Жұмсақ ойыншықтар тігу

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 572
  • Технологиядан ашық сабақтар
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20493


Жұмсақ ойыншықтар тігу
Сабақтың тақырыбы: қолтырауын, пингвин және аққу жұмсақ ойыншығын
тігу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жұмсақ ойыншықтарды тігуді үйрету.
Білімділігі: Оқушыларда жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру.
Жұмсақ ойыншықтарға мата таңдауды үйрету.
Тәрбиелілігі: жұмысты жоспарлай білуге, ұжымдылық жұмысты дұрыс
ұйымдастыруға, бір – біріне көмектесуге, қауіпсіздік ережесін
сақтауға, бастаған жұмысы аяғына дейін жеткізуді тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау, есте сақтау, саусақ қимылдарын
жетілдіру, алған білімін өз бетінше қолдана білуін
қадағалау.
Көрнекілік: жұмсақ ойыншықтар, ойыншық сызбалары, мата түрлері, қатты
қағаз, қарындаш, ине, жіп т.б.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, жаратылыстану.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушыларды түгелдеу;
Ә) жұмыс киім киюді қадағалау;
Б) керекті құрал – саймандарды дайындау.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
1. Матаның түстері қандай болады?
2. Жылы түстерге қандай түстер жатады?
3. Суық түстерге қандай түстер жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар біздер сендермен жұмсақ ойыншықтар тігуді үйренеміз. «Өнерінің алтыны қолыңда, байлығы жатыр жолында» дегеніміздей, ойыншықтар тігу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата қиындыларынан қолдануға болады.шаруаға асатын дүниені кесіп бүлдірудің қажеті шамалы. Ескі матаны, басқа да ұсақ – түйекті алдын ала тазартып, жуып – шайып алса болғаны. Мұндай іске кірісу үшін ең алдымен жұмыс барысында кәдеге асатын заттар мен құрал – саймандардың бәрін жинақтап алған жөн. Мысалы, алюминий сым, ойыншыққа беріктік үшін қажет. Енді бір естеріңде болатын нәрсе сақтық пен тазалық жайы. Инемен тігіс тіккенде оймақ қолдану керек. Қырқып, кесуге алмас қолдануға қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшы өткір болы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшыны ұзтаздарда құлағын жоғары қаратып,, ұшын өзіңі қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Инені ұзатарда үшын өзіңе қаратып, алушы кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккенде аузымен салушы болама.
7. Сынған инені тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.
Сарамандық жұмыс.
Қолдарыңызда бар матаға қарай, сызбаны үлкейтуге және кішірейтуге болады. Сызбалардың тұсында қанша дана болу қажет екені көрсетілген. Жұмсақ ойыншықтарды тігер алдында сіздер берілген сызбаларды қатты қағазға түсіріп алуларың қажет.
Қолтырауынды тігу үшін сізге жасыл түстес мата қажет. Тұмсығының ортасына қойылатын мата қызыл немесе басқа түстес мата, қөзі қызыл, домалағы қара болу қажет. Ішін мақтаға толтыруыңызға болад.
Аққудың тұлғасына ақ түсті мата, тұмсығы мен ескішіне қызыл мата (ескішіне қатты қағаз желімдеуіңіз қажет) көзі қара болады. Беріктік үшін мойнына сым қойылу қажет. Ішін мақтамен толтырасыз. Пингвиннің тұлғасына ақ мата, қанаты мен құйрығы, көзі басының арты мен жоғарғы жағы қара мата, тұмсығы мен ескіші (қатты қағазбен желімделеді) қызыл түсті болады. Беріктік үшін басы мен тұлғасының ортасына сым қойылады.
V. Сабақты бекіту.
1. Бүгінгі сабақта не жасадық?
2. Ойыншық тігу сіздерге ұнады ма?
VI. Үйге тапсырма. Сынып ішіндегі бітпеген жұмысты аяқтау. Өз беттеріңше ойыншықтардың сызбасын сызып келу.
VII. Оқушыларды бағалау. Жұмыс орнын жинастыру.

№18 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі
коммуаналдық мемлекеттік мекемесі
Технология пән мұғалімі: Амиреева Аякөз Ергешбаевна
Сыныбы: 6 Тәрбие.орг сайтынан Жұмсақ ойыншықтар тігу Технологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амреева Аягөз

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar