Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тік белдемешенің шығу тарихы
  • 01.10.2016
  • 300 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19564

Тақырыбы: Тік белдемшнің шығу тарихы.Белдемше эскизін салу.
Мақсаты:
1) Білімділік:оқушыларды белдемшенінің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру.Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімдді сипаттауды үйрету;
2) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
3) Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірме, көрнекіліктік.
Көрнекілігі:дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд.
Техникалық құралдар: компьютер,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Технология» оқулық 6 сынып
2. «Технология» оқыту әдістемесі 6 сынып
3. «Технология» дидактикалық материалдар 6 сынып
4. «Меқтептегі технология» әдістемелік журнал №11/2010 жыл
Сабақ жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
VI Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Сарамандық жұмыс
VІІ. Қорытынды
VIII. Жұмыс орнын жинастыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (графикалық диктант арқылы).
Сұрақ жауабымен келіссе «Иә +» , келіспесе «жоқ - » белгілейді.
1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. ( +)
2. Іс тігушімен машина столының ара-қашықтығы 16-20 см. болу керек.( - )
3. Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек. ( +)
4. Ине майысқан: ине сынады, жіп үзіледі, тістері босатылады.(+)
5. Ине негізі төрт бөліктен тұрады.( - )
6. Қалың мата тігу үшін № 90 инені қолдану керек.( - )
7. Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.( - )
8. Ине дұрыс егелмеген: жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады. ( + )
9. Қол машинасымен аяқ машинасының сабақталуы бірдей емес. ( - )
10. Орындық машина инесіне қарама –қарсы тұруы керек. (+)

Оқушылар графикалық диктант жазып болғаннан кейін жауап парақтарын бір-бірімен алмастырады. Сол кезде тақтаға графикалық диктанттың дұрыс жауабы слайд арқылы шығарамын. Оқушылар жұмысты тексеріп шығады, бағалау рейтенгісі арқылы үй жұмысын өздері бағалайды.
ІІІ.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Итерактивті тақтада белдемше суреттеріні жасырып, бетіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Белдемшенің шығу тарихы
Белдемше - әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын - сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір - біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді; Белдемше — үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі - түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді.
Стиль түрлері
• Классикалық
• Романтикалық
• Спортық
• Фольклорлық ( этникалық)
Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар - белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, қиықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы. Кез келген киімнің пішімін жасаудың бірнеше түрі бар. Олар дәстүрлі сызба, сән журналынан сызба алу және компьютерлік бағдарлама арқылы киім сызбасын жасау.
Әр ғасырдағы белдемше суреттерін слайд арқылы көрсетемін.



Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмның бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша- тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті- жиырылған немесе қатпарлы болады.







Мата таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда жазда салқын түстегі ( ақ, көк, көгілдір) , жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.

V . Жаңа сабақты бекіту.



Сәйкестендіру тесті



Тақтаға белдемше түрлерін жазып қоямын. Араласып жатқан белдемше суреттерінен әр белдемше қатарына іледі.
Интерактивті тақтада түрлі белдемшелердің суреттерін шығарамын, суреттердің арттарына бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар жасырылған(гиперссылкамен). Тақтадағы суреттің біреуін таңдап, қаламмен түртсе сұрақ шығады. Сұрақтарға жауап беру.
1. Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді ?
2. Пішіміне қарай қалай аталады ?
3. Киімге қандай талаптар қойылады ?
4. Конустық белдемше қалай пішіледі ?
5. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады ?
6. Жылы түстерге қайсы түстер жатады ?
7. Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды ?

VІ. Сарамандық жұмыс.
Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу.
VIІ. Қорытынды.
1. Жақсы салынған эскиздерді көрсету(), мадақтау.
2. Бағалау. Бағаларын күнделікке қойып беру.
3. Үйге тапсырма беру.
4. «Әр түрлі белдемшелердің суреттерінен буклет жасау»
VII. Жұмыс орнын жинастыру. Тәрбие.орг сайтынан Тік белдемешенің шығу тарихы Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әбдиева Шырайлым Мейрамбекқызы

ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясы Технология мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 300 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar