• Шығармашылық жоба және тақырып таңдау

  • Жүктеулер: 21
  • Көрсетілім: 908
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 05/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22754


• Сабақтың тақырыбы:
• Шығармашылық жоба және тақырып таңдау. 9 сынып қыз балалар.
• Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.
• Сабақтың білімділігі: Оқушыларға шығармашылық жоба туралы түсінік беру,тақырыпты дұрыс таңдай білуге үйрету.
• Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана алуға үйрету. Танымдық, ісмерлік қабілеттерін дамыту.
• Сабақтың көрнекілігі: слайд, бүктемелер, дайын бұйымдар.
I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылар екі топқа бөлініп отырады, топтың атын қояды, топ басшысын сайлайды. Психологиялық ахуал.
II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Кәсіпкерлік дегеніміз не? Кәсіпкерліктің түрлері? Бизнес түрлерін, артықшылық, кемшіліктері мен құндылықтарын атап шығыңдар. Кіріс дегеніміз не? Бизнес жоспар дегеніміз не? Бизнес жоспардың негізгі тармақтары ?
III. Жаңа сабақты баяндау. Жаңа сабақ бойынша топқа сұрақтар қойылады.
Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады. Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.
Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.
Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, модельдеу, қолөнер, интерьер т.б. зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.
Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.
Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а) берілген бұйым кімге арналған
б) арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киімді жобалау керек
3. Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4. Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі:
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту:
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Қорытынды саты: Тақырып таңдалып, таңдалған тақырып бойынша негіздеу, орындалу ретін айтып түсіндіру. Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.
Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, миллиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш қажет.
Қорытынды саты:
1.1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.
1.2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.
IY. Топтарға тапсырмалар беру. Кері байланыс. Әр жауап смайликтер бойынша ұпай ретінде беріледі де, сабақ соңында саналады.
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» видеоролигін көрсетіп, жаттығу жасатамын.
Қорытынды. Бағалау. Екі топ бірін бірі бағалайды.
Y. Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу Тәрбие.орг сайтынан • Шығармашылық жоба және тақырып таңдау Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мақаш Бақытгүл Адырбекқызы

ОҚО Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Жамбыл атындағы мектеп-лицей технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar