Тік белдемшенің үлгісін дайындау, матаға салып пішу.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1521
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 15/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17933


Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшенің үлгісін дайындау,
матаға салып пішу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : оқушыларға тік белдемшенің бөліктерін өңдеу технологиясы арқылы білімдерін бекіту, пішу, тігу және өңдеу технологиясының тәсілдерін үйрету;
2.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету;
3.Тәрбиелік: білімдерін тереңдету, теориялық алған білімдерін сарамандық жұмыспен дамыту, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: мата түрлері, дайын үлгі, тақырыптық суреттер.
Қажетті құралдар: қайшы, ине, жіп, түйреуіш, бор, үлгі.
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу
Оқушы дайындығын тексеру
Оқушы назарын сабаққа аудару
Әр күніңді жымиюдан баста.
Сонда өз-өзіңе жақсы көңіл-күй сыйлайсың.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрап бағалау
«Тігін шеберханасына саяхат»
1.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
2.Қосымша өлшем не үшін алынады?
3.Белдемше қандай бөліктерден тұрады?
4.Белдемше қандай киім түріне жатады?
5.Белдемше сызбасын сызу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
6.Сызба не үшін сызылады?
7.1:4 Мш-ты сызғыш дегеніміз не, оны не үшін қолданылады?
8. Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді?
9. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Технология бойынша практикалық жұмыстарды орындау кезінде мыналарды есте сақтау қажет:
-матаны үнемдеп жұмсау
- санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау ,
- техника қауіпсіздігін, жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін сақтау,
қол және машина жұмыстарын сақтау, ылғалды-жылу өңдеу жүргізу.
Пішу
Матаны пішуге дайындау;
Пішім бөлшектерін матаға орналастыру;
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отыра, контуры бойынша сызып шығу;
Пішім бөлшектерін қиып шығу;

ІҮ. Сарамандық жұмыс :
Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Матаны төсемдеудің екі түрі
Бүктеп Жайып
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның ортасында тігіс,
я болмаса ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.

№ Жұмыстың орындалу реті
1 Матаның өңін ішіне алып, 2 қабаттап бүктеп, негізгі жіптің бағытына назар аудар
2 Үлгіні матаның өрнегін, суретін бақылай отырып орналастыр. Түйреуіштермен түйре. Үлгінің шетін сызып шық

3 Сызық бойынша үлгінің бөлшектерін тексеріп, тиісті қосымшаларды қалдырып, қайтадан қосымша сызық сыз
4 Қалдырылған әдіп сызығымен белдемше бөлігін қию. Қағаздан қиылған үлгі бөлшектерінен түйреуішті алып тастап, пішілген бөліктерді түйреу
5 Бұйымды кесу. Көшірме тігіспен нұсқа сызбасын салу, қымтырманы екінші жағына көшіріп салу
Ү. Сабақты бекіту. (Графикалық диктант арқылы)
Сұрақ жауабымен келіссе «Иә», келіспесе «жоқ» деп белгілейді.
1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. (иә)
2. Іс тігуші мен машина столының арақашықтығы 16-20 см болу керек.(жоқ)
3. Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек.(иә)
4. Ине негізі төрт бөліктен тұрады.( жоқ)
5. Ине майысқанда ине сынады, жіп ұзіледі, тістері босатылады.( иә)
6. Қалың мата тігу үшін № 90 инені қолдану керек.( жоқ)
7. Маховик тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек.( иә)
8. Машина іске қосылмай тұрғанда қысу табаны түсіп тұрады.( жоқ)
9. Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.( жоқ)
10. Аяқ машинасының ең керек деталі аяқ жетегі.( иә)
11. Ине дұрыс егелмегенде жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады.( иә)
12.Қол машинасы мен аяқ машинасының сабақталуы бірдей емес.( жоқ)
13.Қайыққа шөрік дұрыс кигізілсе, сағат тіліне қарсы айналады.( иә)
14. Орындық машина инесіне қарама-қарсы тұруы керек.( иә)
15. Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін, жіп 10-15 см шығып тұруы керек. (иә)
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Сабақтан алған әсерлерің қандай, не үйрендіңдер?
ҮІІ.Үйге тапсырма:
Үйден оқушы өз бетінше тік белдемше бөліктерін көктеп тігіп келу.
Абдраман Бейбіт Дулатқызы

Технология пәнінің мұғалімі

№ 96 Қарасақал Ерімбет атындағы мектеп

Бозкөл ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы Тәрбие.орг сайтынан Тік белдемшенің үлгісін дайындау, матаға салып пішу. Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдраман Бейбіт Дулатқызы

Пікірлер: 0

avatar