Киіз үйдің қаңқасы, киіздері және ішкі жасауы

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 1240
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 30/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18250


Технология 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: киіз үйдің қаңқасы, киіздері және ішкі жасауы.
Сабақтың мақсаты:
1. Киіз үйдің шығу тарихына шолу жасау, киіз үйдің қаңқасы, киіздері, олардың атаулары, ішкі жасауы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды төзімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақпен байланыстыру
Туған өлкенің көркем халықтық кәсіптерінің түрлері туралы оқушылар өз ойларын айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Андроновтар тұрғын үйін зерттей келе ғалымдар киіз үйдің қалай пайда болғанына болжам жасады. Бұл – көшпенділердің қарапайым көшіп – қонуға ыңғайлы тұрғын үйі.
Киіз үй – көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғын үйі. Киіз үйді қазақ халқының материалдық мәдениетінің үлкен жетістігі деп қарауға болады. Өйткені киіз үй тек баспана ғана емес, сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Оны бір жерден екінші жерге атпен немесе түйемен тасымалдауға, тез тігіп, тез жығуға болады. Сонымен қатар оның киіздерінен қыста суық өтпейді, жылуды сақтайды, жазда күннің ыстығын өткізбйді.
Киіз үй берік ағаштан жасалады (қайыңнан, талдан). Киіз үйдің сүйегін үйшілер жасайды. Қажетті ағаштар 6 ай, кейде бір жылдай көлеңкеде кептіріледі.
Киіз үйдің қаңқасы 4 бөліктен тұрады.
1. Қанат
2. Желі
3. Ерісі
4. Сағанақ, балашық
Желілерді тесіп, қайыстар арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды. Уық кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі.
Уық бөліктері:
1. Алақан
2. Иіні
3. Қары
4. Қаламы
Ол иінінен ішке қарай иіле жасалады да, үйдің күмбезі үлгісі осы уықтан басталады. Шаңырақтан және екі жаққа ашылатын есіктен тұрады. Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік – киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады.
Киіз үй жасау үшін қанаттары мен уықтары – тал, шаңырағына – қайың, есігіне – қарағай немесе қайың тақтайлар мен білеушелер қолданылады.
Киіз үйдің киіздері:
1. Туырлық
2. Үзік
3. Түндік
4. Іргелік
Киіз үйдің қажетті белгісінің бірі – кереге мен туырлық екі ортасында орналасқан өрнекті шым ши.
Мұндай шым шиды шөл қамыс – құрағынан жасайды.
Киіз үйдің іші:
1. Төр
2. Сол жақ
3. Оң жақ
4. От орны
Киіз үйдің ішінің жабдықтары:
1. Төсек ағаш
2. Кебеже
3. Сандық
4. Жүкаяқ
5. Адалбақан сияқты ағаштан жасалған жиһаздар.
Киізді үйдің ішіндегі ыдыс – аяқтар: қымыз сақтауға - саба, торсық,
қымыз құю үшін – ожау, шара, тостаған жәнеде металдан жасалған бұйымдар – мосы, құман т.б.
киіздер құр баулар арқылы ұсталады. Олар: туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау.

ІV. Сабақты бекіту:
1. Киіз үй қаңқасын неден жасайды?
2. Киіз үйді қандай ағаштан жасайды?
3. Туырлық, үзік, түндік дегеніміз не?
4. Киіз үй жиһаздарын атаңдар

V. Сабақты қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма реферат жазу

VІІ. Оқушыларды бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Киіз үйдің қаңқасы, киіздері және ішкі жасауы Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джумабекова Гулбану Кенесбаевна

Алматы облысы Текелі қаласы №8 ом МДШО технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar