Қазақтың ұлттық ою өрнектері.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 686
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17924


Қазақтың ұлттық ою өрнектері.
Ұлттық ою-өрнек формаларының көптігіне қарамастан ертеден сақталып, қайталанып келе жатқан символдар да бар. Сондай негізгі төрт компонетті көрсетуге болады – шеңбер, S-тәрізді, кресттәрізді және үш бұрышты. Шеңбер – табиғат формаларының аналогы ретінде (күн, толық ай, жеміс-жидектер, аспан) қазіргі қазақ жерін мекендеген тайпалардың қолөнерінде қола дәуірінде пайда болды. S-тәрізді өрнектер де табиғатпен байланысты пайда болды – өзен ағысы, өсімдіктер, жануарлар бейнесі, құстар. Мұндай өрнектер шет ою топтамасына жатады. Крест тәрізді өрнектердің пайда болуы от жағуға пайдаланылған қамыс таяқшаларымен байланысты. Бұл өрнек географиялық – кеңістіктік қатынасты көрсетеді: «шығыс-батыс», «оңтүстік-солтүстік». Үшбұрышты өрнектер ата-бабаларымыздың аруақтарымен байланысты. Сакралды мәні бар тұмарлар.
«Су өрнегі», «ирексу», «ирек» бұлар өрнек пен өрнектің арасындағы шекараны білдіреді. «Су» өрнегі болмаса, басқа ою–өрнектер бір–бірімен шатасып, өңсіз көрініп тұрар еді. Бұл өрнекпен әйелдер киімдерінің шет жақтары, тақия жиегі, бешпет, қамзол, тақия тәрізді киімдердің жағалары мен жиегі жиі өрнектеледі.
Шаршы өрнегі – дүниедегі жамандық пен жақсылықтың алма-кезек жеңісін, күн мен түннің, жаз бен қыстың алмасуы секілді табиғат циклынан хабар беретін идеограммалық таңба.
«Итқұйрық» деп аталатын өрнек ешқашан баскиімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «дұшпаның кеудеңнен төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына салынады. Сонымен бірге итті жеті қазынаның бірі деп танитын шаршап–шалдықпайтын қасиеті мен қағілез, сап болатын ерекшелігін ескеріп ұзап сапарға шығатын адамның киімі мен қару–жарағына да жігер, қайрат берсін деген тілекпен осы өрнекті салған.
Тұмарша оюы – Орта Азияның барлық бөлігінде қорғаушы, жол ашушы, қасиетті дүние ретінде қолданылатын идеограмма. Қазақтарда тұмаршаның төбе ұшы жоғары қарап салынса – әйел адамның белгісін, төмен қарап салынса – еркек адамның белгісін білдірген. Бұл екеуі қосыла салынса – басталып келе жатқан жаңа өмір өмір деп ұғыну қажет. Ал тұмар деп айдар тағылуы үшбұрышты болып келетін тұмардың культтік қасиетімен – сақтаушы, қорғаушы деген діни-магиялық идеясымен байланысты.
Шаршы өрнегі – дүниедегі жамандық пен жақсылықтың алма-кезек жеңісін, күн мен түннің, жаз бен қыстың алмасуы секілді табиғат циклынан хабар беретін идеограммалық таңба.
Құстұмсық атты жүзікте салынған сыңар дөңгелек, күн, қос дөңгелек идеограммаларының таңбалық табиғаты әділеттілікті, мейірімділікті меңзейді. Сондықтан да қосдөңгелекті «құдағи жүзікті» қыздың анасы өзінің жақсы көретін, яғни келінін өз қызындай тәрбиелейтін құдағиының қолына салуды әдетке айналдырған. Халқымызда қызының босанғанын есіткен ана орамалға құстұмсық немесе құстаңдай оюын бедерлеп салып жібереді екен. Жалпы құс атауымен байланысты оюлардың барлығы ұрпақ жалғастығын білдіретін идеограммалар болып табылады. Сондықтан қазақ ұғымында аққу оюы – махаббат киесі, үкі оюы – жас баланың қорғаушысы, қарлығаш оюы – шаңырақтың сақтаушысы саналған, яғни құспен байланысты образдарды отбасы, бала идеяларымен ұштастырып отырған. Жас нәрестенің бесігіне назар салсаңыз құс оюдың элементтерін оңай табуға болады. Балаға арнап дайындалатын заттарда кездесетін құстабан идеограммасын халық шеберлері былай түсіндіреді: сыртқы форманы әйел жатырына ұқсатып салады. Себебі, құстың тұмсығын, табанын жүкті әйелдер «пәледен сақтайды» деп жастанып жататын болған. Иіріле біткен қос мүйіздің ортасындағы тамшы өрнегі жарық дүниеге шығып келе жатқан нәрестені білдіреді. Тамшының астарында тірі организмнің бәрі бір тамшы клеткадан дамиды деген тамаша ой жатыр. Моңғолдарда бұл ою қандық туысқандықты білдіреді екен.
Халық қол өнеріндегі ең активті қолданылатын, күллі оюлардың атасы аталған өрнек – қошқар мүйіз. Бұл – молшылықтың, тоқшылықтың, берекенің символы. Қошқар, қой – байырғы адамзаттық діни ұғымда Жаратушының Ыбырайымға көктен жіберген қасиетті құрбан малы. Әлемнің көптеген халықтары үшін мүйізді жануар киелі делініп, тіршіліктің тірегі саналған. Көптеген сюжетті оюларда қошқар мүйіз адам бейнесін елестетеді. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» ескерткішінің киімінде анық көрініс табады. Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың ұлттық ою өрнектері. Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мамбетова Олмагул Ахметовна

Пікірлер: 0

avatar