты ашу. Артық сөзді тап.
ТАЙҚРА ЗӘЛЗТА ЕЖТЛҚСАОН ҒЫСШҢЫ ИРСӘАБ ОЛБРЕ
(желтоқсан, Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол, Шыңғыс)
Топтық жұмысты бастамас бұрын топ атауларын анықтап аламыз. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: Бағалауды топ басшысы бағалайды.
І топ – «Еркіндік »
ІІ топ – «Тәуелсіздік»
Уақыты. Оқиғалар. Жорық зардаптары
• Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің , республика партия ұйымының басшылығында Д. Қонаев болды.
• 1986 Жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады
Г. Колбинді.
• Студент жастардың жиналған алаңның қазіргі атауы: Республика алаңы
• Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы: М.Шаханов

І тапсырма: Жоба қорғау.
1 – топ: Желтоқсан оқиғасының сипаты
2 – топ: Д.А.Қонаев
3 – топ: Қайрат Рысқұлбеков

ІІ тапсырма:
1 – топ: Сандар сөйлейді
8500 адам –
1720 адам –
1200 адам –
246 адам –
99 адам –
12 –
2 адам –

2 – топ: Кесте «1986 ж желтоқсан оқиғасы»
Себеп, сылтауы Өткен күндері Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қолданылған жазалау шаралары.



1-2 топ : Тарихи сынақхат.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП – ның ..... съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылы .....Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Күн тәртібінде ..... орнына орталық өкілінің ұсынысы бойынша ..... сайлау ұсынылды.

IV. Сабақты бекіту:
Тест
1. «Халық қаһарманы» атағын алған желтоқсан құрбаны:
А) Л.Асанова
Ә) Е.Сыпатаев
Б) С.Мұхамеджанова
В) Қ. Рысқұлбеков
2. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қанша адам сотталды:
А) 99
Ә) 102
Б) 95
В) 150
3. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады:
А) Д.Қонаевты
Ә) Г.Колбинді
Б) Ж.Шаяхметовты
В) Н.Назарбаевты
4. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар:
А) «Бұрқақ – 86»
Ә) «Қарлы қыс – 86»
Б) «Бұрқасын – 86»
В) «Желтоқсан – 86»
5. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының І съезінде Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап етіп сөз сөйлеген:
А) Ш.Мұртаза
Ә) М.Шаханов
Б) О.Сүлейменов
В) М.Мағауин
Жауабы: 1 – В, 2 – А, 3 – Ә, 4 – Б, 5 – Ә.
Кері байланыс парағы: Оқушылар бүгінгі сабаққа өз ойларын білдіреді.
VI. Бағалау . Топ басшылары топтағы сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалап, қорытынды шығарады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: слайдтар бойынша Қазақстанның қазіргі кездегі жетістіктері туралы баяндап, ел тарихын білуге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндеу.
-Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары - осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп, жасанып-жасарып жатыр . «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
VIІ.Үйге тапсырма: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. «Желтоқсан жұлдыздары» тақырыбында тарихи эссе жазу. Тақырыптық тест құрастырып келу. Тәрбие.орг сайтынан ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қуандық Мөлдір Сағындыққызы

ОҚО Жамбыл облысы Жуалы ауданы Байтерек ауылы №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar