Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
қиықтардан құрақ түрлерін құрау
  • 01.10.2016
  • 353 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19565

Сабақтың тақырыбы: Қиықтардан құрақ түрлерін құрау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың құрақ құрау туралы білімдерін тереңдету, шығу тарихы мен дайындалу жолын таныстыру;
Дамытушылық иақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушы қыздарды үнемділікке, ұқыптылыққа іскерлікке, ата-бабамздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, геометрия, сызу, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар көрмесі, буклет, нұсқау карта, үлгілер, тест сұрақтары.
Сабаққа қажетті заттар: ине, жіп, бор, қайшы, мата қиындылары.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.(Моншақпен жұмыс)
Тест тапсырмалары арқылы білімдерін тексеру.
1. Бисер деген не?
а) ұсақ моншақ
ә) ірі моншақ
б) сопақ моншақ
2. Стеклярустың бисерден айырмашылығы
а) моншақтың түрі
ә) 3мм тәрізді моншақ
б) сопақша моншақтар
3. Бисерді ең көп шығаратын ел
а) Италия, Жапония, Франция
ә) Жапония, Италия, АҚШ, Индия
б) Индия, АҚШ, Корея
4. Бисер неден жасалады?
а) шыны, металл, керамика, хрусталь
ә)шыны,металл, алтын тас
б) керамика, хрусталь, сым
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың ұстаным сөзімен таныстыру.
Әркімге керек қолөнер,
Он саусаққа он өнер.
Түгел болар дүниең,
Біліп алсаң оны егер.
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнер түрлнрінің бір түрі. Құрақтың түрлері өте көп. Мысалы, мата қиындыларынан әр түрлі өрнек құрағын жасауға болады. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды. Орыс халқы мозаика немесе лоскутное шитье десе ағылшындар пэчворк дейді, ал жпондар сашико дейді. Ал қазақтар құрақ құрау дейді. Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр десек те болады. Салт-дәстүрімізде ұзатылған қыздың жасауына міндетті түрде құрақ бұйымдарын ырымдап қосып отырған. Оның ұлттық мағынадағы сырынан бөлек ару қыздарымызды мата қиындыларын тастамай іске асыруға баулыған. Яғни қалдық маталарды шеберлікпен, талғампаздығымен, өздерінің ой-қиял ұшқырлығының арқасында ұқсата білген. Апа-әжелеріміздің тіккен құрақтарына көз сала отырып құрақтың алуан түрін байқауымызға болады.

Құрақ құрау кезінде қойылатын негізгі талап – ол матаның бөлшектерін геометриялық фигуралар негінде қырқу және матаның қалың, жұқалығын ескеру. Құрақ бұйымдарының симметриялы болуын қадағалауымыз керек.
Қ ұ р а қ қ ұ р а у т е х н о л о г и я с ы
Оқушылар өздеріне ұнаған құрақ түрін таңдаңдар. Келесі кезекте біз осы құрақты құрап тігу үшін технологиялық картаға қарап жұмыс жасаймыз.
Технологиялық карта
Жұмыстың орындалу реті Қажетті заттар
1. Материал дайындау Мата қиындылары
2. Үлгісін дайындау Картон, қайшы
3. Құрақты қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі
4. Көктеу, тігу Ине, жіп, тігін машинасы
5. Тұмарша дайындау Мата дайындау
6. Құрақ көрпешені астарлау Мата, ине, жіп,
тігін машинасы
7. Бұйымды мақта салып, аяқтау Ине, жіп, мақта


Қауіпсіздік ережесін есте түсіру.
1. Қайшымен жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері.
2. Қол жұмысы кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері.
3. Тігін машинасымен жұмыс істегенде сақталатын қауіпсіздік ережелері.
IV. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру. Мата қиындыларынан түс үйлесімділігін сақтай отырып құрақ құрау жұмысын жасау.( Жұмыстың орындалу сапасына эстетикалық жағынан әсем болып шығуына көңіл бөлу)
V. Жаңа сабақты бекітіп, псықтау.
1. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?
2. Құрақтың қандай түрлері бар?
VI. Сабақты қорыту.
«Құрақ құрау» өлеңіне көңіл бөл.
Әжелер киім тіккенде,
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиық түскенде,
Баға салып жиыпты.
Көп киім тігіп біткенде,
Қиықты сәндеп тіккенде,
Құрақ көрпе болыпты.
VII. Оқушылар еңбегін жасалу жолына, ережені сақтауына, жұмысты ұқыпты орындауына қарай бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Мата қиындыларымен жұмыс. Тәрбие.орг сайтынан қиықтардан құрақ түрлерін құрау Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нысанбекова Айгуль Болатовна

ОҚО Бәйдібек ауданы Екпінді ауылы "Қ.Бәйменов атындағы жалпы орта мектеп" МКМ-сі технология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 353 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar