Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Сегіз жапырақ» құрағын құрау әдісі
  • 08.12.2016
  • 104 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20423

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (51.0Kb)

«Сегіз жапырақ» құрағын құрау әдісі
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды ұлттық қолөнерге, шеберлікке баулу;
• Құрақты бұйымдар тігуге, үлгі әзірлеуге, тігу тәсілдеріне бағыт беру;
• Оқушылардың ой – өрісін дамыту, түстердің үйлесімділіг таңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың білімділігі:
• Әр баланың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін, мата түсін ажырата білуге, қайшыны, инені пайдалануда қауіпсіздік техникалық ережесін сақтау жолдарын айта отырып, сабақты жалғастыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
• Құрақ құрау барысында қыздарды әсемдікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемділікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:
• Сұрақ – жауап, көрсету, баяндау, көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:слайд, әр түрлі құрақ сызбалары, құрақ жиынтық
альбом, 40х40см 2 дайын тігілген жастықша, түрлі
қағаздардан дайындалған үлгілері, нұсқау картасының
сызбасы.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар:
• Инерактивтік тақта, электрондық маркер, қарындаш, түрлі түсті қағаз, қайшы, құрақ, құрақ үлгілері, технологиялық нұсқау картасы, маталар қиындысы, ине – жіптер.
Пәнаралық байланыс:
• Геометрия, сызу, тарих, әдебиет пәндері.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты қайталау (сұрақ – жауап арқылы):
- Құрақтың қандай түрлерінбілесіңдер?
- Үйлеріңде құралған көрпеше, жастықшалар бар ма?
- Құрақты кімдер құрайды?
- Құрақ қандай маталардан құралады?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де жасаған. Ертедігі шеберлер геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білгендігін оқушыларға үлгі етіп, ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын айтып кетемін.
Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бір де бір қазақтың үйі жоқ екендігін бәрімізге мәлім.
«Сегіз жапырақ» құрағын құрау әдісі:
- Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екендігін ескертемін.
- Құрақ құрағанда мата таңдау және мата түстері туралы ұлттық ұғымдарды айтамын.
Қызыл түс – гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді; сары түс – күннің белгісін білдіреді; көк түс – аспанның, судан белгісін білдіреді; жасыл түс – даланың көк шөбінің, жердің белгісі.
«Сегіз жапырақ» құрылады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындап аламыз. (интерактивтік тақтада слайд арқылы суретін көрсетемін).
Дайындап алған үлгілерді мата бетіне түсіріп, қырқып алынады. Екі жапырақша бөліктерін бір – бірімен беттестіріп, тігін машинасында тігеді. Жапырақшаларды екі – екіден тігіп алу қажет. Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан жағындағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз (беттестіріп тігу жолдарын интерактивтік тақтадан слайд арқылы көрсетемін).
«Сегіз жапырақ» құрағын құрау әдісінің нұсқау картасын оқушылармен бірігіп құраймыз.
Оқушыларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақ үлгілерін таратып беріп, «сегіз жапырақ» құрағын құрастырамын (әр оқушы түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады).
Әр оқушыға нұсқау картасының сызбасын таратып беремін де, оқушыларды біртіндеп тақтаға электрондық маркер арқылы жазып толтырады.
Нұсқау картасын толтырта отырып қауіпсіздік ережелерін қайталап, естеріне сала кетемін.
Сарамандық жұмыс:
Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу.
Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу.
Екі жапырақты бір – бірімен беттестіріп тігу.
Қалған жапырақтарды бір – бірімен қосып тігу.
Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан – жағындағы бөліктерін келтіріп тігу.
Оқушылар әкелген маталарын үтіктеп дайындайды. Үтікпен жұмыс істемес бұрын қауіпсіздік ережін еске түсіріп, қайталап өтеміз. Алдымен үтіктің дұрыстығын өзім тексеремін. Оқушылар дайындалған нұсқау карталары бойынша «сегіз жапырақ» құрағын тікпес бұрын көктеу тігісінің пайдалану орындары және түрлері қолданылады. Тігіс кезінде ескертетін жағдай әр бөлікті бекіткен сайын жатқызып үтіктеу қажет.
Келесі жұмыс бөлігінде құрақтың астары өлшеніп, қырқылады, көктеледі. Квадрат формалары көрпешенің бұрыштарын тігуді доғалдап жіберген ыңғайлы болатынын көрсету керек. Бір жақ қабырғасы жиек жағынан 20 см –дей астарға бекітілмей, аудару үшін қалдыру керектігін ескертемін. Көрпешеміз жұмсақ болуы үшін арасына мақта саламыз.

Сабақтың қорытындысы:
Құрақ – қазақ халқының тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік. Үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдаланудағы үнемділігін, күнделікті тұтынатын төсеніш екенін меңгердік.

Қорытынды сұрақтар:
- Ұлттық үйлесім бойынша қаншы түсті білесіңдер?
- Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын Тәрбие.орг сайтынан «Сегіз жапырақ» құрағын құрау әдісі Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амреева Аягөз Ергешбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ технология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар | Логин: zhuldyz-saparbaeva | Ілмек сөздер: жапырақ, Технологиядан ашық сабақтар, Сегіз
Көрсетілім: 104 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar