Тігін машинасы

  • Жүктеулер: 182
  • Көрсетілім: 399
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 20/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23108


БҚО, Орал қаласы
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған
балаларға арналған мектеп-интернат-кешенінің
технология пәні мұғалімі
Сарсенова Назерке Бактыгалиевна

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасы
Сабақтың мақсаттары:
Коррекциялық – білімділігі: тігін машинасы тарихымен таныстыру.
Коррекциялық – дамытушылығы: тігін машинасы туралы білімдерін қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Коррекциялық-тәрбиелігі: икемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сөздік: тігін машинасы, өндірістік, тұрмыстық.
Құралдар: кітап, тігін машинасы, мата, жіп, қайшы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Амандасу
- Сабаққа дайындау.
Тіл жаттығулары:
- Қазір қандай сабақ?
- Бүгін ауа райы қалай?
- Бүгін аптаның қай күні?
Жаңа сабақ.
Тігін машинасы – бұйым бөлшектерін тігін жіптері арқылы біріктіруге арналған құрылғы. Алғашқыда қолжетікті, содан соң аяқжетікті тігін машиналары пайда болған. Тігін машиналары өндірістік және тұрмыстық болып бөлінеді. Қазіргі кездегі тігін машиналарының басты артықшылығы – тігу жылдамдығы. Одан басқа киімдерді тігуде тігін машиналары негізгі технологиялық құрал болып табылады. Қазіргі заманғы тұрмыстық тігін машиналарының басым көпшілігі электржетекті және бағдарламамен жабдықталған. Тұрмыстық тігін машиналары құрылысына, техникалық мүмкіндігіне қарай әртүрлі. Алайда олардың құрылысы жөндеу мен пайдалану ережелерінде көп ортақ тұстары бар.

Сарамандық жұмыс.
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-Түзу отыру.
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
Тұрмыстық тігін машинасымен таныстыру

Суреттен тігін машинасының құрылысымен танысайық. Кейін сол суретке қарап отырып, мата қиындыларына алғашқы тігістерді жүргізіп үйренеміз.
Тігіс жүргізгенде міндетті түрде тігісті бекіту қажет.
Бекіту.
1. Тігін машинасы дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3. Тігін машинасы не үшін қажет?

Қорытынды.
1. Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
2. Не үйрендік?
3. Қандай жаңа сөздермен таныстық? Тәрбие.орг сайтынан Тігін машинасы Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарсенова Назерке Бактыгалиевна

Орал қаласы Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar