Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қол тігісінің түрлері. «Жаңбыр жауғанда композициясын» кестелеу.
  • 17.05.2016
  • 678 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19036

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№127 Т.Бердияров жалпы орта мектебінің
технология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қол тігісінің түрлері. «Жаңбыр жауғанда композициясын» кестелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: математикалық кестелеуді үйрену. Оқушыға сәндік қолданбалы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Өз шығармашылық жұмыстарын көрсете білу, шеберліктерін, шыңдап ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыға гигиеналық талапқа сай тәрізде тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережеге мән беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі қолөнер, еңбек ету.

Сабақтың әдісі: топпен сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер, «Жаңбыр жауғанда композициясының» кестеленген көрнекілігі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу түгелдеу жоқтама жасау. Сабаққа дайындалу. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың жіппен бейнелеу жұмыстарын бағалау үшін қосымша сұрақтар береміз.
1- Жіпті керу тәсілі қалай орындалады?
2- Бұл тәсіл неге бейнелі тәсіл деп атайды?
Үй тапсырмасын сұрап тексеріп бағалау.
Берілген тақырып бойынша жаңа сабақ.
«Жаңбыр жауғанда композициясын» кестелеу.
Оқушыларға қолөнер туралы қорытынды сөздер.
Халқымыздың қолөнері еңбек арқылы көзге көрінеді.
Қол еңбегі әрқашан жоғары бағаланады.
Қазіргі кезде халық шығармашылығында жіппен бейнелеу, моншақпен тоқу, кесте тоқу, құрақ құрау өнерлері жаңаша сипат алуда. Бұл жұмыстардың барлағы білімділік нәзіктік, шыдамдық, қиял мен шеберлікті талап етеді.

Өтіліп жатқан сабағымыз бойынша кесте туралы мақал-мәтелдер өте көп.

Ал оқушылар қандай мақал мәтелдері білесіңдер?
Тақтаға мақал-мәтелдер плакат арқылы ілінеді.
1. Кестені көңіл сызады.
Көңілді қол сызады.
2. Әке көрген тон пішер
Шеше көрген кесте тігер.
3. Қыз еркім
Кестесімен көркім.
Кесте дегеніміз мата бетіне түскен сурет нұсқасын жіппен толтыру.
Біз бірінші, пайдаланатын кесте түрлерін еске түсіріп алайық.

Ілмек кесте

Шынжыр кесте
Пайдаланатын кесте түрлері

Сабақты кесте


Айқас кесте




Ал балалар жұмысты бастамай жатып ережелерге мұқият мән берейік.

1. Инені ауызға салмау керек.

2. Қайшыны қайшыламау керек.

3. Жұмыс орнын таза ұстау қажет.

Сабаққа қажетті материалдармен құрал-жабдықтар: мата, түрлі-түсті кесте, жіп, ине, карандаш, қайшы.

1. Бір ақ түсті шаршы матаны дайындап алып карандашпен ағаш суретін салып, сәндеп аламыз.

2. Жұмысты бастамай жатып «Жаңбыр жауғанжа композициясын» анықтап, үлгілерін қарап, қандай тігіс түрлерімен тігінделетіндігін анықтап тігіп аламыз.

3. Емен ағашының жапырақтарын жасыл жіппен шынжыр тігіспен кестелеп тігеміз.

4. Өсіп тұрған гүлдерді қызыл түспен, айқас тігіспен тігеміз.

5. Емен діңін қоңыр түсті жапырақтарын жасыл түспен, жыңбырды көгілдір түсті жіптермен кестелейміз.

6. Пайдаланып жатқан қолорамалымыздың шетін айналдыра қызыл жіппен сабақта, тігісті пайдаланып әдемілігін сәндеп тігіп шығамыз.

7. Кестелі қолорамалымызды бітіріп болған соң теріс бетін өңдеп кестелеген тігістерімізді үтіктеп шығамыз.

Ал балалар көрнекіліктегі кестелі беторамалды көріп тұрсыңдар.

Осы көрнекілікке мән беріп жұмысымызды бастасақ «жаңбыр жауғанда композициямыз» көрікті болып шығады

Оқушыларға кестені қалай тігу туралы айтып түсіндіріп, жұмысты бастаймыз.



Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру. Қауіпсіздік ережесін дұрыс ұстау арқылы «жаңбыр жауғанда композициясын» кестелеп тігуді жалғастыру. Тәрбие.орг сайтынан Қол тігісінің түрлері. «Жаңбыр жауғанда композициясын» кестелеу. Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тажикулова Айдын

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы №127 Т.Бердияров жалпы орта мектебі технология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 678 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar