Авогадро заңы

  • Жүктеулер: 24
  • Көрсетілім: 572
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 20/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23547


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сынып: 8«А»
Күні: 07.12.2017
Сабақ тақырыбы: Авогадро заңы. Газдардың молдік көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары.
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Газдардың молярлық көлемі, Авогадро заңы, тығыздық жайлы ұғым беру
Сабақ мақсаттары: Білімділігі:
Оқушыларға интерактивті тақтаны пайдалана отырып химияның негізгі заңдарының бірі Авогадро заңы, сонымен қатар газдардың молярлық көлемі және газдардың салыстырмалы тығыздығы жайлы білім беру.
Дамытушылығы:
Қатысушылардың формулаларды пайдаланып есеп шығару арқылы ойлау жылдамдығын және ой өрісін дамыту
Тәрбиелілігі:
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларды қоршаған ортаға деген көзқарасын дамытып, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Тілдік міндеттер - Авогадро заңын тұжырымдай алады:
- Газ заңдары бойынша есептеулерді жүргізе алады:
Пәндік лексика және терминология:
- Газ
- Авогадро заңы
- Мольдік масса
- Мольдік көлем
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:
слайд, , , Виртуалды зертхана
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқыту ресурстары
1-3 мин

4-7 мин

Сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастыру.
Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырыпты қайталау: сұрақтардың түрлері, семантикалық карта, тест арқылы:
Кім жылдам?
1. Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
2. Жылу эффектісі дегеніміз не?
3. Жылу сіңіре жүретін реакциялар?
4. Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы қандай факторларға тәуелді болады?
5. «Эндо» және «экзо» қандай мағына береді?
6. Жанудың қалай тоқтату жағдайлары бар
7. Меншікті жану жылу дегеніміз не?

Семантикалық карта
қосылу Орын басу алм
су айрылу экзотермиялық эндотермиялық
2KClO3=2KCl+3O2
2Al+6HCl=2AlCl3+3H2
Ca(OH)2=CaO+H2O-Q
4P+5O2=2P2O5
S+O2=SO2+Q
BaCl2+H2SO4=Ba
SO4+2HCl


Жаңа сабақ (тақырыпты ашу



Виртуалды зертхана

Есептер шығару
Оқушыларға қысқаша мәлемет беру:

Сабақ барысында сайтыны пайдаланылатыны айтылып, ноутбуктарда сайтты ашып, келесі операцияларды жасау ұсынылады:
bilimland.kz → химия→ жалпы химия→ негізгі түсініктер → http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11138-avagadro_zangy_ideal_gaz_kui_ining_tengdeui

Зат мөлшерінің бірлігі –моль –сол заттың бір молекуласы 6,02∙1023 бөлшек саны болса оны Авогадро саны деп атайды. Егер Авогадро санына моль-1 бірлігін қосып жазса, онда Авогадро тұрақтысы деп аталатын (NА) әрпімен жазылады. Олай болса NА = 6,02∙1023 моль-1 атом болады. Авогадро санын есте сақтау керек. Авогадро санын заттың молекуласын табу үшін қолданады. Молекуланы (N) әрпімен белгілейді. Ол Авогадро санын зат мөлшеріне көбейткенге тең.
Формуласы N = ν ∙NА Барлық формулаларды немесе тұрақты санды есептер шығару үшін қолданады.

Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10985-gazdardyng_salystyrmaly_tyhyzdyhy

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10502-gazdarmen_zhumys_isteu

1. Зат мөлшері 2,5 моль кукіртті газдың массасын,көлемін және молекула санын есептеңдер

2. Темір үлгісінде 9,03*10 23 атом бар.Осы темір үлгісінің зат мөлшері мен массасын есептеңдер?

3. Хлорсутектің HCl 73 грамының зат мөлшері мен көлемі (қ..ж) қандай болады?
4. 2 моль көмірқышқыл газының CO2 массасын және көлемін (қ..ж) табыңдар?
Реакция теңдеулерін жүзеге асырыңдар:
A Br2 → HBr → NaBr → NaNO3
Б) Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → FeO
В) CaCO3 → CaO → CaC2 → C2H2
Г) Si→ SiO2 → Na2SiO3 → H2SiO3
Бекіту

1. Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?
2. Мына химиялық шамалар нені білдіреді?

3. Газдардың моьдік көлемі қалай өрнектеледі? Оның өлшем бірлігі қандай?


http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11138-avagadro_zangy_ideal_gaz_kui_ining_tengdeui

Бағалау: Тесттен алған ұпайларын қарап бағалау
Үйге тапсырма беріледі Тәрбие.орг сайтынан Авогадро заңы Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Торебекова Сания Сырлыбековна

Қарағанды облысы Балқаш қаласы ЖББ № 5 орта мектеп химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar