Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Құрақтың түрлерімен таныстыру
  • 14.12.2016
  • 258 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20495

Құрақтың түрлерімен таныстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды құрақ түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру және құрақ қрау элементінің үлгісін дайындау, жасалу технологиясын үйрету;
Дамытушылық: құрақ құрайға геометриялық фигураларды пайдалана білуге және олады түрлендіруге өздігінен ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: халқының өнерін, салт- дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндірмелі, интеративті тақтамен жұмыс,
сарамандық, СТО технологиясы. .
Сабақтың көрнекілігі:инетерактивті тақта, құрақ түрлері, нұсқау картасы,
сызғыштар, материалдар /мата қиындылары/
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: құрақтар, ине, жіп, қаушы, сызғыштар,
материалдар /мата қиындылары/.
Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, сызу, бейнелеу, математика.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ қою арқылы)
1 – топ.
1. Бөлмені жиһаздаудағы барлық уақытта ескеретін «алтын қағида» не?
2. Жиһаз сатып алмастан бұрын нені ескереміз?
3. Түстердің адам өміріндегі маңызы.
4. Сары, қызғылт, қызыл түстердің ерекшелігі.
5. Бөлменің төбесі қандай түспен боялған дұрыс?
2 – топ.
1. Қазіргі заманғы пәтерлердегі жарықтандырудың мәселесін шешудің неше жолы бар?
2. Жалпы жарықтандыру қандай болуы крек?
3. Жергілікті жарықтандыру қайда, қалай орнатылады?
4. Балалар бөлмесінде қандай шамдарды пайдалану ыңғайлы?
5. Ас үйдегі жергілікті жарық қандай, қалай орнатылады?
Әр топ үй жиһаздары бойынша дайындаған шығармашылық жобаларын қорғайды (буклет, слад бойынша).
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Ой шақыру.
- Құрақ туралы не білесің?
- Құрақ дегеніміз не?
Мағынаны тану.
Қазақ халқының қолөнерінің ең көп тараған түрі – құрақ құрау. Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақ құрау ертеден келе жатқан өнердің түрі. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып, жаратып отырған, қазақ қолөнерінің өмірге келуі, оның көшпелі өмірімен тығыз байланысты. VII –VIII ғасырда үйшілік, ұсталық, XVIII ғасырда зергерлік, XVIII – XX ғасырда өрімшілік, тігіншілік, етікшілік т.б. пайда болды.
Орыс тілінде құрақ құрау өнерін «Лоскутное шитье» немесе «Мозайка» деп атайды. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «пэчворк» және «квилт» деп аталады. Жапаон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада да әр түрлі ұлт өкілдері тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.
Құрақ түрлері ел ішінде көп тараған (интерактивті тақтадан көрсету).
Құрақты тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне, қолдарба, түскиіз, аяққап, сандық жапқыш, көрпеге құрақ құрап салған. Қазіргі кезде құрақтан жастықтың тыстары, жейде, сүлгі, орындыққа, төсеніш жасауға болады. (слайд 2)
Құрақты құрамас бұрын ең бірінші, түстердің үйлесімділігі, екіншіден, мата бөлшектерінің сииетриялы болуын ескеру қажет. Яғни қолданылатын түстерді екі топқа бөлеміз: жылы және суық түстер. Түс шеңберінде бір – біріне қарсы тұрған түстерді қарама – қарсы түстер дейді. Олар қызыл – жасыл, сары – күлгін, көк – қоңыр т.б. Құрақ сәнді болу үшін әр түсті белгілі бір ретпен, тәртіппен орналастыру қажет. Құраққа пайдаланатын мата жұқа, қалыңдығына қарай біріңғай іріктелініп алынады.
Құрақ құрауда геометрифлық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, алты бұрыш, ромб жасай отырып біріктелген және бірнеше рет қайталау арқылы кездеседі.
Дәптермен жұмыс (тақырыбын жаздыру)
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.
Орыс тілінде құрақ құрау өнері – лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері – пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері – сашико
Сергіту сәті. «Мақал – сөздің мәйегі»
• Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,
• Таспаны үйренбесең өре алмайсың.
• Өнерлі болу – зейнеп, өнерсіз болу – бейнет.
• Ердің атын еңбек шығарады.
• Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Қауіпсіздік ережесін қайталау.
IV. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысқа кітіспес бұрын, алдымен компьютерде Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу. Екі топтан бір – бір оқушы шығарып құрақ үлгісін салдыру.
- Осы салған құрағың қалай аталады?
Енді, қағаздан құрақты құрауды үйренеміз. Ол үшін жобасын сызамыз. Жоба бойынша геометриялық пішімдерді түрлі түсті қағаздан қиямыз. Катон бетінде түстер үйлесімдерін келтіріп желімдеу (құрақ құрау технологиясының дайындау ретінде ұсыну)
V. Жаңа сабақты бекіту. Ой қорыту.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Қазіргі кезде қайда қолданылады?
3. Жапон тілінде құрақты қалай атайды?
4. Ағылшын тілінде құрақты қалай атайды?
5. Орыс тілінде құрақты қалай атайды?
6. Қандай геометриялық фигуралар құралады?
Ізгілендіру диаграммасы
Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?



VІ. Үйге тапсырма:
40х40 см үш түрлі мата, құрал – жабдықтарды әкелу.
VІІ. Оқушыларды бағалау

№18 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі
коммуаналдық мемлекеттік мекемесі
Технология пән мұғалімі: Амиреева Аякөз Ергешбаевна
Сыныбы: 7 Тәрбие.орг сайтынан Құрақтың түрлерімен таныстыру Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амреева Аягөз

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі технология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар | Логин: zhuldyz-saparbaeva | Ілмек сөздер: таныстыру, түрлерімен, Технологиядан ашық сабақтар, Құрақтың
Көрсетілім: 258 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar