Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
қағаздан ыдыс жасау
  • 26.09.2016
  • 960 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19536

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан ыдыс жасау
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға ыдыс-аяқ туралы түсінік бере отырып,иқағаздан ыдыс жасауды үйрету;
2. оқушылардың ой-қиял қабілетін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту,
3. оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, сарамандық жұмыс
Тапсырма түрлері: жеке жұмыс. Топтық жұмыс және деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: еңбекке баулу оқулығы 4 сынып, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын сабаққа дайындау.
Ыдыс-аяқ түрлері арқлы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Серпілмелі сұрақтар» қою арқылы үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Байқап қал!»
Топқа бөлінген кезде құрастырылған суретте не бейнеленгенін және ол ыдысты не үшін пайдаланатынымызды айтып өтейік.
Шәйнек – қайнаған шәйді демдеуге арналған ыдыс.
Кесе – шәй құюға арналған ыдыс.
Тәрелке – салат және басқа да тағамдарды салуға арналған ыдыс.
Оқушылар алдарындағы суретке қарап отырып өздерінің ойларын айтады, пікірталасқа қатысады.
Папье – маше желім қосылған суға қағазды батырып қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Жұмыс кезінде қағаз, желімнен басқа гипс және басқа да қосымша материалдарды пайдалануға болады.
Папье – машемен жұмысқа кереті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық фигураларды пайдалануға болады.
Мұғалім түсіндірмесі.
Қағаздан ыдыс жасау жұмысының орындалу реті:
1. ыдыс жасауға қажет болатындай газет қиындыларын дайындаймыз.
2. 50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып желім дайындаймыз.
3. таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін ыдысты вазелин майымен майлап шығамыз.
4. газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдеп шығамыз. Ең соңғы қабатынақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалаймыз. Ескеретін нәрсе, қағаз желімденген кезде ыдыс беті кедір-бұдырсыз тегіс болуы керек.
5. қағаз арасында ауа қалмайтындай етіп қабаттап жапсырған соң, бөлме температурасында кептіруге қоямыз.
6. кепкеннен кейін қалыптан ыдысты түсіріп алып шетін өңдейміз.
7. дайын ыдысқа ою - өрнек түрлі – түсті қағаздан қиып немесе акварель бояуымен бояп безендіреміз.
«Есіңде сақта!» Қауіпсіздік ережелерін ұмытпа.
Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал.
Керекті құралдарды, суды шашып ойнама.
Жұмыс кезінде және жұмыс соңында қолыңды шүберекпен сүрт.
Жұмыс соңында киімдеріңді реттеп, жұмыс опнын ретке келтір.
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС.
«жайпақ табақшаны» папье – маше тәсілімен жасап шығару.
Сабақты бекіту.
«құпия сандық» ойыны.
Сандыққа салынған құпиялы сұрақтарға жауап беру.
Папье – маше қалай орындалатын жұмыс?
Папье – маше жұмысын орындауды ңкезеңдерін кезекпен – кезек айтып шық.
Папье – маше тәсілімен тағы қандай нәрселер жасауға болады?
Қорытындылау.
Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру.
Жетістіктері мен кемшіліктерін айту.
Бағалау.
Үйге: өз бетінше жұмыс жасау. Тәрбие.орг сайтынан қағаздан ыдыс жасау Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нысанбекова Айгуль Болатовна

ОҚО Бәйдібек ауданы Екпінді ауылы "Қ.Бәйменов атындағы жалпы орта мектеп" МКМ-сі технология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 960 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar