Кебеже және асадал

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 885
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 13/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21002


Кебеже және асадал.
Амалбекова Айсулу
Бейнеу ауданы.
Абай атындағы орта мектебі.

Еңбекке баулу.
Сабақтың тақырыбы: Кебеже және асадал.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлттық бұйымдары туралы түсінік беру. Киіз үй жиһаздары жайлы және оның пайдасы жөніндегі білімдерін нығайту.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Ой-өрісін, өздігінен іздену қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, ұлттық салт-санамызды құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ойын элементтері, сызба.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып дайындығын тексеру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап.
1. Жүкаяқ неше бөліктен тұрады?
Жауабы: Алдыңғы және жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4 – 5 шабақ ағаш және тіреуіштер.
2. Сандықтың неше түрі бар?
Жауабы: Абажа, әбдіре және қобдиша.
3. Жүкаяқ қанша түрге бөлінеді?
Жауабы: Жасалу әдісіне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.
4. Жүкаяқты қандай мақсатта қолданады?
Жауабы: Қайқы бас жүкаяққа төсек – орын жинайды. Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады.
5. Шеберлер жүкаяқ бетін қалай әшекейлейді?
Жауабы: Жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйектермен әшекейлейді.
6. Жүкаяққа тіреуіштер не үшін қажет?
Жауабы: Жүкаяқтың аяқтары қозғалмас үшін тіреуіштер бекітіледі.
7. Адалбақан дегеніміз не?
Жауабы: Киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қоятын жабдық. Ол киіз үйді құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді.
Мал шаруашылығымен айналысып көшпелі өмір сүретін ел үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ол тез жиналып, көлікке артып көше беруге, шапшаң тігуге лайықты жасалған. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгереді.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда дұрыс жауап беріп, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды осы киіз үймен бағалайтын боламыз.
ІІ Сөзжұмбақ уақыты:
-Ал енді балалар «Гүлзар» ойыны арқылы «Сөзжұмбақ» шешіп көрейік. Гүл атауын айтып, гүлге жасырынған тапсырманы тауып, жауабын айту.

ІІІ Жаңа сабақ: Ауызекі түсіндіру.
Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық – түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалатын сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандыққа ұқсас болғанымен, жасалу жолы өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады. Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан-жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді.
Кебеже бетін өрнектелген сүйекпен жапсырмалағанда көбіне «жыланкөз», «сынық сызық», «қос белбеу» сияқты өрнектерді пайдаланады.
«Асадал» - асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс – аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды.
Қазіргі заманда ыдыс – аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
Топтастыру стратегиясы: «Кебеже мен асадал»
ІV Сабақты пысықтау: -Кебеженің тұрмыста атқаратын қызметі қандай?
-Асадалды тұрмыста қандай қызметке пайдаланамыз? Асадал мен кебеже қандай материалдан жасалады?
V Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру: Қатырма қағаздан кебеже жасап келу. Тәрбие.орг сайтынан Кебеже және асадал Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амалбекова Айсулу

Пікірлер: 0

avatar