Бисермен гүл тоқу технологиясы

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 1369
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 28/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18185


ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылы
№64 Ш. Рашидов атындағы
жалпы орта мектептің
технология пәні мұғалімі
Мирзаметова Мухаббат

Сабақтың тақырыбы: Бисермен гүл тоқу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бисер туралы, оның түрлері, ерекшелігі, қолданылуы жайлы түсінік беру, бисерден гүлдер жасау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды төзімділікке, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу, ұқыптылыққа эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап , баяндау, түсіндіру, өз бетінше және топтық жұмыс жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: Моншақтан жасалған панно , суреттер, мақал-мәтелдер, гүлдер, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа тақырыпты меңгерту.
3. Сарамандық жұмыс.
4. Алған білімдерін тексеру.
5. Қорытындылау.
6. Бағалау.
Сабақтың барысы:
Сынып 2 топқа бөлінеді
1-топ. «Шеберлер»
2-топ. «Іскерлер»
І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ
Б
И
С
Е
Р
1.Ұлттық бас киім? (Бөрік)
2. Қыз баланың моншақты бас киімі? (Тақия)
3.Сырып тігілетін төсеніш. (Сырмақ)
4.Кесе салатын қалта? (Кесеқап)
5.Жүнді иіретін құрал? (Ұршық)
ІІІ. Жаңа сабақ
Мағынаны ашу.
Бұл кезеңде INSERT жүйесін қолдану тиімдірек. Кестені толтыру.

Ү-білемін ?-білгім келеді + жаңа ақпарат

А)Бисер туралы не білемін
Ә) Не білгім келеді?
Б) Жаңа ақпаратпен таныстыру.
Бисердің шығу тарихына тоқталсақ.
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.
Қазақша бисер су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп атайды. Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикалық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Финикалық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша, әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, маргенец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан-жасалған маржан.
Су моншақпен тоқудың ең көп тараған түрі- параллельді тоқу.
Бисермен тоқудың әдістері:
1. Параллель тоқу
2. Тігінен тоқу
3. Айналдыра тоқу.
Бүгінгі сабақта қолданылатын жаңа әдісіміз-айналдыра тоқу әдісі

ІҮ. Сарамандық жұмыс.
1.Техникалық қауіпсіздік ережелері:
1.Жұмысты орындар алдында артық заттар болмау керек
2.Қайшы өткір болу керек және оларды жабық сақтаған жөн.
3. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды.
4. Сымды қайшымен қияды.
5. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Нұсқау картасы. «Бисермен гүл тоқу»
1. Ұзындығы 20-30 см болатын сым алып, басын тұйықтау;
2. 2 см бисер тізіп, бұрап, бекітіп қою.
3. Сымның екінші жағын дәл осылай толтырып, толық доға жасау;
4. 2 доғаның бисерін 17-ден алу;
5. 3 доғаға 22 см бисерден қосу;
6. Тоқылған 5 гүлдің жапырақшаларын біріктіру.
( Жұмыстарын аралап көру, бағыт беру, бағалау)
Сұрақ-жауап
-Бисерден қандай бұйымдар жасауға болады?
-Бисермен тоқудың ең көп тараған түрі ?
-Бисермен жұмыс жасауда не талап етіледі?
Ү. Шығармашылық жұмыс.
1топ. Гул аттарын жазу
2 топ. 5 жол өлең «Гүл»
3топ. 5 жол өлең «Бисер»
ҮІ. Қорытынды.
Египет Алқа Финикия Жапония Параллель
Әйнектін тұңғыш ойлап тапқан ел
Мойынға тағатын әшекей бұйым
Су моншақты көп шығаратын ел
Бисердің отаны
Бисерді тоқудің түрі
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Тақырып туралы қосымша ақпараттар жинау. Қосымша шығармашылық жұмыспен айналысу. Тәрбие.орг сайтынан Бисермен гүл тоқу технологиясы Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мирзаметова Мухаббат

ОҚО Сайрам ауданы, Манкент ауылы, №64 Ш.Рашидов атындағы ЖОМ технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar