Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бірінші тағамдар
  • 21.09.2016
  • 446 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19504

Сабақтың мақсаты: білімділік: салт-дәстүрге, ұлттық тағам атауларына байланысты жаңа сөздер арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру, асқа байланысты салт-дәстүрлермен таныстыру.
дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, өзінше ойын білдіруге, біреудің пікірін тыңдай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.
тәрбиелік: оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының табақ тарту мәдениетін үйрету, тапсырмаларды орындау кезінде топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, интерактивті тақта, конверттер, тағам түрлері.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сабаққа әзірлігін тексеру.
- Кіріспе әңгіме

ІІ. Үй тапсырмасы: Салқын тағамдар мен дәм татымдар.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру
Сабағымыз 4 кезеңнен тұрады.
1«Бой сергіту» сұрақ-жауап
2. «Мен саған, сен маған» тағамның дайындалутехнологиясын түсіндіру
3. Бұл қандай тағам? Көрніс бойынша тағам түрін жасыру.
4. Кесте бойынша жұмыс. Кесте көмегімен тағамдар құрамын табу.

- Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.

І- «Бой сергіту»
Әр командаға 5 сұрақтан құралған карочка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.
І-топ:
1. Салқын тағамдарды беру температурасы? (140С)
2. Істек дегеніміз не? (шұжыққа арнаған ішекті жіппен байлайтын ағаш жаңқасы)
3. Жал-жаяны қалай ұсынамыз? (жалпақ тәрелкеге бір жая, бір жалдан қиялап, көкпияз, ақжелкекпен ұсынады)
4. Семіз не орташа семіз жылқының ішкі тік шегінен дайындалатын салқын тағам (Қарта)
5. Бұл кәуаптың бір түрі. Көбінесе ірі қара мал етінен дайындалады. Санның, қолдың, жауырынның қара кесек еттерін ұзынынн тіліп алынады. Оған тұз, бұрыш сеуіп, темір тордың үстінде шоққа қақтап пісірілетін ұттық тағам түрі? (Борша)

ІІ-топ:
1. Тауықтың, қаздың, үйректің, бұзаудың, лақ пен қозы еттеріне күріш, пияз, сарымсақ, пияз, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосып дайындалатын тағам түрі? (Борша-кісе)
2. Жаңа сойылған малдың кесінді жұмсақ еттерін, іш майын, өкпе бауырын, өте ұсақтап турап, ұн қосып дайындалатын тағам (Бұжы)
3. Құйрық май, бастың миы, екі көзі, құйқасы, пияз, қара бұрыш, бауыр қосып дайындалатын тағам? (Ми палау)
4. Бұжының пісу мерзімі қанша? (1,5-2 сағат)
5. Үлпершек неден дайындалады? (жүрек, ет, іш май, пияз)

ІІ- «Мен саған, сен маған» топтар бір-біріне таңдалған тағамның дайындалуын түсіндіреді.
І- топ: Қазы дайындау технологясы
ІІ-топ: Шұжық дайындау технологясы

ІІІ- «Бұл қандай тағам?» топтар бір-біріне көрніс арқылы тағамды жасырады.
І- топ: Дірілдек
ІІ-топ: Әсіп

ІV- «Менің сүйікті тамағым» кесте бойынша тағамдар құрамын белгілейді.

Қажетті өнімдер

Тағамдар Құйрық май Аскөк Ет Жал Жая Тұз Қара бұрыш Сарымсақ Қарта Пияз Бауыр Іш май Бидай ұны Жүрек Ми Құйқа Жұмыртқа Күріш Сары май
Қазы
Қарта
Бұжы
Жал-жая
Шұжық
Үлпершек
Борша
Борша-кісе
Құйрық-бауыр
Ми палау

ІІІ. Жаңа сабақты түсідіру: Бірінші тағамдар.

Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз. Қазақ үшін қонақжайлық білдіру, келген қонаққа ас асып, дәм ұсыну. Ендеше қазақтың ұлттық тағамдарының бірі де бірегейі, бірінші және екінші тағам топтарына жататын бесбармақ.
Бешбармақтың дайындалуы:

Етті сумен жуып, қазанда қайнатамыз. Ет қайнаған кезде, көбігін алып, тұздап, отты азайтып, 2 сағаттай қайнатамыз. Өз қалауыңызша картоп сәбіз салуға да болады. Етіміз біраз қайнаған соң пизды турап үстінен май сорпасын құйып дайындаймыз.
Енді ет піскенше қамырымызды дайындап аламыз. 2 кішірек кесемен ұнды тостағанға саламыз, 2 жұмыртқа мен бір шай қасық тұз қосамыз. Қамыр сорпаға және маймен иленеді, қамырымыз аса жұмсақ және аса қатты болмауы керек. Қамырдан домалақ жасап, целлофан пакетіне орап, жарты сағатқа қоямыз.
Енді етімізді сүзіп аламыз. Қамырымызды жақсылап жұқалатып жаямыз. Енді қамырымызды май сорпамызға салып , пісіріп піскен дайын қамырымызды легендерге салып , бетіне еттерімізді жақсылап турап ,май сорпамызды құйып етімізді молырақ қылып салып картопты салып , ең бетінен қайта май сорпасын құйып дастарханға қоямыз.
Бесбармақ «Жайлау».

Жас қойдың етін жіліктейді. Қарынның мұқият тазалайды да барлық етті осы қарынға тұз, бұрыш және басты пияз қосып және қойдың басын қосып салады. Қарынның аузын мұқият екі жағынан байлайды. Сосын тұтас қарынды дәкеге орап, салқын су құйылған қазанға салып, 2-2,5 сағат су қосып пісіреді. Сорпасын саықтырмау керек. Дайын бесбармақты шұңғыл табаққа салып береді. Сорпасын бөлек кеспемен береді. Қазан ошақсыз мал айдаған жолаушы қазақтар жайлау бесбармақты от жағылған жердегі ыстық қоламтаның ортасын ашып, қарынды теріге орап, сол ыстық қоламтаға көміп пісіреді. Мұндай ас мақтауын сөзбен айтып жеткізе алмайтындай дәмді болады. Оған тұздық та, сорпа да керек емес. Себебі дайындау далада жүрізіледі.
Балықтан әзірленген бесбармақ.
Балықты тазалайды. Сүйегін қабырғаға сүйегімен бірге алып, әр сыбағаға 1-2 кесектен келетіндей етіп бөледі, балықтың асқа жарамды бөліктерінен сорпа дайындайды. Дайын сүзілген балық сорпасында сыбаға кесектерін пісіреді. Пісіру аяқталар кезінде лав жапырағын салады. Піскен балық сыбаға кесектерін сорпадан бөліп алып, сорпаға қамыр жұмсағын салады. Тұздықты бөлек дайындайды.

Жаңа сабақты бекіту: «Венн» диаграммасы

ІІІ Бағалау
Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Сабақты «Бес бармақ» тәсілімен бағалайық.


ІV. Үйге тапсырма. §3.

Сабақтың қорытындысы: (барлық оқушылар тақтаға шығып, кезек-кезек ұлттық тағамдарды айтып, ұранмен қорытындылайды.)
Ұран: «Ұлттық тағамдар біздің мақтанышымыз,
Ұлттық тағамдарды сақтау біздің парызымыз.»

Сабақ аяқталды. Сау болыңызда Тәрбие.орг сайтынан Бірінші тағамдар Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таттигалиева Жаннур Аманжоловна

БҚО, Қаратөбе ауданы, "Қаратөбе колледжі" МҚКК Өндірістік оқыту шебері

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 446 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar