Ағаш күрек жасау технологиясы

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 681
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 03/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19163


Сабақтың тақырыбы: Ағаш күрек жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты: Күнделікті тұрмыс заттарын қолдан жасау шеберлігін үйрету. Тиянақтылық, ұқыптылық, эстетикалық талғам қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі:Технологиялық карта, дайын бұйымдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ.
Проблемалық сұрақтарға жауап алу.
1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?

2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

3.Қар күреу үшін не керек?
4. Күректі қайдан аласыңдар?

5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?

6.Күректер қанша тұрады?

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл, қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.
Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.
Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.
Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.
Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.
Қауіпсіз жасалатын
Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек
Жасалуы қарапайым
Тез табылатын қымбат емес материалдардан

Ағаш күрек.
Әдемі дизайн.
Экономикалық шығын көп емес.
Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті.
Еңбек шығыны да көп емес.
Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.
Қар күрейтін күректің техникалық сызбасы.
3. Сарамандық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.
Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беру
Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.
Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.
Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.
Үйге тапсырма: Күрек макетін жасау. Тәрбие.орг сайтынан Ағаш күрек жасау технологиясы Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Какенов Ериктай Арипжанович

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы №4 аралас жалпы орта білім беру мектебі Технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar