Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ауа – газдар қоспасы, ауаның ластануы, оны қорғау
  • 24.01.2017
  • 170 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21272

Сабақ: Ауа – газдар қоспасы, ауаның ластануы, оны қорғау. Мектебі: «Ғ.Махамбетов атындағы ЖОББМ» КММ
Күні: 20.01.2016ж Мұғалімнің есімі: Калыбаев Ораз Наурызбаевич
Сынып: 8а Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
Ауаның құрамындағы газдар туралы және ауаның ластануы, оны қорғау туралы түсінік беру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
А. Ауаның құрамын, ондағы газдардың массалық үлесін біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:
В. Ауаның ластану себептерін сипаттайды;
Кейбір оқушылар:
С. Ауаны ластанудан қорғау әдістерін ұсынады;
Тілдік мақсат Оқушылар:
Тақырыпты көркемдеп айтып үйренеді, мазмұнын өз сөзімен, еркін жеткізе біледі
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Кестелермен, сызбалармен жұмыс
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар (аудио тыңдалым)
«Көрінбейтін сиқыршы» ертегісін тыңдап талқылау,
Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)
«Ауа мөлдір болады» немесе «Жанып тұрған май шамдарға ауа қалай әсер етеді» деген пікірді дәлелдеуге болады
Жазылым бойынша ұсыныстар:
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Ауа сөзін үш тілде білу
Эссе жазу
Алдыңғы оқу Күкірт қышқылы
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Формативті бағалау (ОҮБ) Ресурстар
Басталуы

Кіріспе. Таныстырылым
(2 минут)
Ұйымдастыру
Топ жасақтау
Суреттер қиықтары үлестүріледі, қиықтарды құрастырғанда химиялық құралдардың суреттері алынады. Құрастырылған суреттер арқыл сынып 3 топқа бөлінеді. (стакан, құты, сынауық).
Үй тапсырмасын тексеру
Топтарға сұрақ:
І топқа:
1. Оттегі элементінің периодтық жүйедегі орны;
2. Оттегі сөзінің латынша аталуы, оның мағынасы;
3. Жану реакциясы дегеніміз не?
4. Фосфордың оттекте жануын айтып, химиялық теңдеуін жазып бер;
5. Адам ағзасында оттегі қанша пайыз кездеседі;
ІІ топқа:
1. Оттегінің физикалық қасиеттерін атаңыз;
2. Өнеркәсіпте оттегін неден және қалай алады;
3. Тотығу реакциясы дегеніміз не?
4. Көміртектің оттекте жануын түсіндіріп, теңдеуін жазып беріңіз;
5. Табиғатта, қоршаған ортада оттегі қатысында қандай реакциялар жүреді;
ІІІ топқа:
1. Оттегін алғаш қай жылы, қай елдің ғалымдары алды, кімдер;
2. Оксидтер дегеніміз не?
3. Табиғатта оттегін бөлетін қандай реакцияны білесіздер;
4. Калий перманганатынан зертханада оттегі алу жолын түсіндіріп, химиялық теңдеуін жазып беріңіз;
5. Жер қыртысында таралуы бойынша оттегі нешінші орында және қанша пайыз;
Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру. Оқушылар түсті қағаздарды көтеру арқылы есептерді шығарғандығын көрсетеді. Орындарынан дұрыстығын тексеріп өтемін.

Формативті бағалау

Мадақтау, қолпаштау

Бағдаршам әдісі арқылы, критерий бойынша топ ішілік бағалау
Сабақ жоспары парақшасы

Сурет қиындылары

Слайд

Дәптермен жұмыс
Ортасы

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Көрінбейтін сиқыршы» тақырыбында интерактивтік тақтадан аудио тыңдалым жіберіледі.
Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар. Оның әркім әркез кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің де, бірақ маңайда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде жүріп бара жатырсаң, жапырақтың жұлынып түсіп, жоғарылай жөнелгенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмейсің де. Күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды.
-Бұл не?
Ендеше жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Ауа – газдар қоспасы, ауаның ластануы, оны қорғау.
Бүгінгі күннің жады жазып, тақырыпты дәптерлерімізге түсірейік. Жаңа сабақты өз бетімен меңгеру үшін тақырыпты оқып шығуға уақыт беріледі,
Жаңа сабақ бойынша постер әзірлеу:
1)Постер шығару арқылы жаңа сабақты меңгерту.
1.Ауаның құрамы, Ауаны қалай сипаттай аласыңдар? Ауаның қасиеті қандай? Өсімдіктің пайдасы қандай?
2.Ауа қандай жолдармен ластанады деп ойлайсыңдар? Ауаны тағы нелер ластауы мүмкін? Адам ағзасының қай мүшесіне зиянын тигізеді?
3.Атмосфера ауасын ластанудан қорғау үшін не істеу қажет? Таза ауа қай жерлерде болады? Ауаның тазалығын сақтау үшін кәсіпорындардың мұржаларына не орнатылады? Бөлменің ауасы неліктен бұзылады? Таза ауада серуендегенде адамның көңіл-күйі қандай болады?
Тәжірибе 1:
Ортаға бір оқушыны шақырып, резеңке шарды үрлеу ауаға толтырады, оны екі бүйірінен қысады. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ауа сығылады. Ал қолымды жіберсем, серпіліп, орнына келеді. Енді шарды жерге немесе жарға ұрсақ, шар ыршып, секіріп жоғары көтеріледі. Демек серпіледі. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа. Балалар, шарды үрейік. Оны қысайық, жіберейік.
-Не байқадың?
-Демек, ауа, сығылады, серпіледі.
Тәжірибе 2:
Үш бірдей шамды жағып, біріншісін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қоямыз. Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде, ашық май шам жана береді. Қалғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады. Әуелі стакан жабылған шам, сосын банка жабылған шам сөнеді, неліктен. Жануды қолдау ауаның маңызды қасиеті.
2)Есептер шығару:
І топқа:
А. Төмендегі қосылыстардан биэлементті қосылыстарды теріп жазып, атаңыздар: HCl, Ca(OH)2, CrO3, MgOHCl, H2S;
В. Төмендегі окситердегі оттегі элементінің массалық үлесін анықтаңыздар: CaO, Fe2O3, K2O
С.Теңдеу бойынша 6,2 грамм фосфор тотығу үшін оттегінің қанша грамы қажет?
ІІ топқа
А. Марганецтің ІІ, ІҮ және ҮІІ валентті оксидтерінің формулаларын құрып, грекше санау бойынша атаңыз;
В. Алюминидің, кальцийдің және литийдің оттекте жану теңдеулерін құрып, теңестіріңіз;
С.Теңдеу бойынша 11,2 грамм темір оттегі қатысында тотыққанда түзілетін темір қағының массасын есептеңіз;
ІІІ топқа
А. Төмендегі оксидтерді валенттіліктері өсу ретімен орналастырып, сәйкесінше атаңыз; N2O5, SO3, Li2O, CO2, P2O3;
В. Берілген реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңіз: a)N2+…..=N2O3; b) Ca+O2=….. c) ….+Cl2=AlCl3;
С. Көмірдің 24 г жағу үшін қажетті оттектің массасын анықтаңдар.
Шығармашылық жұмыс:
І топқа «Бес жолды өлең» құрастыру.
1.Не?
2.Қандай?
3.Не істейді?
4.Сөйлем.
5.Синоним.
ІІ топқа «Ауа» ассоциация құру.
ІІІ топқа «Ауа туралы мақал-мәтелдер» айту.

Жарайсың

Критерий арқылы, топтық бағалау

Мадақтау,

Критерий арқылы
А-1 ұпай;
В-2 ұпай;
С-3 ұпай;

Топтық, топ ішілік критерий бойынша
Аудио тыңдалым

Постер қағаздары, бояулар, т.б

Шар, жіп, май шам, стакан, сіріңке т.б

Деңгейлік тапсырмалар

Парақшалар, бояулар т.б.
Аяқталуы Рефлекция (кері байланыс) сабақтан алған әсерлері бойынша ағаштағ орыным ойыны ойнатылады. Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, ағаштағы өздері таңдаған орындарға жапсырады.

Топ басшылары сабақ бойынша алған ұпайларын жинастырып, мектеп бағасына айналдырады, бағалауға коментарий береді.
Үйге тапсырма беріледі.
Қоштасу, сабақты аяқтау

Критерий арқылы, топтық бағалау

Ағашы, стикерлер

Бағалау парағы
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

№ Оқушылардың аты-жөні Үй тапсырмасын тексеру Жаңа материалды меңгеру Жаңа материалды бекіту Жалпы ұпайы Мектеп бағасы
Сұрақ - жауап Үй есептерінің шығарылуы Постер әзірлеу Есептер шығару Шығармашылық жұмыс
1
2
3
4
5

Бағалау критерийлері
Блум Сабақ әдістері Критерий Жоғарғы ұпай
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ - жауап Белсенді-3; Орташа-2; Төмен -1 3
Үй есептерінің шығарылуы Тапсырма толық дұрыс -3; Жартылай дұрыс-2;
Тапсырманы орындауға кірісті, бірақ аяқтай алмады-1; 3
Жаңа материалды меңгеру
Постер әзірлеу Өз ойын білдірді-1; Өз ойын білдірді және оны фостерге түсірді -2; Өз ойын білдірді, оны фостерге түсірді және қорғады -3 3
Тәжірибе
Жаңа материалды бекіту Есептер шығару А-1; В-2; С-3; 3
Шығармашылық жұмыс Белсенді-3; Орташа-2; Төмен-1; 3
Қорытындылау Мектеп бағасына айналдыру 13-15 ұпай –«5»
12-9 ұпай –«4»
8-5 ұпай –«3» 15

САБАҚ ЖОСПАРЫ
№ Сабақ бөлімдері Сабақ кезеңдері мен әдістері Уақыты
Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, топ жасақтау т.б. 3 минут
1 Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ - жауап 10 минут
Үй есептерін тексеру Бағадаршам әдісі арқылы өзін-өзі бағалау 2 минут
2 Постер әзірлеу Жаңа материалды меңгеру (Постер әзірлеу): «Ойлан. Жұптас. Бөліс», 15 минут
3 Тәжірибе Ауаның қасиеттерін зерттеу, дәлелдеу 3 минут
4 Жаттығулар орындау Деңгейлік тапсырмалар орындау 6 минут
5 Шығармашылық жұмыс Кері байланыс: «Бес жолды өлең», «Мақал - мәтел», «Ассоциация» 3 минут
6 Бағалау Сабақты бағалау 2 минут
Қорытынды Үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау 1 минут

І топқа:
А. Төмендегі қосылыстардан биэлементті қосылыстарды теріп жазып, атаңыздар:
HCl, Ca(OH)2, CrO3, MgOHCl, H2S;
В. Төмендегі окситердегі оттегі элементінің массалық үлесін анықтаңыздар:
CaO, Fe2O3, K2O
С.Теңдеу бойынша 6,2 грамм фосфор тотығу үшін оттегінің қанша грамы қажет?

ІІ топқа
А. Марганецтің ІІ, ІҮ және ҮІІ валентті оксидтерінің формулаларын құрып, грекше санау бойынша атаңыз;
В. Алюминидің, кальцийдің және литийдің оттекте жану теңдеулерін құрып, теңестіріңіз;
С.Теңдеу бойынша 11,2 грамм темір оттегі қатысында тотыққанда түзілетін темір қағының массасын есептеңіз;
ІІІ топқа
А. Төмендегі оксидтерді валенттіліктері өсу ретімен орналастырып, сәйкесінше атаңыз;
N2O5, SO3, Li2O, CO2, P2O3;
В. Берілген реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңіз:
a)N2+…..=N2O3; b) Ca+O2=….. c) ….+Cl2=AlCl3;
С. Көмірдің 24 г жағу үшін қажетті оттектің массасын анықтаңдар.

І топқа:
А. Төмендегі қосылыстардан биэлементті қосылыстарды теріп жазып, атаңыздар:
HCl, Ca(OH)2, CrO3, MgOHCl, H2S;
В. Төмендегі окситердегі оттегі элементінің массалық үлесін анықтаңыздар:
CaO, Fe2O3, K2O
С.Теңдеу бойынша 6,2 грамм фосфор тотығу үшін оттегінің қанша грамы қажет?

ІІ топқа
А. Марганецтің ІІ, ІҮ және ҮІІ валентті оксидтерінің формулаларын құрып, грекше санау бойынша атаңыз;
В. Алюминидің, кальцийдің және литийдің оттекте жану теңдеулерін құрып, теңестіріңіз;
С.Теңдеу бойынша 11,2 грамм темір оттегі қатысында тотыққанда түзілетін темір қағының массасын есептеңіз;
ІІІ топқа
А. Төмендегі оксидтерді валенттіліктері өсу ретімен орналастырып, сәйкесінше атаңыз;
N2O5, SO3, Li2O, CO2, P2O3;
В. Берілген реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңіз:
a)N2+…..=N2O3; b) Ca+O2=….. c) ….+Cl2=AlCl3;
С. Көмірдің 24 г жағу үшін қажетті оттектің массасын анықтаңдар.

1.Ауаның құрамы, Ауаны қалай сипаттай аласыңдар? Ауаның қасиеті қандай? Өсімдіктің пайдасы қандай?

2.Ауа қандай жолдармен ластанады деп ойлайсыңдар? Ауаны тағы нелер ластауы мүмкін? Адам ағзасының қай мүшесіне зиянын тигізеді?

3.Атмосфера ауасын ластанудан қорғау үшін не істеу қажет? Таза ауа қай жерлерде болады? Ауаның тазалығын сақтау үшін кәсіпорындардың мұржаларына не орнатылады? Бөлменің ауасы неліктен бұзылады? Таза ауада серуендегенде адамның көңіл-күйі қандай болады?

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

№ Оқушылардың аты-жөні Үй тапсырмасын тексеру Жаңа материалды меңгеру Жаңа материалды бекіту Жалпы ұпайы Мектеп бағасы
Сұрақ - жауап Үй есептерінің шығарылуы Постер әзірлеу Есептер шығару Шығармашылық жұмыс
1
2
3
4
5

Бағалау критерийлері
Блум Сабақ әдістері Критерий Жоғарғы ұпай
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ - жауап Белсенді-3;
Орташа-2;
Төмен -1 3
Үй есептерінің шығарылуы Тапсырма толық дұрыс -3;
Жартылай дұрыс-2;
Тапсырманы орындауға кірісті, бірақ аяқтай алмады-1; 3
Жаңа материалды меңгеру
Постер әзірлеу Өз ойын білдірді-1;
Өз ойын білдірді және оны фостерге түсірді -2;
Өз ойын білдірді, оны фостерге түсірді және қорғады -3 3
Тәжірибе
Жаңа материалды бекіту Есептер шығару А-1;
В-2;
С-3; 3
Шығармашылық жұмыс Белсенді-3;
Орташа-2;
Төмен-1; 3
Қорытындылау Мектеп бағасына айналдыру 13-15 ұпай –«5»
12-9 ұпай –«4»
8-5 ұпай –«3» 15

САБАҚ ЖОСПАРЫ
№ Сабақ бөлімдері Сабақ кезеңдері мен әдістері Уақыты
Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, топ жасақтау т.б. 3 минут
1 Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ - жауап 10 минут
Үй есептерін тексеру Бағадаршам әдісі арқылы өзін-өзі бағалау 2 минут
2 Постер әзірлеу Жаңа материалды меңгеру (Постер әзірлеу): «Ойлан. Жұптас. Бөліс», 15 минут
3 Тәжірибе Ауаның қасиеттерін зерттеу, дәлелдеу 3 минут
4 Жаттығулар орындау Деңгейлік тапсырмалар орындау 6 минут
5 Шығармашылық жұмыс Кері байланыс: «Бес жолды өлең», «Мақал-мәтел», «Ассоциация» 3 минут
6 Бағалау Сабақты бағалау 2 минут
Қорытынды Үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау 1 минут Тәрбие.орг сайтынан Ауа – газдар қоспасы, ауаның ластануы, оны қорғау Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калыбаев Ораз Наурызбаевич

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: ауаның, газдар, Химиядан ашық сабақтар, қорғау, қоспасы, оны, Ауа, ластануы
Көрсетілім: 170 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar