Қағаздан аппликация (сәукеле, тақия, бөрік)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 511
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 15/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21786


Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 3.03.2016 Сыныбы: 1 «б» Пәні: Еңбекке баулу Көбдікова Бақытгүл
Сабақтың тақырыбы Қағаздан аппликация (сәукеле, тақия, бөрік)
Ресурс Еңбекке баулу оқулығы «Атамұра» 2012; АКТ; бейне үзінді, суреттер
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей Үшінші басылым 2012 жыл ғаламтор материалдары
Жалпы мақсаты Оқушыларға қазақтың ұлттық бас киім түрлерін таныстыра отыра, тарихына көз жіберу; сәукеле, тақия, бөрік туралы түсінінік беру. Аппликация арқылы сәукеле, тақия, бөрік жасауды үйрету. Ісмерлік өнеріне баулу; өнерге қызығушылығын арттырып, ептілігін, алғырлығын, шеберлігін, ой – қиялын дамыту.
Оқыту нәтижелері Қазақтың ұлттық бас киімдері туралы түсінік қалыптасады. сабаққа қызығушылықтары артады. Қағаз және желіммен жұмыс істей алады.
Негізгі идеялар
Оқушылар шағын топтарда жұмыс істеу арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру,
Тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену.
Тапсырмалар Топпен жұмыс кезіндегі орындатын тапсырма,
Әдіс – тәсілдер «Ой қозғау», «Сыр сандықтың кілтін аш», «Блиц-турнир» , «Тоқта кадр», «Радиоға қоңырау шалу»
Мұғалім іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен Оқушылар хормен
Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен
Білу ІІІ. Қызығушылықты ояту
Қалдыбай ақсақалдың қаладағы немересі ауылдағы атасына сәлем беруге келеді. Амандасып хал-жағдайды біліскен соң, немересінің көзі төрде тұрған сандыққа түседі.
-Ата, мына сандықта не бар?- деп сұрайды
-Ой,балам,бұл сандықта әжең екеуіміздің сақтап келген көненің көзі болған құнды дүние бар,- деп сөзін қысқа қайырды. Атасы ертесіне мал қарауға кетеді. Ұйқысынан оянған баланы «сандықтың ішінде не бар?» деген ой мазалайды. Немересі сыр сандықтың сырын ашқысы келеді. Сандық құлыптаулы екен. Қане, балалар, Айдосқа сыр сандықтың кілтін ашуға көмектесеміз бе?
«Блиц-турнир»
Қазақтың ұлттық киімдерін ата
Қазақтың ұлттық киімдерін немен
әшекейлейді?
Қазақтың ұлттық бас киімдердің қандай түрлерін білесің?
Ал, балалар, сендер қалай ойлайсыңдар? Бұл сандықта не болуы мүмкін?
Балалардың жауабы...

түсіну V. Мағынаны тану
Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп. Оларға сәукеле, тақия, кимешек, бөрік т.б жатады.
Сәукеле – қыздардың ұзату тойында киетін бас киім. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен,жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Сәукеле бас киім ғана емес, ата – бабаларымыз сәукелені әшекейлеуге күмістен салынатын өрнектер және жы-лан бас бейнесінің магиялық қасиеті бар деп есептеген.. Сәукелеге күмісті тазалық ретінде, жылан басы тіл – көзден сақтайды деп түсінген..
Тақия – түсі сырт киімге бешпетке, камзолға сәйкес келуі тиіс. Тақияны алтын, күміс, паршамен оюлап сәнді жіптермен тіккен. Қазақтың «үкідей үлбіреп, тотыдай таранып» деп қыздарды әспептеуі осыдан қалған.
Оқулықпен жұмыс:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің» демекші оқушы әр қолөнер түрін үйрену барысында өзінің шеберлігін, ептілігін, алғырлығын арттыра түседі.
қолдану Сарамандық жұмыс
Топтық жұмыс
1-топ Сәукеле
2-топ бөрік
3-топ Тақия
Қажетті құрал – жабдықтар: Қатты қағаз, ақ түсті тоқыма жіп, желім, қайшы, сызғыш, қарындаш, мақта түрлі түсті қағаз.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Пішінін қағазға сызып түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Түрлі түсті қағаздан сәукелеге ою - өрнек жапсырамыз.
3. Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне мақта желімдейміз.
5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап, үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз
Қауіпсіздік ережесі
Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.
Қайшыны ашық тастама;
Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме
Желімді аузыңа салма.
Жіпті тісіңмен үзбе.
Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек. Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша қағаз аппликациядан сәукеле, тақия, бөрік жасайды.

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін қатерлерінде ұстайды
талдау Сауда орталығы «Жәрмеңке»
Оқушылар, біз өз қолымызбен жасаған бұйымдарды сатылымға шығарамыз.
Сергіту сәті
«Маймыл» биіне билеу Әр топ өздеріне ұнаған бұйымдарды сатып алады.

жинақтау «Тоқта кадр» әдісі
Оқушы әрекетін бақылап, суретке түсіріп. Суретке түскен оқушыға іс-әрекетін баяндау
Суретке түскен оқушы сол сәттегі өзінің іс әрекетін талқылайды.

Бағалау Қорытынды
«Бәрі де өледі, тек мәңгілік өлмейтін, ұмытылмас нәрсе – адамның игілікті ісінің нәтижесі» деп Қорқыт бабамыз айтқандай, артымыздан игілікті іс қалдырайық.
Рефлекция: «Радиоға қоңырау шалу»
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта не білдік, нені үйрендік?
Не қызық болды?
Үйге тапсырма
Сәукеле, таақия, бөрік жасау Оқушылар бүгінгі сабақта нені түсіне алмады? Қандай тың мәліметтермен танысты өз пікірлерін стикерге жазып тақтаға іледі.
Күнделіктеріне жазып алады
Топ басшылары критерий бойынша топ мүшелеріңің ұпай санына байланысты бағасын айтады Тәрбие.орг сайтынан Қағаздан аппликация (сәукеле, тақия, бөрік) Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Көбдікова Бақытгүл

Пікірлер: 0

avatar