Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бұйымдарды ұлттық ою-өрнектермен өңдеу
  • 01.10.2016
  • 299 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19566

Сабақтың тақырыбы:
Бұйымдарды ұлттық ою - өрнектермен өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды ұлттық өнер түрлерімен таныстыру, оюлы қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету;
Дамытушылығы:
Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүрлеріне, қолөнеріне, үңілдіріп, ой - өрісін дамыту. өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктеррін шыңдау.
Тәрбиелік:
Ұлттық салт – дәстүрлерді сақтап, құрметтеуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, геометрия, биология, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: ою - өрнек түрлерінің плакаттары, бүктемелер, тірек сызба, қолөнер бұйымдары көрмесі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Сынып тазалығына назар аудару.
3. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
4. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ауызша.
а) Қазақ халқының өнердегі байлығының бірі ( ою-өрнек)
ә) ою - өрнек дегеніміз не? ( Латынның «орнамент» - әсемдеу, сәндеу сөзінен шыққан)
б) Ою - өрнек түрлерін ата (қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, райхан гүлі т.б,)
2. Тәжірибелік негізде. Оқушылар ойып келген оюларын көрсетіп түсіндіреді)
Өткен тақырыпты пысықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ.
а) сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
ә) жаңа сабақа байланысты баяндау, сұрақ – жауап әдісімен пікір алмасу.
Б) сарамандық жұмыс.

Ою - өрнек ата – бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Бір өрнекке салып қиып алған үлгіні ою дейді. Ал, өрнек деп әртүрлі оюды бедерлеп, күйдіріп жалатқан әшекейді айтады. Ою мен өрнек бір – бірінен ажырамас ұғым. Қазақ халқының ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Көне дәуірден ақпарат беретін археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қолөнер бұйымдары ата – бабаларымыздың өткен өмірінен көп мағлұмат береді. Қазба жұмыстары кезінде табылған кез – келген қолөнер туындыларының барлығында дерлік ою - өрнек бейнеленгенін көруімізге болады.
(слайдпен жұмыс жасау)
Әр кезеңнің даму процесіне орай шеберлердің қолөнер бұйымдарын бейнелеуде стильдік ерекшеліктер өзгеріп отырған. Қазақ даласында оюлар әртүрлі үлгіде дамыған. Бірақ барлық оюлардың бастапқы элементтерінің негізі – «мүйіз» тектес ою - өрнектер болып саналады. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ ұлттық ою-өрнектерінің 230дай түрі анықталған. Солардың ішінде көп тарағаны «мүйіз» тектес оюлар.
(дайын бұйымдар көрмесіне саяхат)
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты, жер – су, көшіп – қону көріністерін, аспан әлемі мен күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды.
Алқымыз осы ою - өрнек атауларын не нәрсеге ұқсастығына, мән – мағынасына қарай мынадый топтарға жіктеген.
а) жануарларға байланысты;
ә) өсімдіктерге байланысты;
б) геометриялық пішіндер тәрізді;
в) аспан денелеріне ұқсас ою - өрнектер.
(көрнекілікпен жұмыс)
«Қолөнер – мол өнер» - дейді халық. Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнершісі болады. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Сол ұлттық қолөнер бұйымдарының барлығында дерлік ою - өрнек элементтерін кездестіруге болады.

Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам.
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып ою оям.
Деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай біз енді сабағымыздың негізгі кезеңіне көшеміз.
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Бұйымды әсемдеп көркемдеуде ойылған оюдың композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колоритмі мен ритмі жарасым табуы керек.
Композиция – ою-өрнекті заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөз.
Симметрия – ою - өрнектің екі жағының өзара тең болуы.
Колорит – ою-өрнектің бояу түрлерінің бір – бірімен жарасым табуы.
Ритм – ою - өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
Енді қыздар қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі сырмақ жасау жұмысына кірісеміз. Сырмақ дегеніміз не? Деген сұраққа жауап бере кетейік. Сырмақ – киіздерді бір – біріне ойыстырып жасаған бұйым. Қазіргі кезде киіз орнына матаны пайдаланады. Сырмақ тігу өнерінде ойма оюды пайдаланып тігеміз, яғни тұтас матаның бетіне екінші мата түрінен оюды бастыра тігу. Алдымне техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіре кетейік.
«Сырмақ» жұмысын жасау жолдары:
1. Ою-өрнектің эскизін салу.
2. эскизді қайшымен қию.
3. ойылатын оюды матаға сызып, қию.
4. ойылған оюды сырмақ бетіне орналастыру.
5. орналасқан оюды көктеп тігу.
6. көктеу тігісін әседеп тігу үлгісімен алмастыру.
7. сырмақты жиектеп жұмысты аяқтау.
Сабақты бекіту.
Сиквейн әдісі немесе 5 жолды өлең стратегиясы бойынша оқушылардан жауап алу.
1. Не? 1 сөз
2. Қандай? 2 сөз
3. Не істейді? 3 сөз
4. Сөйлем 4 сөз.
5. синоним 1 сөз.
Сабақты қорытындылап бағалау.
Сарамандық жұмыстарын оқушылардың өздерімен біге талдап, кемшіліктері мен жетістіктерін ескере отырып, әр оқушыны тиісінше бағалау.
Үйге тапсырма.
Үлгісіз өз ойларынан ою құрастырып келеу. Тәрбие.орг сайтынан Бұйымдарды ұлттық ою-өрнектермен өңдеу Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нысанбекова Айгуль Болатовна

ОҚО Бәйдібек ауданы Екпінді ауылы "Қ.Бәйменов атындағы жалпы орта мектеп" МКМ-сі технология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 299 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar