Ас үй, асхана ыдысы және оны күту. Физиология және тиімді тамақтану. С/ж:№1 Таңғы асқа дастарқан жасау.

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 1001
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 24/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19793


Сабақ жоспары
«Тексерілді»_________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«____»___________ 20___ ж
Пәні: технология. Сынып: 5 «А» Күні: 15.09. 2016ж.
Тақырып: Ас үй, асхана ыдысы және оны күту. Физиология және тиімді тамақтану. С/ж:№1 Таңғы асқа дастарқан жасау.
Мақсаты: Үй күту мағынасында түсінік береміз
Оқушылармен бірлесе отырып, өзі тұратын үйді күтудің бағытында әңгімелесеміз.
Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландырудың, жеке гигиенаны сақтаудағы басты міндет ретінде тәрбиелейміз.
Міндеті: Үй мәдениеті. Тұрмыстағытехника бағытында тарау бойынша оқушы ойын қалыптастырамыз.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: Топтық зерттеу, «БҮҮ» стратегиясы, т.б.
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі.
Көрнекілік: Суреттер жинағы, тақта, т.б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
1. БҮҮ стратегиясы:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Мен үйді тазалаймын. Сондықтан, күту кезінде қандай құралдар керек екендігін білемін Үйді аптасына неше рет жинайды? Жұма күні үйді неге тазалауға болмайды? (Сабақтың соңына қарай оқушы өз ойын жазады)
2. Оқушы ойын жинақтаудағы өзі тұратын үйдің бейнесін бейнелейміз. Сонымен бірге үйді күтудегі тазалық ұнтақтарын бейнелеп, сипаттама береміз.
3. Үйді күту кезінде қауіпсіздік сақтау ережесін еске түсіреміз.
- Ашық тұрған токтың айналасына жақындамау;
- Терезе, есіктерді ашық тастамау;
- Токқа қосылатын заттар (тоңазытқыш, теледидар, т.б.) су сүрткішпен сүртпеу.
Ой қозғау:
«Менің аулам», «Менің үйім», «Менің бөлмем», т.б. тақырыптар бойынша оқушы біреуін таңдайды.
- Ой пікірімізді жазамыз;
- Сыныппен жұмыс алмасамыз;
- Ойымызбен бөлісеміз;
- Сыныппен бірлесе отырып, ойымызды жинақтаймыз.
Топтық зерттеу:
Мәтін алынады. Осы мәтінге байланысты зерттеулер жүргіземіз.
Өзінің әрбір бұрыштарына тақырыптық ат қоя білуі.
Зерттеу жоспарын жасақтаймыз.
Зерттелген жұмыстарды оқушылармен бірігіп талқылаймыз.
Мағынаны тану: 1. Үй мәдениеті.
2. Өзі тұратын үйді күту әдісі.
(тарауларына қысқаша мағлұмат береміз)
Қызығушылығын ояту: 1. -Үйдің әдемілігі, тазалық пен өзара қатынастық,сыйластығы, мейрімділігі көтеріңкі көңіл-күйді жақсартатын не екендігін анықтаймыз.
- Оқушылармен бірлесе ойымызды бір бағытқа бағыштау,бұл- үй өсімдіктерімен,гүлдермен көмкеру. Үй өсімдіктері хош иісі мен түрінің әдемілігімен, түсімен табиғатпен етене біріге септігі бар екендігін дәлелдеу.
- Теңіз жағасында тауып алынған заттардың бәрі-ұлутастар, майда тастар,ағаш бөлшектері шебер қолдарда интерьерге арналған әсем әшекейлерге айналдыруға болатындығын көрсетеміз.
2.Үйге тазалық-гигиенасына байланысты жарнама жасаймыз.

«Ойды сыртқа шығару арқылы ойлау» стратегиясы:
Ойларым Түсініктеме Болжау Сұрақ Қорытынды
(Мағынаны танығаннан кейін оқушы ойының өзгеруін немесе ой туындау арқылы кестені толтыруын қадағалаймыз).
Ой қорыту: Соңғы сөзді маған қалдырыңыз стратегиясы бойынша оқушылардың ойларын тыңдай отырып, сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушының түсінігін, стратегиямен жұмыстана білуін қадағалай отырып, бағалаймыз.
Үйге тапсырма: Суреттер жинақтау.
Жұмыс орнын жинастырамыз. Тәрбие.орг сайтынан Ас үй, асхана ыдысы және оны күту. Физиология және тиімді тамақтану. С/ж:№1 Таңғы асқа дастарқан жасау. Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баянбаева Айнагуль Толеуовна

Май ауданы Малайсары ауылы "Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп" ММ Технология пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar